Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Visa және Halyk Қазақстандағы She’s Next жобасының 5-ші мерейтойлық толқынын іске қосады

admin by admin
5 марта, 2026
Visa және Halyk Қазақстандағы She’s Next жобасының 5-ші мерейтойлық толқынын іске қосады

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Visa мен Halyk әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға және дамытуға бағытталған She’s Next жаһандық бастамасының мерейтойлық бесінші толқыны Қазақстанда жақында іске қосылатынын хабарлады.

Байланысты

Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті

Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды

Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

2021 жылдан бастап бұл бастамаға Қазақстан мен Орталық Азиядан 40 000-нан астам әйел қатысты. Былтыр She’s Next жобасының төртінші толқынына қатысу үшін 16 000-нан астам кәсіпкер тіркелді, оның ішінде 2 000 әйел өз бизнес-жоспарларын сарапшылар комиссиясының бағалауына ұсынды. Нәтижесінде ең үздік жобасы бар 30 қатысушы финалға өтті.

Финалистер Алматы қаласында екі күндік She’s Next Camp бизнес-интенсивіне жиналды. Бірінші күннің бағдарламасы қазақстандық жетекші кәсіпкерлердің білім беру лекцияларын, топтық менторлық сессияларды және ойын-сауық бағдарламасын қамтыды. Екінші күні қатысушылар өз жобаларын Visa, Halyk, бизнес-қоғамдастық және креативті индустрия өкілдерінен құралған қазылар алқасының алдында қорғады. Жобаларды қорғау қорытындысы бойынша бизнесті дамытуға грант иеленген жеті жеңімпаз анықталып, марапатталды.

Бүгінгі таңда әйелдер кәсіпкерлігі экономикалық өсудің негізгі драйверлерінің бірі болып табылады. Әйелдер сауда, қызмет көрсету саласы, сұлулық индустриясы, қоғамдық тамақтану, білім беру жобаларын, сондай-ақ экологиялық және әлеуметтік бастамаларды белсенді дамытуда. Олар өңірлердің экономикасын нығайта отырып, тұрақты, технологиялық және қауымдастыққа бағытталған компанияларды жиі құруда. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметі бойынша, 2025 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанда шағын және орта бизнестің 1 миллионнан астам әйел басшысы тіркелген, бұл ШОБ жалпы санының 48,1%-ын құрайды[1].

She’s Next бастамасы мыңдаған әйелге білім, менторлық қолдау және қаржыландыру алуға көмектесіп үлгерді. Мерейтойлық бесінші толқында Visa мен Halyk кәсіпкер әйелдерге арналған мүмкіндіктерді кеңейтіп, дәстүрлі «Бастаушы бизнес», «Қолданыстағы бизнес» және «IT-бизнес» санаттарына жаңа «Инклюзивті бизнес» санатын қосуда. Бұл түрлі саладағы кәсіпкер әйелдер үшін грант алуға жаңа жол ашады.

«Halyk үшін әйелдер кәсіпкерлігін қолдау – бұл бір реттік шара емес, экономиканы дамытудың жүйелі стратегиясы. Қазіргі таңда Қазақстандағы шағын және орта бизнес нысандарының жартысына жуығы әйелдердің басқаруында. Әрбір осындай жобаның артында жаңа жұмыс орындары, тұрақты өңірлік қоғамдастықтар мен әлеуметтік жауапкершілік тұр. She’s Next аясындағы Visa-мен серіктестік білім беруді, менторлықты және қаржыландыруды біріктіретін бірегей мүмкіндіктер экожүйесінің қалыптасуына жол ашады. Соңғы жылдары жүздеген кәсіпкер әйел жеңілдетілген несие мен гранттық қолдауға ие болды, бұл олардың жобаларын жаңа деңгейге көтеруге септігін тигізді. Мерейтойлық бесінші толқында біз бұдан да көп әйелдің өз идеяларын іске асырып, ел экономикасының дамуына үлес қосуы үшін бағдарламаны кеңейтіп, «Инклюзивті бизнес» санатын қосып отырмыз. Еліміздің ең ірі банкі ретінде біздің міндетіміз – тек қаржыландыру ғана емес, біз кәсіпкерлердің дарыны, кәсібилігі мен батыл бастамалары өсу үшін қажетті нақты ресурстарға қол жеткізе алатын жағдайды жасауды көздейміз. Біз кәсіпкер әйелдерге салынған инвестиция – Қазақстанның тұрақты болашағына салынған инвестиция деп сенеміз», – деп атап өтті Halyk басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.

«She’s Next жаһандық бастамасы 2019 жылдан бері бүкіл әлемдегі, соның ішінде Қазақстандағы кәсіпкер әйелдердің басын қосып келеді. Halyk-пен серіктестікте біз төртінші жыл қатарынан білім беру, практикалық дағдылар мен қаржылай қолдау көрсету арқылы қатысушылардың жобаларын өсіруге және дамытуға жағдай жасап жатырмыз. Өткен жылдар ішінде 14 жеңімпаз жалпы сомасы 46,5 млн теңгеге грант ұтып алды, бұл оларға өз бизнесін бастауға және ауқымын кеңейтуге мүмкіндік берді. Биыл біз әрбір кәсіпкер қатысудан нақты пайда алып, табысқа сенімді қадам басуы үшін жаңа санаттар мен форматтарды қамтитын мерейтойлық бесінші толқынды іске қосамыз», – деп атап өтті Қазақстан мен Орталық Азиядағы Visa вице-президенті әрі өңірлік менеджері Санжар Сулейманов.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Барлық кәсіпкер әйелдерді, сондай-ақ өз бизнесін ашуды армандайтын жандарды жаңалықтардан хабардар болу үшін және Қазақстандағы бастаманың мерейтойлық бесінші толқыны басталғанын бірінші болып білу үшін біздің ресми She’s Next Telegram-арнамызға, сондай-ақ Visa мен Halyk әлеуметтік желілеріне жазылуға шақырамыз.

