Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

«Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобы: Ешбір саяси науқан – тәуелсіз бақылаушыларсыз әділ өтпейді!

admin by admin
5 марта, 2026
«Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобы: Ешбір саяси науқан – тәуелсіз бақылаушыларсыз әділ өтпейді!

15 наурызда елімізде өтетін республикалық референдум қарсаңында Қазақстанның белсенді азаматтары тәуелсіз бақылаушылар ұйымдарын құрып, дауыс беру процессін бақылайтынын жариялауда.

Байланысты

2026 жылдың басынан бері «Ата-ана академиясы» жобасына мыңнан астам қазақстандық қатысты

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА «ҒЫЛЫМ АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ

Неліктен қол жүгі біреу болуы тиіс: бұл ұшу жайлылығы мен құнына қалай әсер етеді

Сондай бастамашыл топтың бірі – «Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобы. Бүгін Алматыда арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, бақылаушылық институттың маңыздылығы жайлы айтты.

Қазір саясаттанушылар – Нұрболат Нышанбай, Бекнұр Кисиков, Нұргелді Әбдіғани, Исламбек Дастар бастаған топ еліміздің бірқатар өңірінде бақылаушыларды даярлау, оқыту жұмыстарын үйлестіріп жатқанын айтады. Олар алдағы референдумда «Халық үні» бақылаушылар тобының атынан дауыс беру учаскелерінде бақылаушылық жасауға даярлануда.

«Біз Астана, Алматы, Шымкент, Талдықорған, Түркістен секілді бірнеше өңірде бақылаушыларды оқыту жұмысын жүргізіп жатырмыз. Референдум күні біз өзіміз оқытып, даярлаған бақылаушыларды учаскелерге кіргізуге, референдум барысын бақылауға ниеттіміз. Біздің бұл істе тәжірбиеміз де жеткілікті. Осыған дейін елімізде өткен сайлаулар мен референдумдарда бақылаушылық жасап, бақылаушыларды оқыту жұмыстарын жасағанбыз. Бүгінде біздің қатарымызда Қазақстанға тәуелсіз бақылаушылық институтын алғаш әкелгендердің бірі, сақа саясаткер Дос Көшім, Бекнұр Кисиков бастаған ағаларымыз бар. Шын мәнінде, тәуелсіз бақылаушылардың болуы – қоғамдық жауапкершілік. Өйткені, тәуелсіз бақылаушы дегеніңіз – қоғамның әрбір сергек саналы азаматы деген сөз. Сіз де, сіздің айналаңыздағы белсенді азаматтар да бақылаушылық жасай алады. Ол үшін біз секілді бастамашыл топтардың қатарына қосылу керек. Елмен бірге, елдің мүддесін қорғау әрбіріміздің парызымыз», — дейді «Халық үні» бақылаушылар тобын құруға бастамашы болған саясаттанушы Нұрболат Нышанбай.

Ал белгілі публицист, саясаттанушы Бекнұр Кисиков: «Кез келген саяси процесс – тәуелсіз бақылаушыларсыз әділ өтпейді. Соңғы жылдары елімізде тәуелсіз бақылаушылар мен топтар көптеп құрылуда және бұл жақсы үрдіс. Бұл қоғамның саяси белсенділігі артып келе жатқанын көрсетеді. Біз қазір «Халық үні» атынан бақылаушыларды оқытып жатырмыз. Бұл қыз-жігіттер ертең учаскелерде бақылаушылық жасайтын болады. Бізден көбіне «бақылаушыларға не бере аласыңдар?» деп сұрайды. Біз бақылаушыларға ақша немесе материалдық игіліктер бере алмаймыз. Бірақ, біз бақылаушылар өз тәжірбиемізді үйретудеміз, білгенімізді айтып, білімімізбен бөлісудеміз. Оның үстіне, бақылаушылардың өздері де бұл істе материалдық игілік жоқ екенін жақсы біледі. Тәуелсіз бақылаушымыз деп жүрген азаматтардың барлығы, тіпті мейлі біздің ұйым немесе басқалар болсын, әділ, таза сайлау ұстанымы үшін жүрген азаматтар», — дейді.

Журналист Исламбек Дастан: «Біз «Халық үні» бақылаушылар тобы атынан Тараз қаласында бақылаушыларды оқытып, даярлап жатырмыз. Алдағы референдумда біздің бақылаушыларымыз өз міндеттерін мүлтіксіз атқарып, референдумның таза өтуіне үлес қосатын болады. Жалпы тәуелсіз бақылаушылардың болуының өзі әрбір учаскеге салмақ болады. Тәуелсіз бақылаушылар отырған учаскелер мен бақылаушылар отырмаған учаскелердегі қорытынды нәтижелердің өзі-ақ, көп дүниеден хабар береді», — дейді.

