Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Бейбіт Исабаев жаңа Конституцияның жобасын талқылау жиынын өткізді

admin by admin
27 февраля, 2026
Бейбіт Исабаев жаңа Конституцияның жобасын талқылау жиынын өткізді

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев қоғам өкілдерімен жаңа Конституцияның жобасын талқылауға арналған жиын өткізді, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Байланысты

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда

«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді

Жиынға қоғамдық кеңестер мүшелері, жергілікті мәслихаттар төрағалары, зиялы қауым өкілдері, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері, түрлі сала мамандары — жалпы жүзден астам адам қатысты. Атап өтсек, жиынға облыстық мәслихаттың төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі, өңірлік коалиция төрағасының орынбасары Гүлнар Тойлыбаева модераторлық етті.

Жиынның кіріспе сөзінде Бейбіт Исабаев Конституцияда ұсынылып отырған өзгерістердің негізінде жатқан басты қағидаттарға тоқталды.

— Атап айтқанда, біріншіден, Парламент пен өкілді органдардың рөлін күшейту. Бұл – билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға, шешімдерді ашық әрі институционалдық диалог арқылы қабылдауға бағытталған қадам. Екіншіден, азаматтардың мемлекетті басқару процесіне қатысуын кеңейту. Қоғамдық бақылау тетіктерін дамыту, жергілікті өзін-өзі басқаруды күшейту, азаматтық қоғам институттарының шешім қабылдау үдерісіне нақты ықпал етуіне жағдай жасау көзделіп отыр. Үшіншіден, адам құқықтары мен бостандықтарын нығайту. Конституция әр азаматтың қадір-қасиетін қорғаудың нақты тетігіне айналуы тиіс. Заң алдындағы теңдік, әділ сот төрелігі, әлеуметтік құқықтардың қорғалуы – бұл қағаз жүзіндегі ұран емес, мемлекеттік саясаттың өзекті міндеті. Төртіншіден, жауапты және күшті мемлекет қалыптастыру. Билік қоғам алдында есеп беретін, институттар ашық әрі кәсіби жұмыс істейтін жерде ғана сенім қалыптасады. Ал сенім – бүгінгі таңда үлкен күш және стратегиялық даму ресурсы, — деп атап өтті Б. Исабаев.

Бұдан кейін сөз алған жиынға қатысушылар Ата Заңдағы өзгерістердің мән-мазмұнын әр қырынан ашып, ой-пікірлерін жеткізді.

— Бүгінде еліміз дұрыс бағытта дамып келеді. Мәселен, облыс құрылғалы бері мәдениет саласында қаншама нысан салынып, жөндеуден өтті, бізге алаңсыз жұмыс істеуге барлық жағдай жасалуда. Жалпы, Конституциядағы жаңа өзгерістердің бәрі халық үшін жасалып отыр. Мемлекет басшысының игі бастамаларын іске асыру, адал еңбек ету, бір мақсатқа жұмылу – бәріміздің ортақ міндетіміз, — деді Қазақстанның халық әртісі, Б. Римова атындағы академиялық драма театрының актрисасы Алмахан Кенжебекова.

Сол сияқты Ал «Ерлік» қимыл қозғалысы кем мүгедектер қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Роза Ақжаркенова референдумға кедергісіз қатысу үшін сайлау учаскелерінің мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді болуы маңызды.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

— Конституциялық реформалардың негізінде әр адамға түсінікті әрі жақын идея – әділдік, тең мүмкіндіктер мен әрбір азаматтың мүддесін қорғау қағидаты жатыр. Біздің Жетісу өңірінде мүгедектігі бар азаматтарды қолдауға ерекше көңіл бөлінген. Қолжетімді инфрақұрылым дамытылып,  білім алу мен еңбекке орналасуда тең жағдай жасалып, әлеуметтік қызметтердің сапасы артып келеді. Қарапайым ғана мысал: облыс құрылғаннан бері инватакси саны 18-ден 32 бірлікке артты. Бұл арнайы көлік рефрендум күні үздіксіз жұмыс істейді. Жалпы алғанда, жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі алдағы референдумды әділетті әрі тұрақты мемлекет құру жолындағы дер кезінде әрі сенімді қадам деп есептеймін, — деді Роза Ақжаркенова.

