Астанада ITMLab 2.0 Demo Day өтті — инклюзивті технологиялар бойынша ұлттық акселерациялық бағдарламаның финалы
2026 жылғы 26 ақпанда Астана қаласындағы Astana Hub халықаралық технопаркінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған инклюзивті технологиялық шешімдерді әзірлеуге бағытталған ITMLab ұлттық жобасының екінші маусымының қорытынды іс-шарасы — ITMLab 2.0 Demo Day өтті. Жоба ITeachMe қорының бастамасымен, «Шеврон» компаниясының демеуімен және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.
Demo Day ITMLab 2.0 акселерациялық бағдарламасының финалдық кезеңі болып, мемлекет, бизнес, инвесторлар, сарапшылар қауымдастығы мен азаматтық сектор өкілдерін бір алаңға жинады. Іс-шара аясында 10 финалист команда мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған дайын әрі сынақтан өткен технологиялық прототиптерін таныстырды. Барлық командалар алдын ала конкурстық іріктеуден өтіп, өз шешімдерін дамыту үшін 600 000 теңге көлемінде гранттық қолдауға ие болды.
ITMLab жобасы жыл сайын тұрақты нәтижелерін көрсетіп келеді. Өткен маусымда, ITMLab 2025 аясында өткен жобалардың финалдық таныстырылымында гранттық қолдауға ие болған және дайын, толыққанды жұмыс істейтін прототиптерін ұсынған 6 жеңімпаз команда анықталды. Аталған шешімдер лиц с инвалидностью үшін қолжетімділікті, дербестікті және өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
2025 жылғы финалистер қатарында:
— Shaka — көру қабілеті бұзылған адамдарға кеңістікте бағдарлануға көмектесетін сенсоры бар кулон және вибромоторы бар білезік.
— Fenix Recovery — мамандандырылған орталықтарда да, үй жағдайында да қолдануға болатын экзоскелет пен ықшам локомоторлы оңалту тренажёры.
— Bulan — мүгедектер арбасына арналған оңтайландырылған электронды қондырма.
— РиМы — Брайль қарпіндегі электронды дисплей.
— «Жан» ҚБ — ақ таяқтарға арналған тозуға төзімді ұштықтар өндірісі.
— Procrastinators — ым-ишара тілін мәтінге және кері бағытта нақты уақыт режимінде аударатын қосымша.
Айта кету маңызды, жобалар бағдарлама аяқталғаннан кейін де дамуын жалғастыруда. Fenix Recovery командасы коммерциялық нарыққа сәтті шығып, өндірісті ауқымдап, бүгінде оңалтуға арналған локомоторлы тренажёрларды жеткізуді жүзеге асырып отыр. Bulan командасы да жұмысын жалғастырып, мүгедектігі бар адамдар үшін техникалық құралдар өндірісін ұлғайтуда. Ал «Жан» ҚБ командасы өз әзірлемесін коммерцияландырып, Қазақстан нарығында ақ таяқтарға арналған тозуға төзімді ұштықтарды сатылымға шығарды.
ITMLab 2.0 финалистері ұсынған жобалар:
- CALVADOS — ауыз арқылы басқарылатын компьютерлік тінтуір, қозғалысы шектеулі адамдарға компьютерді бөгде көмексіз толық пайдалануға мүмкіндік береді;
- AI-Komekshi — Қазақстандағы инклюзивті жұмыспен қамтуға арналған AI-платформа;
- NIS caseX — жасанды интеллекті және 3D дыбысы бар таяқ, мүгедектігі бар адамдардың бағдарлануына және қоршаған ортамен өзара әрекеттесуіне көмектеседі;
- MindShield — саусақ қимылдарын талдау арқылы Паркинсон ауруын жедел скринингтен өткізуге арналған компьютерлік көруді қолданатын AI-платформа;
- SAMGA — мүгедектігі бар балаларға арналған, моторика, когнитивтік және сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған терапиялық жаттығуларға негізделген интерактивті ойындары бар веб-платформа;
- Future IT — көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған смарт-көзілдірік: мәтінді таниды, оны нақты уақытта дыбыстайды, кеңістікте бағдарлануға көмектеседі және бірнеше тілді қолдайды;
- MilaAI — сөйлеу тілі ауыр бұзылған балаларға логопедиялық көмектің қолжетімділігін кеңейтуге арналған цифрлық платформа;
- NextAbility — тіл мен бас қимылдары арқылы арбаны және цифрлық құрылғыларды басқаруға мүмкіндік беретін, жасанды интеллект элементтері бар интерактивті ішкі ауыз қапасы;
- Ceolina (INME Application) — аутизм спектрі бұзылысы бар балалардың әлеуметтік және эмоциялық дағдыларын сурет салу мен ойын механизмдері арқылы дамытатын интерактивті арт-терапиялық платформа.
Барлық жобалар онлайн-хакатонды, Intro Day және Pitch Day кезеңдерін, сондай-ақ трекинг пен менторлық қолдауды қамтыған кешенді ITMLab 2.0 акселерациялық бағдарламасынан өтті. Бұл кезеңдерде командалар өз өнімдерін жетілдіріп, гипотезаларды тестілеп, финалдық таныстырылымға дайындалды. 25.02.2026ж. командалар үшін арнайы ораторлық шеберлік бойынша мастер-класс өткізілді, ол қатысушылардың өзін таныстыру дағдыларын дамытуға және жобаларды соңғы қорғауға дайындауға бағытталған.
Қатысушылар географиясы Алматы, Астана, Тараз, Шымкент, Ақтау, Павлодар, Талдықорған, Ақтөбе, Өскемен, Түркістан және Қазақстанның өзге де өңірлерін қамтыды. Бұл бастаманың ұлттық ауқымы мен маңызын айқындайды.
Іс-шараның құрметті қонағы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Ертаев Асқарбек Маратович болды. Оның қатысуы ITMLab жобасының инклюзивті дамуға бағытталған мемлекеттік күн тәртібіндегі маңызын айқындады.
Ол өз сөзінде атап өтті:
«Дәйексөз.»
Айтмұханова Лейла — «Шеврон Евразия» компаниясының әлеуметтік инвестициялар жөніндегі кеңесшісі:
«Біз үшін ITMLab — бұл жай ғана акселерациялық бағдарлама емес, технологиялар тең қолжетімділік пен адамдардың өміріндегі нақты өзгерістерге қызмет ететін тұрақты инклюзивті экожүйені қалыптастыруға қосылған үлес. Біз ITMLab 2.0 командаларының идеялары қалайша бүкіл ел бойынша мүгедектігі бар адамдардың дербестігін, жұмыспен қамтылуын және өмір сүру сапасын арттыра алатын практикалық шешімдерге айналып жатқанын көріп отырмыз. Дәл осындай бастамалар ұзақ мерзімді әлеуметтік құндылық қалыптастырып, бизнес, мемлекет және қоғам күш-жігерін біріктіреді».
ITMLab 2.0 Demo Day Қазақстандағы инклюзивті технологиялар саласындағы практикалық шешімдерді таныстыруға және әлеуметтік инновациялардың тұрақты экожүйесін қалыптастыруға арналған маңызды алаңға айналды. Іс-шара ең перспективті жобаларды айқындап, мемлекет, бизнес және технологиялық қауымдастық арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.