---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/02/23/%d3%99lemdik-ekonomikany%d2%a3-zha%d2%a3a-kartasy-%d2%9baza%d2%9bstan-%d2%9baj-orynda/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?

![Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/02/2be847d94034321a2ae308d2ff4.webp)

**2026 жылы жаһандық экономика 3,1%-ға өседі деп болжанып отыр. Бірақ осы өсімнің негізгі салмағын кім көтереді? Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) [ болжамына ](https://licensing.visualcapitalist.com/product/who-is-powering-global-economic-growth-in-2026/)сәйкес, әлемдік экономиканың басты қозғаушы күші – Қытай мен Үндістан. **

**Қытай – бірінші, Үндістан – екінші**

Қытай 2026 жылы жаһандық нақты ЖІӨ өсімінің 26,6%-ын қамтамасыз етеді. Ел экономикасы 4,2%-ға ұлғаяды деп күтіледі. Өсім қарқыны бұрынғы жылдармен салыстырғанда баяулағанымен, Қытай экономикасының көлемі үлкен болғандықтан, оның әлемдік өсімдегі рөлі басым.

Үндістан 6,2% өсіммен екінші орында тұр. Оның жаһандық өсімге қосатын үлесі – 17%. Екі ел бірігіп, 2026 жылғы әлемдік экономикалық өсімнің 43%-дан астамын қамтамасыз етеді. Бұл – жаһандық экономикалық орталықтың Азияға қарай ығысқанын аңғартады.

**АҚШ пен Еуропа: өсім бар, қарқын баяу**

Дамыған мемлекеттер арасында ең ірі үлес АҚШ-қа тиесілі. 2026 жылы Америка экономикасы 2,1%-ға өсіп, жаһандық өсімнің 9,9%-ын береді.

Еуропаның жиынтық үлесі 9,5% шамасында. Германия, Франция, Италия, Испания секілді елдер үлес қосқанымен, халық санының қартаюы мен қаржы жағдайының қатаюы аймақтың экономикалық белсенділігін тежеп отыр.

**Дамушы нарықтар күшейіп келеді**

Алғашқы ондыққа Индонезия, Түркия, Сауд Арабиясы, Мысыр, Вьетнам, Бразилия және Нигерия кірді. Бұл елдер 3,7%-дан 5,6%-ға дейін өсім көрсетеді деп күтілуде. Яғни дамушы экономикалар жаһандық өсімнің маңызды бөлігіне айналды.

**Қазақстанның орны қандай?**

Қазақстан 2026 жылы 4,8% өсім көрсетеді деген болжам бар. Елдің жаһандық өсімдегі үлесі – 0,7%. Көрсеткіш ірі экономикалармен салыстырғанда шағын болғанымен, аймақтық деңгейде бұл маңызды динамика.

2026 жылғы жаһандық нақты ЖІӨ өсіміне үлес қосатын алғашқы 30 ел (рейтинг):

1. Қытай – 26,6%
2. Үндістан – 17,0%
3. АҚШ – 9,9%
4. Индонезия – 3,8%
5. Түркия – 2,2%
6. Сауд Арабиясы – 1,7%
7. Мысыр – 1,7%
8. Вьетнам – 1,6%
9. Бразилия – 1,5%
10. Нигерия – 1,5%
11. Бангладеш – 1,3%
12. Филиппин – 1,3%
13. Ресей – 1,1%
14. Польша – 1,0%
15. Германия – 0,9%
16. Ұлыбритания – 0,9%
17. Пәкістан – 0,9%
18. Малайзия – 0,9%
19. Аргентина – 0,9%
20. Испания – 0,9%
21. Оңтүстік Корея – 0,9%
22. Мексика – 0,8%
23. Қазақстан – 0,7%
24. БАӘ – 0,7%
25. Жапония – 0,6%
26. Франция – 0,6%
27. Канада – 0,6%
28. Тайвань – 0,6%
29. Австралия – 0,6%
30. Италия – 0,5%

Фото: Руслан Пряников

 

---

Жарияланды: 2026-02-23T15:08:08+06:00

Жаңартылды: 2026-02-23T15:08:08+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/02/23/%d3%99lemdik-ekonomikany%d2%a3-zha%d2%a3a-kartasy-%d2%9baza%d2%9bstan-%d2%9baj-orynda/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.