Visa компаниясы туралы

Visa (NYSE: V) – цифрлық төлемдер индустриясының әлемдік көшбасшысы. Visa тұтынушылар, бизнес, қаржылық және үкіметтік мекемелер арасындағы төлем транзакцияларын 200-ден астам елдерде және аумақтарда өңдейді. Біздің миссиямыз – инновациялық, ыңғайлы, сенімді әрі қауіпсіз төлем желісі арқылы әлемді біріктіру, сол арқылы тұтынушылардың әл-ауқатын арттыруға және бизнес пен экономиканың өркендеуіне жәрдемдесу. Біз экономикада барлығына қолжетімділікті кеңейту бүкіл әлемдегі адамдардың әл-ауқатының өсуіне көмектесетініне, болашақта жаһандық ақша қозғалысы үшін негіз болатындығына сенімдіміз. Толық ақпарат https://www.visa.com.kz/ сайтында.

Halyk туралы

Halyk – жиынтық активтері 20 трлн теңгеден асатын Қазақстанның ең ірі банкі. Банктің үлесіне ҚР экономикасының нақты секторын несиелеудің 50%-дан астамы тиесілі. Halyk Bank-тің клиенттік базасы ең ірі базалардың бірі болып табылады, оларға цифрлық арналар және бүкіл ел бойынша 540-тан астам бөлімшесі бар филиалдар желісі арқылы қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар, Halyk Bank өз қызметін Грузия мен Өзбекстанда жүзеге асырады. Halyk Bank шетелдік қатысуы жоқ коммерциялық банктер арасында ең жоғары кредиттік рейтингтерге ие (инвестициялық деңгейде: Moody’s – Baa1 / Fitch – BBB- / S&P – BBB-). Halyk Bank әйелдер кәсіпкерлігін белсенді түрде қолдайды: 2018 жылдан бастап Қазақстанның түрлі өңірлерінен 600-ден астам әйел 6–8%-бен 7 млрд теңгеден астам сомаға жеңілдетілген несие алды. Банк туралы толығырақ ақпаратты halykbank.kz сайтынан алуға болады. Halyk өзінің қайырымдылық қызметімен де кеңінен танымал. Соңғы 5 жылда банк пен Тимур Құлыбаевтың «Halyk» қайырымдылық қоры бүкіл ел бойынша әлеуметтік жобаларға шамамен 62 млрд теңге бағыттады.

[1] https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1125129?lang=kk

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Осы көктемде қазақстандық инвесторларды не күтіп тұр?

Келесі жаңалық

Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ марапаттарына ие болды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті
Категориясыз

Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті

9 мая, 2026
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды
Категориясыз

Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды

9 мая, 2026
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
Категориясыз

Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

9 мая, 2026
Meta, TikTok, Яндекс жəне басқа да платформалармен тікелей диалог: AMDG 2026 жылғы медиялық жəне видеожарнама бойынша конференция өткізеді
Категориясыз

Meta, TikTok, Яндекс жəне басқа да платформалармен тікелей диалог: AMDG 2026 жылғы медиялық жəне видеожарнама бойынша конференция өткізеді

8 мая, 2026
FlyArystan Алматыдан Қытайдың маңызды қалаларының бірі – Сианьға тікелей рейс ашады
Категориясыз

FlyArystan Алматыдан Қытайдың маңызды қалаларының бірі – Сианьға тікелей рейс ашады

8 мая, 2026
FlyArystan Қытаймен әуе байланысын күшейтеді: Ақтау – Үрімші жаңа рейсі
Категориясыз

FlyArystan Қытаймен әуе байланысын күшейтеді: Ақтау – Үрімші жаңа рейсі

8 мая, 2026
Келесі жаңалық
Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ марапаттарына ие болды

Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ марапаттарына ие болды

Agentic MBB дәуірі: Huawei 5G-A архитектурасын ұсынады

Agentic MBB дәуірі: Huawei 5G-A архитектурасын ұсынады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Күн сайын көбейіп келеді: өткен тәулікте 7 778 адам COVID-19 жұқтырды

Кейінгі тәулікте Қазақстанда 1 311 адамнан COVID-19 анықталды

14 февраля, 2022
Алматыда Жастар күніне орай «JASTAR JOLY» атты квест ойыны өтті

Алматыда Жастар күніне орай «JASTAR JOLY» атты квест ойыны өтті

11 августа, 2025
Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады

Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады

23 февраля, 2022

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жетісу» волейбол клубына — 25 жыл: марапаттау, жас спортшылармен кездесу, мастер-класс

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті
  • Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды
  • Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.