Сол сияқты өз сөзінде Жетісу облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы Әсет Қыдырманов еңбек адамының құқығын қорғау мәселесі жайлы айтса, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Дәурен Оңалбаев Ата Заңдағы өзгерістер мемлекет пен кәсіпкерлер арасындағы қарым-қатынасты нығайта түсетініне тоқталды. Ал Жетісу университетінің Басқарма төрағасы-ректоры Ермек Бөрібаев жаңа Конституция жобасында мәдениет пен білімге, ғылым мен инновацияға сүйенетін даму моделіне басымдық беріліп отырғанын тілге тиек етті.

Жиында Жетісу облысы «Ассамблея жастары» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Екатерина Подгорнова да ой бөлісті.

— Қазіргі саяси жаңғыру кезеңінде біз, Жетісу жастары, шетте қалмай, Ата заңымыздың жаңа өзгерістерімен белсенді азамат ретінде зерттеп шықтық. Қазіргі жастар – білімді, саналы, цифрлық әлемде еркін, өз ойын ашық айта алатын буын. Бүгінгі күні жетістікке жету жолы өте оңай, ең бастысы қоғамға пайдаңды тигізіп, еліне адал қызмет етіп, даму жолында ерінбей еңбек ету маңызды. Біз өзгерістерді қолдап қана қоймай,  соның белсенді қатысушысы болуға дайынбыз. Келешек бүгіннен басталады, — деді ол.

Өңірдегі қоғам өкілдері референдумға қатысу еліміздің алдағы дамуын қалыптастыратын маңызды қадам екенін айтты.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Б. Исабаев:

— Орнықты мемлекеттер жауапкершілікке, әділеттілікке, заң үстемдігіне және адамға деген құрметке негізделеді. Жаңа Конституция жобасы осы құндылықтарды нығайтуға бағытталған. Біздің ортақ мақсатымыз – әділетті, ашық әрі тиімді мемлекет құру, — деді.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотограф: Дмитрий Ерофеев.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Балқаштың бес мектеп командасы STEAM-жобаларды іске асыруға грант ұтып алды

Келесі жаңалық

Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында білім беру саласының негізгі басымдықтары талқыланды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда
Категориясыз

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда

20 июля, 2026
«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді
Категориясыз

«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді

20 июля, 2026
Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді
Категориясыз

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді

19 июля, 2026
Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды
Категориясыз

Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды

18 июля, 2026
Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары өтеді.
Категориясыз

Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары өтеді.

17 июля, 2026
Балқашта Металлург күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті
Категориясыз

Балқашта Металлург күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті

17 июля, 2026
Келесі жаңалық
Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында білім беру саласының негізгі басымдықтары талқыланды

Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында білім беру саласының негізгі басымдықтары талқыланды

«Сирек әрі теңқұқылы»: Алматыда сирек кездесетін аурулары бар қазақстандықтар туралы деректі фильмнің премьерасы өтті

«Сирек әрі теңқұқылы»: Алматыда сирек кездесетін аурулары бар қазақстандықтар туралы деректі фильмнің премьерасы өтті

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Алматының ҰҚКД басшысы Нұрлан Мәжилов қамауға алынды

Алматының ҰҚКД басшысы Нұрлан Мәжилов қамауға алынды

14 марта, 2022
Алматы облысында әкім отставкаға кетті

Алматы облысында әкім отставкаға кетті

16 февраля, 2021
Ұлттық банк алмастырушылардың маржасын ұлғайтты: қазақстандықтар үшін не өзгереді

Ұлттық банк алмастырушылардың маржасын ұлғайтты: қазақстандықтар үшін не өзгереді

16 апреля, 2022

Топ жаңалықтар

  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірісті басқарудың бірыңғай цифрлық экожүйесін қалыптастыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда
  • «Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді
  • Қазақстандық Диана Ержанова триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогының жеңімпазы атанды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.