---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/03/04/almaty-sportshylar-%d2%afshin-arnajy-aviatarifter-turaly-kelisimge-keldi-byudzhet-%d2%9barazhaty-%d2%afnemdeledi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы спортшылар үшін арнайы авиатарифтер туралы келісімге келді: бюджет қаражаты үнемделеді

![Алматы спортшылар үшін арнайы авиатарифтер туралы келісімге келді: бюджет қаражаты үнемделеді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/03/photo_2026-03-04_16-52-56.jpg)

**Алматының Спорт басқармасы мен Turkish Airlines әуекомпаниясы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.**

Келісім аясында халықаралық жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарына қатысатын Алматы қаласының спортшылары мен құрама командалары үшін әуе тасымалына арнайы тарифтер енгізіледі.

Бастама Алматы қаласы әкімінің бюджеттік шығыстарды оңтайландыру және спортшылардың халықаралық жарыстарға дайындалуға және қатысуға жайлы жағдай жасау жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылды.

Бюджет үнемдеу және спортшыларға жайлы жағдай

Ынтымақтастық аясында мыналар қарастырылған:  

* әуе билеттеріне арнайы жеңілдіктер;  

* спорттық жабдықтарға қосымша тегін багаж;  

* билеттерді қайтару және айырбастаудың икемді шарттары;  

* қызмет көрсету мен ұшу қауіпсіздігінің жоғары стандарттарын сақтау.

Арнайы тарифтер халықаралық жарысқа баратын спортшылардың жол шығынын оңтайландыруға, бюджет жүктемесін азайтуға және командалар үшін қолайлы ұшу жағдайын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ауқымды халықаралық бағыттар картасы

Turkish Airlines – әлем бойынша 159 бағытты қамтитын кең маршруттық желісі бар әлемдегі ең ірі және танымал әуекомпаниялардың бірі. Әсіресе, бұл Әлем чемпионаттарында, Әлем кубогының кезеңдерінде, Еуропада, Азияда және басқа өңірлерде халықаралық турнирлер мен оқу-жаттығу жиындарында тұрақты қатысатын алматылық спортшылар үшін өте маңызды.

Мұндай бастамалар спортшыларды халықаралық жарыстарға жүйелі әрі сапалы даярлауға мүмкіндік беріп, Алматы қаласының еліміздің жетекші спорт орталықтарының бірі ретіндегі беделін одан әрі нығайтуға ықпал етеді.

---

Жарияланды: 2026-03-04T12:11:42+06:00

Жаңартылды: 2026-03-04T12:11:42+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/03/04/almaty-sportshylar-%d2%afshin-arnajy-aviatarifter-turaly-kelisimge-keldi-byudzhet-%d2%9barazhaty-%d2%afnemdeledi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.