Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Көшбасшы әйелдер жаңа Конституция құндылықтарын толық қолдады

admin by admin
4 марта, 2026
Көшбасшы әйелдер жаңа Конституция құндылықтарын толық қолдады

Елордадағы EXPO конгресс-орталығында «Әйел әлемі – ел тағдырына жауапкершілік» ұранымен көшбасшы әйелдердің кездесуі өтті. Іс-шарада Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов және Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сөз сөйледі. Залда Қазақстанның барлық өңірінен келген мыңға жуық көшбасшы әйел – білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, ғылым, әлеуметтік салаларының және азаматтық сектордың өкілдері жиналды. Іс-шара аясында жаңа Конституцияны қабылдау бойынша 15 наурызда өтетін референдум талқыланды.

Байланысты

2026 жылдың басынан бері «Ата-ана академиясы» жобасына мыңнан астам қазақстандық қатысты

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА «ҒЫЛЫМ АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ

Неліктен қол жүгі біреу болуы тиіс: бұл ұшу жайлылығы мен құнына қалай әсер етеді

Сөз басында Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық Коалициясының Жетекшісі Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев гендерлік саясатқа ерекше мән беретінін атап өтіп, ел Президентінің әйелдер қауымының жұмысқа өте ұқыпты, әр іске тиянақты, жауапкершілікпен қарайтыны арқылы ерекшеленетіні, сондықтан оларға ең сезімтал әрі әлеуметтік маңызы жоғары салалар тапсырылатыны туралы айтқан сөзін еске салды.

Ерлан Қошанов қоғамдағы әйелдердің рөлі туралы айта келе, олардың адамға деген қамқорлығы, отбасы тағдырына деген жауапкершілігі және балалардың болашағына алаңдаушылығы мемлекеттегі адамгершілік құндылықтарының берік негізін қалыптастыратынын атап өтті. Оның айтуынша, дәл осы құндылықтар бүгінде жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарынан көрініс табады. Оның өзегінде адам, оның қадір-қасиеті, қауіпсіздігі және дамуына берілген мүмкіндіктер тұр.

Сондай-ақ Мәжіліс Спикері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев терең интеллектуалды тұлға ретінде қазақстандықтарды білімді, кітап оқитын әрі ойлана білетін ұлт ретінде көргісі келетіні туралы арманымен үнемі бөлісіп жүретінін атап өтті.

«Президент бірнеше рет атап өткендей, әр адам білім алуға, өзін дамытуға талпынуға тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы өмірлік көзқарасы жаңа Конституцияның идеологиясымен үндеседі. Онда еліміздің білімді және прогрессивті қоғамға қарай даму жолы айқындалған. Оның басты байлығы – адам капиталы және жастардың терең білімі. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл біздің балаларымыз бен немерелеріміз білімнің терең құндылығын түсініп, ғылымға, мәдениетке ұмтылады деген сөз. Бәлкім, бұл – Президенттің ең асыл арманы, енді Конституцияның өзегіне айналады», – деді ол.

Сондай-ақ Ерлан Қошанов «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты аз уақытта еліміздегі ең белсенді қоғамдық-саяси алаңдардың біріне айналғанын атап өтті. Үш жылда белсенді әйелдер қыз-келіншектерді қолдауға, балаларды қорғауға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған жүздеген бастаманы жүзеге асырды. Әйелдер «Қарызсыз қоғам», «Ауыл аманаты», «Tomiris», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек» сияқты партияның әлеуметтік жобаларын жүзеге асыру ісінде маңызды рөл атқарып келеді.

Мәжіліс Спикерінің айтуынша, әйелдер тарапынан атқарылып жатқан жұмыс білім беру бастамаларын дамыту ісінде де айқын байқалады. Мәселен, Әйелдер қанатының атсалысуымен әйелдер көшбасшылығына қатысты магистрлік бағдарлама әзірленіп, ол Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен және Almaty Management University-мен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Сонымен қатар ол Әйелдер қанатының белсенділері заң шығару қызметіне де елеулі үлес қосып келе жатқанын айтты. Олардың бастамасымен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күреске бағытталған заң қабылданды, сондай-ақ психологиялық қызмет көрсету ісін дамытуға қатысты түзетулер әзірленді. Бұдан бөлек, дәл осы белсенді әйелдер аутизмге шалдыққан балаларды және ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау мәселесін көтеріп, соның негізінде тиісті заң жобасын әзірлеуге және балалардың дамуындағы ауытқуларды ерте диагностикалау жүйесін енгізуге бастамашы болды.

Жалпы, бүгінде әйелдер билік органдарында, бизнесте және қоғамдық ұйымдарда басшылық қызметтерді барынша көп атқара бастады. Олардың белсенділігі мемлекетті жаңғыртудың нақты қозғаушы күшіне айналып отыр. Мұның барлығы – әйелдерді қолдауға бағытталған жүйелі мемлекеттік саясаттың нәтижесі.

Ерлан Қошанов жаңа Конституцияда отбасы институты мен дәстүрлі құндылықтарды қорғау ісіне ерекше назар аударылғанын атап өтті. Ата Заң жобасында неке ер мен әйелдің ерікті және тең құқықты одағы екені нақты бекітілді. Бұл балалардың дүниеге келуі мен тәрбиеленуіне қажет берік негіз қалыптастырады. Сонымен қатар мемлекет әйелдердің құқығын қорғау шараларын күшейтеді. Атап айтқанда, «қыз алып қашу» әрекеті үшін жауапкершілік күшейтілді. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысында атап өткендей, бұл дәстүр емес, адам құқығын өрескел бұзу саналады. Осы қадамдардың барлығы отбасы институтын нығайтуға, әйелдердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға және қауіпсіз әрі әділетті қоғам құруға бағытталып отыр.

