---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/02/19/zhastar-pikirtalasy-konstitucziyaly%d2%9b-reforma-eldi%d2%a3-%d2%b1za%d2%9b-merzimdi-damuyny%d2%a3-negizi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ЖАСТАР ПІКІРТАЛАСЫ: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – ЕЛДІҢ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

![ЖАСТАР ПІКІРТАЛАСЫ: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – ЕЛДІҢ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/02/photo_2026-02-19_12-16-40.jpg)

**Бүгін Ақтөбе қаласында «Конституциялық реформа – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі» тақырыбында жастар пікірталасы өтті.**

Іс-шараның мақсаты – жаңартылған Конституцияның негізгі ережелерін жан-жақты талқылау, ашық диалог мәдениетін дамыту, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және 15 наурызда өтетін жаңа Конституция бойынша алдағы референдумды қолдауға бағытталған ортақ ұстаным қалыптастыру.

Жиынды ашқан «Ауыл» партиясы Орталық аппарат басшысының орынбасары Нұрхат Ораш бүгінгі жастар пікірталасы Конституциялық реформаның негізгі бағыттарын түсіну және жастардың қоғамдағы маңызды мәселелерді талқылауына мүмкіндік беретін алаң екенін атап өтті.

Жиынға қатысушы белсенді жастар **Конституцияның жаңа жобасын толықтай қолдайтындықтарын білдірді.** Олар бұл реформаны елдің демократиялық бағытын айқындайтын және азаматтық қоғамды нығайтатын тарихи қадам ретінде бағалады. Жастар атап өткендей, жаңа Конституция адам капиталына, білім мен инновацияға басымдық бере отырып, жас буын үшін жаңа әлеуметтік лифтілер мен құқықтық кепілдіктер ашады.

Сонымен қатар шараға Ақтөбе облысы жастар басқармасының бөлім басшысы Мади Кемешов, облыстық ЖРО, Жастар бастамаларын қолдау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы Дастан Құрманбай және белсенді жастар өз пікірлерін білдірді.

Жиын соңында қатысушылар жаңа Конституция - өткенді саралап, болашаққа нық қадам жасауға мүмкіндік беретін стратегиялық таңдау деген ортақ байламға келді.

---

Жарияланды: 2026-02-19T07:30:36+06:00

Жаңартылды: 2026-02-19T07:30:36+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/02/19/zhastar-pikirtalasy-konstitucziyaly%d2%9b-reforma-eldi%d2%a3-%d2%b1za%d2%9b-merzimdi-damuyny%d2%a3-negizi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.