---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/02/17/samsung-python-zh%d3%99ne-big-data-negizderi-tegin-kursyny%d2%a3-bastal%d2%93andy%d2%93y-turaly-habarlajdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Samsung “Python және Big Data негіздері” тегін курсының басталғандығы туралы хабарлайды

![Samsung “Python және Big Data негіздері” тегін курсының басталғандығы туралы хабарлайды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/02/baspa-reliz-samsung-python-zhәne-big-data-negizderi-tegin-kursynyң-bastalғandyғy-turaly-habarlajdy.jpg)

**Елдегі және әлемдегі ең үздік университеттерге түсу, халықаралық компанияларда табысты мансапты бастау және технология мен жасанды интеллекттің қалай жұмыс істейтінін түсіну — 2026 жылы осының барлығы деректерді талдау негіздері курсында игерілуі мүмкін IT білімін қажет етеді.**

Samsung Electronics Samsung Innovation Campus халықаралық білім беру бағдарламасының аясында «**Деректерді талдау**» курсына жаңа қабылдауды бастағанын хабарлағандықтан, сіз бұл білімді жасөспірім кезіңізден бастап **толық****тегін** ала аласыз. Бұл курс аясында 13-25 жас аралығындағы жас қазақстандықтар ең сұранысқа ие бағдарламалау тілдерінің бірі – Python-ды меңгереді.

Тіркеу 23 ақпанға дейін жалғасады, ал курстың өзі ақпан айының соңында басталып, маусым айының басында аяқталады.

Орыс және қазақ тілдерінде бірнеше оқу форматтары қолжетімді – **оффлайн****немесе****онлайн**. Оффлайн сабақтар Қазақстанның алты қаласында: **Алматы, Астана, Ақтөбе, Қостанай, Талдықорған және Атырауда** өтеді. Қашықтан – Google платформасында өткізіледі. Оқытушылар – сәйкес салаларда мол тәжірибесі бар сертификатталған мамандар.

Қатысушыларды күтеді:

**–** **Samsung****ғаламдық кеңсесімен****сертификатта****л****ған****мол****білім қоры;**

**— Ыңғайлы оқу форматы: ыңғайлы үзілістермен екі сағаттық с****ессиялар****.**

**–****Samsung** **Innovation** **Campus** **заманауи жабдықталған сыныптардағы тәжірибе сабақтары****(офлайн-****үлгісінде****).**

**–****Тәжірибелі оқытушылар және қызықты сабақтар****.**

Курсты аяқтағаннан кейін қатысушылар кәсіби деректер талдаушылары дайындаған деректерді талдау емтиханынан өтіп, Samsung Electronics компаниясынан сертификат алады. Ең бастысы – олар еңбек нарығында және әлемнің жетекші университеттерінде сұранысқа ие дағдыларды игереді және Samsung Innovation Campus жаһандық қауымдастығының бір бөлігіне айналады!

Жобаның ресми сайтында тіркелу басталып кетті: samsung-campus.kz. Сондай-ақ, алдағы курс туралы барлық мәліметтерді сол жерден біле аласыз.

**Samsung Innovation Campus** – бүкіл әлемдегі жастарға болашақ мүмкіндіктерін жасау үшін озық IT дағдылары мен практикалық білім алуға көмектесетін жаһандық білім беру бағдарламасы. Бағдарлама сандық дәуірге сәйкес келетін құрылымдық AI бойынша оқытуды, сондай-ақ практикалық оқытуды, сарапшылық тәлімгерлікті және Big Data және Заттар интернеті (IoT) сияқты негізгі болашақ үрдістерді зерттеуді ұсынады.

Бағдарлама Қазақстанда 2017 жылдың желтоқсан айында басталды. Содан бері 3000-нан астам жас қазақстандық бағдарламалау негіздерін үйреніп, болашақтарын жобалау және өздерінің ең үлкен әлеуетін жүзеге асыру үшін технологияны қолданды. Олардың ішінде 800-ден астам студент сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар алды.

 

---

Жарияланды: 2026-02-17T05:48:48+06:00

Жаңартылды: 2026-02-17T05:48:48+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/02/17/samsung-python-zh%d3%99ne-big-data-negizderi-tegin-kursyny%d2%a3-bastal%d2%93andy%d2%93y-turaly-habarlajdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.