---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/02/19/kardiologiya-zh%d3%99ne-ishki-aurular-%d2%93zi-europaly%d2%9b-arteriyaly%d2%9b-gipertenziya-%d2%9bo%d2%93amyny%d2%a3-hypertension-excellence-centre-m%d3%99rtebesine-ie-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Еуропалық артериялық гипертензия қоғамының Hypertension Excellence Centre мәртебесіне ие болды

![Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Еуропалық артериялық гипертензия қоғамының Hypertension Excellence Centre мәртебесіне ие болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/02/sertifikat-pdf.jpg)

**Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Еуропалық артериялық гипертензия қоғамының (ESH) Hypertension Excellence Centre мәртебесіне ресми түрде ие болды. Бұл  мәртебені алу институттың артериялық гипертензия мен жүрек-қан тамырлары ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алу салаларында  халықаралық стандарттарға сай келетінін растайды. Excellence Centre мәртебесі 2031 жылға дейін жарамды.**

Hypertension Excellence Centre бағдарламасы – Еуропалық артериялық гипертензия қоғамының жетекші клиникалық және ғылыми орталықтар желісін қалыптастыруға бағытталған халықаралық бастамасы, **бұл орталықтар:**

- артериялық гипертензиясы бар пациенттерді жүргізуде жоғары клиникалық сараптамалық деңгейін;
- ESH/ESC заманауи еуропалық ұсынымдарын күнделікті клиникалық тәжірибеге енгізілгенін;
- белсенді ғылыми-зерттеу қызметін;
- медицина мамандары арасында білім беру жұмысын, сондай-ақ жүрек-қан тамырлары қауіптеріне қатысты пәнаралық және профилактикалық тәсілді **көрсетеді.**

Excellence Centre мәртебесі Еуропалық артериялық гипертензия қоғамы белгілеген сапа критерийлеріне сәйкестігін дәлелдеп, қатаң сараптамалық бағалаудан өткен мекемелерге ғана беріледі.

Институтқа бұл мәртебенің берілуі Артериялық гипертензия және кардиоваскулярлық профилактика мамандары қоғамының президенті Гүлнар Жүнісбекованың, вице-президенті Мейрамгүл Тундыбаеваның басшылығымен ESH пен қоғамның тығыз ынтымақтастығының арқасында мүмкін болды.

Hypertension Excellence Centre мәртебесін алу Қазақстанның халықаралық кардиологиялық және профилактикалық қауымдастықтағы позициясын нығайтуға; ESH халықаралық ғылыми және білім беру бағдарламаларына қатысу мүмкіндігін кеңейтуге; артериялық гипертензиясы бар пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға, сондай-ақ жүрек-қан тамырлары қауіптерін басқаруда профилактика мен жекелендірілген тәсілдің рөлін күшейтуге мүмкіндік береді.

КІАҒЗИ клиникалық, ғылыми және білім беру қызметін одан әрі дамыту бағытында жұмысын жалғастырып, халықтың денсаулығын жақсартуға және Қазақстанда еуропалық озық тәжірибелерді енгізуге өз үлесін қосады.

*European Society of Hypertension — артериялық гипертензия, жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу және бақылау саласындағы сарапшыларды біріктіретін жетекші халықаралық кәсіби ұйым. ESH бүкіл әлем дәрігерлері пайдаланатын клиникалық ұсынымдар, білім беру бағдарламалары мен ғылыми бастамаларды әзірлейді және олар гипертензия саласындағы заманауи дәлелді медицинаның негізін құрайды.*

* *

** **

** **

 

---

Жарияланды: 2026-02-19T10:22:45+06:00

Жаңартылды: 2026-02-19T10:22:45+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/02/19/kardiologiya-zh%d3%99ne-ishki-aurular-%d2%93zi-europaly%d2%9b-arteriyaly%d2%9b-gipertenziya-%d2%9bo%d2%93amyny%d2%a3-hypertension-excellence-centre-m%d3%99rtebesine-ie-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.