Мәжіліс Спикері жер жүзінде жаңа қақтығыстар мен шиеленіс ошақтары пайда болып жатқанын да атап өтті. Жаһан жұртшылығының назарын аударған Иран төңірегіндегі жағдай ешкімді бейжай қалдырмайды. Сондықтан еліміздегі бейбітшілік, тұрақтылық және қоғамдық келісім – ең қымбат қазына. Оның айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың салмақты саясаты мен жоғары халықаралық беделі арқылы Қазақстанда тұрақтылық пен ауызбіршілік сақталып келеді. Ата Заң негізгі билік институттарының өкілеттігін нақты айқындап, президенттік басқару формасын елдегі тұрақтылықтың, реформалар сабақтастығының және орнықты дамудың негізі ретінде сақтайды. Сондай-ақ ол барлық билік тармағының үздіксіз, жүйелі және үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету кепілі саналады. Бұл – ел ішіндегі тұрақтылықтың, орнықты дамудың және Тәуелсіздікті нығайтудың берік негізі.

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның Төрағасы Аида Балаева жаңа Конституция жобасы Қазақстанның әлеуметтік мемлекет ретіндегі сипатын сақтайтынын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, әрбір әйелдің, әрбір ананың ең үлкен бақыты – балаларының жарқын болашағы. Сондықтан 15 наурызда өтетін референдумға қатысудың айрықша маңызы бар.

Іс-шара барысында форум делегаттары жаңа Конституция жобасында қоғамның негізгі сұраныстары қамтылғанын атап өтті. Цифрлық ортада жеке деректерді қорғау нормаларын бекіту, ғылымға, білім мен инновацияға стратегиялық басымдық мәртебесін беру, отбасы институтын нығайту, ана мен баланы қорғау сынды маңызды мәселелерге де баса назар аударылды. Сондай-ақ инклюзивті білім беру ісін дамыту, медицина қызметкерлерін қолдау, құқықтық айқындықты қамтамасыз ету және жеке меншікті қорғау, қоғамдық диалогтағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі және волонтерлік қызметті институционалдық тұрғыда қолдау ісіне де ерекше мән берілді.

                      Жалпыұлттық Коалицияның баспасөз қызметі

                      Суретті түсірген: Жаслан Жұмабеков, Талғат Таныбаев

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Алматы спортшылар үшін арнайы авиатарифтер туралы келісімге келді: бюджет қаражаты үнемделеді

Келесі жаңалық

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың брифингі

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

2026 жылдың басынан бері «Ата-ана академиясы» жобасына мыңнан астам қазақстандық қатысты
Категориясыз

2026 жылдың басынан бері «Ата-ана академиясы» жобасына мыңнан астам қазақстандық қатысты

10 апреля, 2026
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА «ҒЫЛЫМ АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ
Категориясыз

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА «ҒЫЛЫМ АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ

10 апреля, 2026
Неліктен қол жүгі біреу болуы тиіс: бұл ұшу жайлылығы мен құнына қалай әсер етеді
Категориясыз

Неліктен қол жүгі біреу болуы тиіс: бұл ұшу жайлылығы мен құнына қалай әсер етеді

10 апреля, 2026
Қазақстан технологиялардың таза экспортеріне айналды: 2025 жылы IT-қызметтер экспорты 1,1 млрд доллардан асты
Категориясыз

Қазақстан технологиялардың таза экспортеріне айналды: 2025 жылы IT-қызметтер экспорты 1,1 млрд доллардан асты

10 апреля, 2026
Категориясыз

Бухгалтерлік баланс, пайда мен залал туралы есеп «Сентрас Иншуранс «СК» АҚ 01.04.2026 жыл жағдайына

10 апреля, 2026
Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі: 40 мыңнан астам тауардың мәртебесі расталды
Басты

Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі: 40 мыңнан астам тауардың мәртебесі расталды

10 апреля, 2026
Келесі жаңалық
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың брифингі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың брифингі

VII HR-бренд Орталық Азия халықаралық конференциясы

VII HR-бренд Орталық Азия халықаралық конференциясы

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Ақмола облысында 24 жастағы қыз тоғызыншы қабаттан секірді

Ақмола облысында 24 жастағы қыз тоғызыншы қабаттан секірді

7 февраля, 2024
Жамбыл облысында 50 миллион теңгенің вейпесін заңсыз әкелген азамат сотталды

Жамбыл облысында 50 миллион теңгенің вейпесін заңсыз әкелген азамат сотталды

25 мая, 2023
Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы

Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы

8 августа, 2024

Топ жаңалықтар

  • Такси және жеткізу қызметкерлері алматылықтарды референдумға қатысуға шақырды

    Такси және жеткізу қызметкерлері алматылықтарды референдумға қатысуға шақырды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматылық онколог: Ерте скрининг қатерлі ісіктен болатын өлім-жітімді азайтудың негізгі жолы болып қала береді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • 2026 жылдың басынан бері «Ата-ана академиясы» жобасына мыңнан астам қазақстандық қатысты
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА «ҒЫЛЫМ АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ
  • Неліктен қол жүгі біреу болуы тиіс: бұл ұшу жайлылығы мен құнына қалай әсер етеді

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.