Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында білім беру саласының негізгі басымдықтары талқыланды

admin by admin
27 февраля, 2026
Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында білім беру саласының негізгі басымдықтары талқыланды

Астанада ҚР Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Іс-шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Парламент депутаттары, ҚР ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев, сондай-ақ салалық қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, өңірлік білім басқармаларының басшылары, мектеп директорлары мен педагогтер қатысты.

Байланысты

1,5 млн теңге және жол апатын қолдан ұйымдастыру: прокуратура блогер Молдахан ісінің мән-жайын түсіндірді

Қоғам белсенділері мен депутаттар жануарларды қорғау ұйымдарын тексеруді талап етуде

Жаһандық зерттеу: авиациялық технологияларға инвестициялардың тиімділігі деректерді үйлестіруге тәуелді

Отырыс барысында Аида Балаева білім беру – бұл әрбір адам үшін де, қоғам үшін де өте маңызды бағыт екенін айтты. Жаңа Конституция жобасында білім саласының мәні айқындалып, маңызды құндылық ретінде көрініс тапқанын атап өтті. Сонымен қатар Премьер-министрдің орынбасары Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2030 жылға дейінгі кезеңді қамтитын «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы қабылданғанын тілге тиек етті. Бұл құжат елдегі әрбір баланы қамтып, қауіпсіздікке, сапалы білімге, денсаулыққа, отбасыға және әлеуметтік қорғауға қатысты негізгі мемлекеттік шараларды бірыңғай жүйеге біріктіреді.

Жиында білім беру саласындағы жетістіктер де аталды. Қазақстан әлемдегі халық санына шаққанда оқушылар саны ең көп 10 елдің қатарына енген. Сонымен қатар алқа отырысында саладағы өзекті мәселелер туралы да сөз қозғалды. Осы орайда Аида Балаева мектепке дейінгі және бастауыш білім беру сапасын арттыруды тапсырды. Мектеп оқулықтарына талдау жүргізіп, оларды балалардың жас ерекшеліктеріне сай әзірлеу керектігін және педагогтердің біліктілігін арттыру қажеттігін атап өтті. Аида Балаеваның пікірінше, басты назарды балаларға аударып, олардың сыни ойлау қабілетін дамыту және алған білімін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру – басты міндет.

Жиында педагогтерді ЖИ технологиялары саласында даярлау мәселесіне ден қойылып, мұғалімдерді қайта даярлау қажеттігі де қозғалды. Осыған байланысты барлық профильді педагогикалық жоғары оқу орындарында Жасанды интеллект факультеттерін ашу тапсырылды. Бұдан бөлек, вице-премьер техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін де қайта қарау қажеттігін мәлімдеді. Атап айтсақ, қаржыландыру тетігін жетілдіру, еңбек нарығын жүйелі зерттеу және дуальды оқыту үлгісін енгізу бойынша бойынша шұғыл шаралар қабылдау тапсырылды.

Алқа отырысында инклюзивті білім беру мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді. Премьер-министрдің орынбасары ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін барлық жағдай жасалу керектігін ерекше атап өтті. Кадр тапшылығын шешу мақсатында бейінді кафедралар ашу, инклюзия бойынша міндетті пәндерді енгізу және педагогтерді қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу бойынша нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар Премьер-министрдің орынбасары Оқу-ағарту министрлігіне қолданыстағы оқулықтарды іріктеу тәсілдерін шұғыл түрде қайта қарап, оларды әзірлеу мен сараптау сапасын арттыруды міндет етті. Аида Балаева тәрбие және идеологиялық жұмысты күшейту мәселесіне де арнайы тоқталды. Бұл бағыттағы жұмыстар Президент бекіткен Ішкі саясаттың негізгі қағидаттары мен құндылықтарына негізделуі тиіс екені атап өтілді.

Жиын барысында Жұлдыз Сүлейменова баяндама жасады. Оқу-ағарту министрі былтырғы ведомство қызметінің қорытындыларына тоқталып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер мен басым бағыттарды таныстырды.