Ал халықаралық сарапшы Нұргелді Әбдіғаниұлы: «Біздің бұған дейінгі жинаған тәжірбиелерімізге сүйеніп, мынаны айта аламыз: Тәуелсіз бақылаушылар – кез келген электоралды науқанда дауыс берудің әділ, таза өтуіне бірден-бір мүдделі топ. Соңғы жылдары елімізде ондаған тәуелсіз бақылаушы ұйымдары құрылып жатыр. Бұл қуандады. Тәуелсіз бақылаушы топтардың қарасы көбейген сайын, қоғамда сенім де пайда болады. Дауыс беру процесстері де жүйелене түседі. Ашықтық пен тазалыққа біртабан жақындай түсеміз. Бүгінде біздің қатарымызда жастар көп. Жастардың ел ішіндегі болып жатқан саяси науқанға бей-жай қарамауы – екі есе жақсы тенденция. Өйткені, өзгерісті қалайтын да, жасайтын да жастар», — дейді.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

 

 

 

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Agentic MBB дәуірі: Huawei 5G-A архитектурасын ұсынады

Келесі жаңалық

Almaty Museum of Arts пен Halyk Bank стратегиялық серіктестік орнатқандарын жариялады

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

2026 жылдың басынан бері «Ата-ана академиясы» жобасына мыңнан астам қазақстандық қатысты
Категориясыз

2026 жылдың басынан бері «Ата-ана академиясы» жобасына мыңнан астам қазақстандық қатысты

10 апреля, 2026
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА «ҒЫЛЫМ АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ
Категориясыз

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА «ҒЫЛЫМ АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ

10 апреля, 2026
Неліктен қол жүгі біреу болуы тиіс: бұл ұшу жайлылығы мен құнына қалай әсер етеді
Категориясыз

Неліктен қол жүгі біреу болуы тиіс: бұл ұшу жайлылығы мен құнына қалай әсер етеді

10 апреля, 2026
Қазақстан технологиялардың таза экспортеріне айналды: 2025 жылы IT-қызметтер экспорты 1,1 млрд доллардан асты
Категориясыз

Қазақстан технологиялардың таза экспортеріне айналды: 2025 жылы IT-қызметтер экспорты 1,1 млрд доллардан асты

10 апреля, 2026
Категориясыз

Бухгалтерлік баланс, пайда мен залал туралы есеп «Сентрас Иншуранс «СК» АҚ 01.04.2026 жыл жағдайына

10 апреля, 2026
Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі: 40 мыңнан астам тауардың мәртебесі расталды
Басты

Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі: 40 мыңнан астам тауардың мәртебесі расталды

10 апреля, 2026
Келесі жаңалық
Almaty Museum of Arts пен Halyk Bank стратегиялық серіктестік орнатқандарын жариялады

Almaty Museum of Arts пен Halyk Bank стратегиялық серіктестік орнатқандарын жариялады

Дәрігер болып жұмыс істеген 30 жыл ішінде — еңбек кітапшасына тек екі жазба бар

Дәрігер болып жұмыс істеген 30 жыл ішінде - еңбек кітапшасына тек екі жазба бар

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Өткен тәулікте Қазақстанда 35 адам коронавирус жұқтырды

Бір тәулікте 25 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

24 апреля, 2023
Тоқаев: Министр Бектанов командирлік қабілетін көрсете алмады

Тоқаев: Министр Бектанов командирлік қабілетін көрсете алмады

20 января, 2022
Алматылық онколог сүт безі обырының қаупін қалай төмендетуге болатынын айтып берді

Алматылық онколог сүт безі обырының қаупін қалай төмендетуге болатынын айтып берді

16 марта, 2023

Топ жаңалықтар

  • Такси және жеткізу қызметкерлері алматылықтарды референдумға қатысуға шақырды

    Такси және жеткізу қызметкерлері алматылықтарды референдумға қатысуға шақырды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматылық онколог: Ерте скрининг қатерлі ісіктен болатын өлім-жітімді азайтудың негізгі жолы болып қала береді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • 2026 жылдың басынан бері «Ата-ана академиясы» жобасына мыңнан астам қазақстандық қатысты
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА «ҒЫЛЫМ АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ
  • Неліктен қол жүгі біреу болуы тиіс: бұл ұшу жайлылығы мен құнына қалай әсер етеді

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.