Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Біз бұл жаңа Конституцияны қабылдаған соң, «ескі Қазақстанмен» толық қош айтысамыз – Бапи

admin by admin
4 марта, 2026
Біз бұл жаңа Конституцияны қабылдаған соң, «ескі Қазақстанмен» толық қош айтысамыз – Бапи
Buy JNews
ADVERTISEMENT

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ермұрат Бапи конституциялық реформалар мен алдағы референдум туралы ойын айтып, пікір білдірді.

Байланысты

Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы

Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

Жетісулық шаруашылықтар егістікті күтіп-баптау жұмыстарын белсенді жүргізуде

Бүгін мен Парламент мінберінде бір мандатты депутат қана емес, қазақ қоғамының белсенді азаматы, тәжірибелі журналист ретінде сөз сөйлеп, қоғам жұртшылығына үндеу жасағым келеді.Оның үстіне, жер шарының үлкен ауқымын соғыс өрті шарпып, бізге тақау Парсы шығанағы мен Таяу Шығыс елдері соғыс аймағына айналған кезде, мен бұл сөзімді елдің ертеңі мен қауіпсіздігіне деген азаматтық жанашырлықпен және саясаткерлік жауапкершілікпен арнаймын.
Біз қазір әлем елдері арасындағы қарым-қатынас тәртібі күрт өзгеріп, күрделі саяси тәуекелдер қарқын алған,экономикалық тұрақтылық теңселіске тапболған, алмағайып әрі өліара кезеңдетұрмыз.
Бүкіл әлемнен тыныштық кетіп, дүние отқа оранып жатқанын көріп отырмыз.
Біз бұған дейін талай сындарлы кезеңнен өтіп, бірлік пен берекенің қажеттігін терең түсіндік. Қазіргі сәт – қателікті кешірмейтін, парасат пен пайымды шешімді қажет ететін кезең.Осындай аумалы-төкпелі уақытта Қазақстан өзі таңдаған жолынан таймай, ел қауіпсіздігі үшін батыл бастамаларға бет бұруға тиіс еді.
Осы бағыттағы біз үшін ең маңызды бастама – жалпыхалықтық референдумға ұсынылған жаңа Конституцияның жобасы. Алайда қоғам көптен күткен нақты саяси өзгерістер бастамасының маңызын түйсінбей, қиямпұрыс қылық танытып жүрген жекелеген азаматтар бар.
Осы ретте бірден сұрайын, жаңа Конституцияның жобасын оңды-солды, ретті-ретсіз-төпеп сынаушылар ескі жүйенің «диірменіне су құйып» жүргендерін біле ме екен? Жалпы, елдің іші мен сыртындағы нақты реализм мен конструктивизмнен жұрдай сыншылық бүгінгі жағдайда тап-таза популизмнің үлгісі болмақ.
Иә, Ата заңның жобасындағы жекелеген баптарда сыртқы тәуекелдерді өз қолымызбен тудырмас үшін, сабырға дес берудің сақтық қажеттілігі жасалғанын жасыруға болмайды.
Бұл – жаһандық тұрақсыздық күшейген кезеңде мемлекеттің ішкі бірлігін, басқару тиімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған сақтық шарасы.
Дәл осы тұста қоғамда «Жаңа Конституция суперпрезиденттік жүйені қайтадан қалпына келтіреді» деген қаңқу сөздер тарап жүр.
Жоғары лауазымды мемлекеттік тұлғалар Сенаттың келісімімен тағайындалатын бұрыннан бар процесуалдық тәртіп ендігі кезекте бір палаталы Құрылтайдың құзіретіне ауысатыны Президенттің құзіретін күшейтеді деген пікір санаға сыймайды.Бұл – негізі жоқ жаңсақ пікір.
Біз бұл жаңа Конституцияны қабылдаған соң, «ескі Қазақстанмен» толық қош айтысамыз! 2022 жылғы конституциялық реформалар кезінде біз суперпрезиденттік модельден бас тартып, бір рет сайланатын жеті жылдық классикалық президенттік жүйеге көштік. Мемлекеттік саяси қызметтегі туыстық ықпал мен мүдделер қақтығысы конституциялық негізде жойылды.
Сондықтан ескі жүйенің етжақын «өкілі билікке қайтып келеді» деген қауесеттің ешқандай негізі жоқ. Жаңа Конституция жекелеген тұлғалардың немесе белгілі бір топтардың ықпалын күшейтуге емес, керісінше, билік тармақтарының тепе-теңдігін қамтамасыз етуге және туыстық, жеке байланыстар арқылы саяси үстемдік орнату мүмкіндігін шектеуге бағытталған.Бұл жаңа Конституцияның бұлжымас қағидаты, өзгермес нормасына айналды!
Әлдебіреуге құрғақ фраза сияқты болып естілетін «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасы басшылыққа алынды. Бірақ бұл қағида бір демде жөңки жөнелмегенін тағы да жасыруға болмайды, «көш жүре түзеліп» келе жатыр.
Мемлекет басқару жүйесінде тежеу мен тепе-теңдік принципін бекіткен нақты, стратегиялық бұл қадам қадау-қадау даму үстінде. Қазақстанның жаңа тарихында бұл даму жолы кейіннен тарихи шешім болды деп бағаланары кәдік.

