Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Еңбек ұжымдарынан зиялы қауымға дейін: Қарағанды облысында Конституция жобасы бойынша ашық диалог өтті

admin by admin
24 февраля, 2026
Еңбек ұжымдарынан зиялы қауымға дейін: Қарағанды облысында Конституция жобасы бойынша ашық диалог өтті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Қарағанды облысының тұрғындарымен жаңа Конституцияның негізгі ерекшеліктерін талқылады. Түрлі алаңдарда өткен кездесулерге зиялы қауым мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, еңбек ұжымдары, кәсіпкерлер мен жастар қатысты.

Байланысты

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда

«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді

Делегация құрамында Сенат депутаты Серік Өтешов, Мәжіліс депутаттары Бауыржан Смағұлов, Арман Қалықов, Тілектес Адамбеков, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Бижанова, сондай-ақ облыстық мәслихат депутаттары мен азаматтық қоғам өкілдері болды.

Коалиция мүшелері алдымен «Qarmet» АҚ-ның «Тентек» шахтасының ұжымымен кездесті. Көмір өндіру саласындағы маңызды өндірістік кәсіпорында еңбек және әлеуметтік құқықтарға қатысты өзгерістер кеңінен түсіндірілді. Кездесуге 400-ден астам қызметкер қатысты.

Жиын барысында сенатор Серік Өтешов жаңа Конституция жобасының тұжырымдамалық негіздеріне тоқталды.

«Жаңа Конституция азаматтардың құқығы мен бостандығын нығайтуға, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыруға және әділ басқару жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Оның негізінде адамның мүддесі басымдыққа ие болуы және биліктің ашықтығы қағидалары жатыр. Әлеуметтік кепілдіктер мен қоғамдық бақылау механизмдеріне де ерекше көңіл бөлінді», – деді сенатор.

Содан кейін Коалиция мүшелері 300-ге жуық әлеуметтік сала қызметкерімен Ата Заң жобасын талқылады. Ашық форматта өткен жиында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, ойларын ортаға салды. Делегация өкілдері барлық сауалға нақты жауап беріп, конституциялық реформалардың мән-маңызын егжей-тегжейлі түсіндірді.

Келесі кездесу Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің оқытушылары және студенттерімен өтті. Жиынға 300-ге жуық адам қатысты. Іс-шарада Мәжіліс депутаты Бауыржан Смағұлов жаңа Конституция жобасында азаматтар мен мемлекеттің міндеттері арасындағы теңгерім қамтылғанына назар аударды. Атап айтқанда, тарихи және мәдени мұраны сақтауға қамқорлық жасау, тарих пен мәдениет мұраларын қадірлеу сынды Қазақстан азаматтарының міндеттерін жұртшылық жылы қабылдады.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

«Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің саяси жүйесін одан әрі жаңғыртуға, әлеуметтік кепілдіктерді нығайтуға, кәсіпкерлікті қолдауға, ғылымды, мәдениетті және ұлттық құндылықтарды дамытуға бағытталған стратегиялық бағдарға толық сәйкес келеді. Ұсынылып отырған өзгерістер азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағдарланған мемлекеттік институттардың неғұрлым тұрақты әрі тиімді моделін қалыптастырады», – деді халық қалаулысы.

Бұдан кейін коалиция мүшелері бюджеттік сала қызметкерлері: дәрігерлер, педагогтар және әлеуметтік сала мамандарымен жүздесті. Оның барысында қатысушыларға жаңа Конституцияның негізгі нормалары түсіндіріліп, адам құқығы мен бостандығын нығайту, мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығы және билік институттарының әлеуметтік жауапкершілігін күшейту бағыттары айтылды.

Осакаров ауданының Мәдениет үйінде ұйымдастырылған іс-шараға жаңа құжаттағы өзгерістерді жан-жақты талқылауға 200-ге жуық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері жиналды. Олар заңдылық, мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарын нығайту және азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуын кеңейту бойынша сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді.

Нұра кентінде диалог көпсалалы колледж ұжымы мен аудандық медицина қызметкерлерімен жалғасты. Іс-шарада бюджет саласы қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуын кеңейту, шешім қабылдау процесінің ашықтығын арттыру және азаматтардың қоғамдық-саяси өмірдегі рөлін күшейту мәселелері қаралды. Сондай-ақ «Қаратал» КМП ұжымымен кездесу өтті. Оның барысында еңбек және әлеуметтік кепілдіктер, халықтың реформаларды жүзеге асыру үдерісіне қатысу тетіктері түсіндірілді.

«Еңбек ұжымдарымен түсіндіру жұмыстары азаматтарды жаңа конституциялық ережелер туралы хабардар етіп қана қоймай, реформаларды іске асыру кезінде олардың нақты қажеттіліктері мен ұсыныстарын ескеруге мүмкіндік береді. Ашық диалог қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтады», – деді Мәжіліс депутаты Тілектес Адамбеков.

Бұдан кейін коалиция өкілдері Саран қаласында бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорынның ұжымымен кездесу өткізді. Атап айтқанда, «ТЭМПО КАЗАХСТАН» ЖШС, «Silk Road Electronics» ЖШС және «QazTehna» ЖШС қызметкерлерімен мазмұнды диалог ұйымдастырылды. Сонымен қатар Коалиция мүшелері шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті. Онда азаматтардың референдумға қатысуы, ашық коммуникация және қоғамның анық ақпарат алуының мемлекет болашағын қалыптастырудағы рөлі талқыланды.

Еске сала кетейік, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы 12 ақпанда құрылды. Оның құрамына 5 саяси партия мен шамамен 300-ге тарта қоғамдық ұйым кірді. Олар шамамен 5 миллион қазақстандықты біріктіреді.

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

САРАПШЫЛАР ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ҚАБЫЛДАУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Келесі жаңалық

Алматы қаласы ОКҚК дәрігерлері күрделі жол апатынан кейін науқасты аяғына тұрғызды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда
Категориясыз

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда

20 июля, 2026
«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді
Категориясыз

«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді

20 июля, 2026
Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді
Категориясыз

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді

19 июля, 2026
Әлемге танымал киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды
Мәдениет

Әлемге танымал киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды

19 июля, 2026
Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды
Категориясыз

Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды

18 июля, 2026
Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары өтеді.
Категориясыз

Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары өтеді.

17 июля, 2026
Келесі жаңалық
Алматы қаласы  ОКҚК дәрігерлері күрделі жол апатынан  кейін науқасты  аяғына тұрғызды

Алматы қаласы ОКҚК дәрігерлері күрделі жол апатынан кейін науқасты аяғына тұрғызды

Ұйқы безінің қатерлі ісігі: неліктен ерте анықтау маңызды-АОО онкологы

Ұйқы безінің қатерлі ісігі: неліктен ерте анықтау маңызды-АОО онкологы

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Мемлекет басшысы православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады

7 января, 2025

Romantic relationship Rules — The Rules of a Good Romance

12 июня, 2022
Атырауда 19 жастағы жігіт жол апатынан қайтыс болды

Атырауда 19 жастағы жігіт жол апатынан қайтыс болды

15 октября, 2021

Топ жаңалықтар

  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірісті басқарудың бірыңғай цифрлық экожүйесін қалыптастыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда
  • «Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді
  • Қазақстандық Диана Ержанова триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогының жеңімпазы атанды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.