Buy JNews
ADVERTISEMENT
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Бейбіт Исабаев жаңа Конституцияның жобасын талқылау жиынын өткізді

Келесі жаңалық

«Сирек әрі теңқұқылы»: Алматыда сирек кездесетін аурулары бар қазақстандықтар туралы деректі фильмнің премьерасы өтті

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

1,5 млн теңге және жол апатын қолдан ұйымдастыру: прокуратура блогер Молдахан ісінің мән-жайын түсіндірді
Категориясыз

1,5 млн теңге және жол апатын қолдан ұйымдастыру: прокуратура блогер Молдахан ісінің мән-жайын түсіндірді

15 апреля, 2026
Қоғам белсенділері мен депутаттар жануарларды қорғау ұйымдарын тексеруді талап етуде
Категориясыз

Қоғам белсенділері мен депутаттар жануарларды қорғау ұйымдарын тексеруді талап етуде

15 апреля, 2026
Жаһандық зерттеу: авиациялық технологияларға инвестициялардың тиімділігі деректерді үйлестіруге тәуелді
Категориясыз

Жаһандық зерттеу: авиациялық технологияларға инвестициялардың тиімділігі деректерді үйлестіруге тәуелді

15 апреля, 2026
Дәстүрге оралу: жергілікті мерекелер сұраныстың драйверіне қалай айналуда
Категориясыз

Дәстүрге оралу: жергілікті мерекелер сұраныстың драйверіне қалай айналуда

15 апреля, 2026
ПРЕЗИДЕНТ ТАБЫСТАҒАН ПӘТЕРЛЕРГЕ ЖАС ҒАЛЫМДАР ҚОНЫСТАНДЫ
Категориясыз

ПРЕЗИДЕНТ ТАБЫСТАҒАН ПӘТЕРЛЕРГЕ ЖАС ҒАЛЫМДАР ҚОНЫСТАНДЫ

14 апреля, 2026
Қазақмыста қауіпсіздікті күшейту үшін автоматты медициналық тексеру жүйесі енгізілуде
Категориясыз

Қазақмыста қауіпсіздікті күшейту үшін автоматты медициналық тексеру жүйесі енгізілуде

14 апреля, 2026
Келесі жаңалық
«Сирек әрі теңқұқылы»: Алматыда сирек кездесетін аурулары бар қазақстандықтар туралы деректі фильмнің премьерасы өтті

«Сирек әрі теңқұқылы»: Алматыда сирек кездесетін аурулары бар қазақстандықтар туралы деректі фильмнің премьерасы өтті

Астанада ITMLab 2.0 Demo Day өтті — инклюзивті технологиялар бойынша ұлттық акселерациялық бағдарламаның финалы

Астанада ITMLab 2.0 Demo Day өтті — инклюзивті технологиялар бойынша ұлттық акселерациялық бағдарламаның финалы

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті

27 мая, 2023
Алматыдағы ІІМ академиясының басшысы қызметінен босатылды

Алматыдағы ІІМ академиясының басшысы қызметінен босатылды

23 декабря, 2020
Тағы бір өңір «қызыл» аймаққа өтті

Тағы бір өңір «қызыл» аймаққа өтті

7 апреля, 2021

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматылық онколог: Ерте скрининг қатерлі ісіктен болатын өлім-жітімді азайтудың негізгі жолы болып қала береді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Jack port Off Sites — Avoiding Jerks With Sex Webcam Girls

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • 1,5 млн теңге және жол апатын қолдан ұйымдастыру: прокуратура блогер Молдахан ісінің мән-жайын түсіндірді
  • Қоғам белсенділері мен депутаттар жануарларды қорғау ұйымдарын тексеруді талап етуде
  • Жаһандық зерттеу: авиациялық технологияларға инвестициялардың тиімділігі деректерді үйлестіруге тәуелді

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.