---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/03/02/belgili-%d2%93alym-tilge-%d2%9batysty-alyp-%d2%9bashpa-%d3%99%d2%a3gimelerge-senbeuge-sha%d2%9byrdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Белгілі ғалым тілге қатысты алып қашпа әңгімелерге сенбеуге шақырды

![Белгілі ғалым тілге қатысты алып қашпа әңгімелерге сенбеуге шақырды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/03/photo_2026-03-02_16-06-49.jpg)

**Белгілі ғалым Асқар Жұмаділдаев қоғамда орын алып жатқан тілге қатысты алып қашпа әңгімелерге сенбеуге шақырды.**

«Біздің зиялы қауым болмайтын әңгіме айтып, болмайтын мәселені көтеріп, босқа шулап жүр. Сіз шынымен де тіл жанашыры болсаңыз, жасанды интеллектіні меңгеріңіз, заманауи әлемде тіліміздің қолданасын кеңейтуге тырысыңыз. Үйде жатып алып, «дүкенде біреу орысша айтып қойыпты» дегеннің бәрі — бос әңгіме. Дүниеде жүз мың дүкен бар, жүз мың кафе бар, онда миллион адам жұмыс істейді. Сол миллионның ішінде бір мың ақымақ шықпай ма? Бір ақымақпен кездесіп қалып, ақымақ болып жүресіз бе сонда?

Ондай әңгімені қою керек. Егер біз конструктивті бағытпен жұмыс істейтін болсақ, жасанды интеллектіге көмектесетін болсақ, бұл сіздің шын жанашырлығыңызды көрсетеді. Соны көрсетпей жатып, айдалада жатып далақтағанның ешкімге керегі жоқ»- деді Асқар Жұмаділдаев.

---

Жарияланды: 2026-03-02T11:11:07+06:00

Жаңартылды: 2026-03-02T11:11:07+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/03/02/belgili-%d2%93alym-tilge-%d2%9batysty-alyp-%d2%9bashpa-%d3%99%d2%a3gimelerge-senbeuge-sha%d2%9byrdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.