Қадірлі Әріптестер!
Біз жаңа Конституция арқылы Қазақстанды тұрақты, әділ және заманауи мемлекетке айналдыруымыз керек. Біз регресске емес, жасампаз прогресске қызмет етейік! Біз азаматтардың сенімін басты орынға қойып, бірінші кезекте мемлекет мүддесін қорғауымыз қажет. Бұл – біздің тарихи миссиямыз, стратегиялық бағытымыз, азаматтық парызымыз болуы тиіс.

Ендеше, преамбуласы мен жеті бірдей бабында Тәуелсіздік пен Егемендікті, елдің тұтастығы мен мемлекеттілікті қорғау маңыздылығы күйттелген жаңа Конституцияның шұғыл қажеттілігін енді түйсіне алдық па? Дабылы дүлей тәуекел туған шақта қоғамның онлайн-протестік бөлігі қоздырып жатқан ішкі толқу мен тұрақсыздық қандай қатер тудырарын бағамдай алуымыз тиіс.
Әлбетте, референдумда Ата заңды қолдау немесе оған қарсы дауыс беру қақысы әркімнің азаматтық ерік-жігеріне байланысты шешім болмақ. Ол шешімге ешкімнің араласу құқы жоқ.
Бірақ жер-дүние соғыс дүмпуімен теңселіп тұрған кезде, бізге бітіспес теке-тірес қажет пе, жоқ әлде елдің ертеңі мен тәуелсіздіктің тұрақтылығына жандәрмен азаматтық жауапкершілік артық па?
Біз елдік және территориялық тұтастыққа тәнтіміз бе, әлде бізді іштен ірітуге әуес әлдекімдердің әупіліне желігіп, тоз-тоз боп жүре берейік пе?
Осы сұрақтардың сұлбасы тұрғысынан айтар болсам, мен 15 наурызда баршаңызды референдумға қатысуға шақырамын.
Әрбір дауыс – Қазақстанның орнықты дамуының кепілі, әрбір азамат – еліміздің болашағының кепілі болуы тиіс деп санаймын.
Ендеше, бірге шешім қабылдайық, жаңа тарихты бірге жазайық!

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Балаларға денсаулық сыйлайтын алтын қолдар

Келесі жаңалық

«Касперский зертханасы» мен балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық институты Қазақстандағы мұғалімдердің киберсауаттылығын арттыруда

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы
Категориясыз

Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы

7 июня, 2026
Кассациялық сот заңсыз жұмыстан босатылған қызметкерді қайта жұмысқа қалпына келтірді
Категориясыз

Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

6 июня, 2026
Жетісулық шаруашылықтар егістікті күтіп-баптау жұмыстарын белсенді жүргізуде
Категориясыз

Жетісулық шаруашылықтар егістікті күтіп-баптау жұмыстарын белсенді жүргізуде

5 июня, 2026
Жаңа адамдар Алматыдағы заңсыз қоқыс үйіндісін анықтады
Категориясыз

Жаңа адамдар Алматыдағы заңсыз қоқыс үйіндісін анықтады

5 июня, 2026
ҰҚК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің 2026 жылғы мамырдағы нәтижелері туралы
Категориясыз

ҰҚК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің 2026 жылғы мамырдағы нәтижелері туралы

5 июня, 2026
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Қазақстанда азаматтарды қолдаудың ауқымды жүйесі қалыптастырылды
Категориясыз

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Қазақстанда азаматтарды қолдаудың ауқымды жүйесі қалыптастырылды

4 июня, 2026
Келесі жаңалық
«Касперский зертханасы» мен балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық институты Қазақстандағы мұғалімдердің киберсауаттылығын арттыруда

«Касперский зертханасы» мен балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық институты Қазақстандағы мұғалімдердің киберсауаттылығын арттыруда

Алматы спортшылар үшін арнайы авиатарифтер туралы келісімге келді: бюджет қаражаты үнемделеді

Алматы спортшылар үшін арнайы авиатарифтер туралы келісімге келді: бюджет қаражаты үнемделеді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Маркетплейстер «Қазақстанда жасалған» таңбасы бар тауарларды ілгерілетуге міндеттеледі

Маркетплейстер «Қазақстанда жасалған» таңбасы бар тауарларды ілгерілетуге міндеттеледі

12 мая, 2026
Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар бойынша жаңа деректер жарияланды

Кейінгі тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды

31 января, 2023
Алматы тауларында үш турист құтқарылды

Алматы тауларында үш турист құтқарылды

30 мая, 2023

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы
  • Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.
  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.