Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Жаңа Конституция: Конституция жобасына арналған «Референдум–2026» онлайн-марафоны мәресіне жетті

admin by admin
14 февраля, 2026
Жаңа Конституция: Конституция жобасына арналған «Референдум–2026» онлайн-марафоны мәресіне жетті

Шара жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық алаң ретінде ұйымдастырылған. Алты сағатқа жоспарланған марафон барысында жаңа Конституцияның негізгі бағыттары жан-жақты талқыланды.

Байланысты

AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ

«Қазақмыс» Ұлытау облысында геологиялық барлау жұмыстарын екі есеге ұлғайтуда

Франк Жаффе авиация саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін SITA Global Services командасын басқарады

Талқылау алаңында 100-ге жуық спикер «Жаңа Конституция: өзгерістердің мәні», «Жаңа Конституцияның Преамбуласы», «Егемендік пен Тәуелсіздік — бәрінен қымбат», «Человек в центре государственной политики», «Заң және тәртіптің үстемдігі мемлекет қызметінің негізгі қағидаты», «Тарихи-мәдени мұраны сақтау, төл мәдениетті қолдау», «Семья и брак», «Құрылтай ықпалы: құзыреті мен міндеті», «Қазақстан Халық кеңесі», «Ұлттық заңнама мен халықаралық шарттардың арақатынасы», «Волонтерская деятельность», «Экологиялық мәдениет пен жауапкершілік»тақырыптары бойынша пікір алмасып, конституциялық өзгерістердің әр азаматтың өміріне әсері туралы пікірлер ортаға салынды.

Онлайн марафон барысында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Алтынбек Нухұлы, ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов және мəдениеттанушы, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты, этномедиация орталығының басшысы Фарида Мұсатаева дажаңа Ата заң жобасына қатысты ой білдірді. Олар тарихи-мəдени мұраны сақтау, төл мəдениетті қолдау тақырыбында сөз қозғады.

Өз кезегінде Мəжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Преамбулада алғаш рет білім мен ғылым, инновация туралы жазылғанын атап өтті.

«Мемлекеттің басты қағидаларының ішінде де білім мен ғылым, инновация көрсетілген. Жаңа Ата заңда оны тарқатып түсінідіретін тиісті нормалар да бар. Бұл мемлекеттің білім мен ғылым негізінде дамитынының айғағы», — деді Асхат Аймағамбетов.

Ал Сенат депутаты Алтынбек Нұхұлы ел дамуы бағытында дамыған елдердің тәжірибесін қолданудың маңызын атап өтті.

«Көп мемлекеттің       Конституциясында өздерінің төл мәдениеті, тарихы көрсетілген. Мысалы, Финляндия, Жапония, Германияның Конституциялары осыған дәлел. Дамыған елдердің тәжірибесін өзімізде де іске асыра білсек, еліміздің дамуы жоғары деңгейде боларына сенемін», — деді депутат.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Ал Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева «Миранда» қағидасының Ата Заңға норма ретінде енгізілу себебін түсіндірді.

«Бостандық – адам құқықтарының бірі. Сондықтан әр минут маңызды. «Миранда» қағидасы адам құқықтарын қорғауға бағытталған және бостандықты шектеуге жол бермейтін маңызды норма», — деді депутат.

Онлайн марафон барысында спикерлер Қазақстанның халықаралық қатынастардағы рөліне де тоқталды. Заң ғылымдарының докторы Жамаладен Ибрагимов  еліміздің әлемдік кеңістікте орта держава ретінде орын алғанын айтты.

«Жаңа Конституция қабылданса біздің мемлекет бейбітшілікті насихаттаушы ел ретінде әлем халқы арасындағы рөлін нығайта түседі», — деді Жамаладен Ибрагимов .

«Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры, Конституциялық комиссия мүшесіДихан Қамзабекұлы  Ата заңда алғаш рет жазылған «қоғамдық диалог» ұғымына қатысты пікір білдірді.

«Жаңа Конституцияның 3-бабында қоғамдық диалог Қазақстанның негізгі құндылықтары қатарында көрсетілді. Оның басты бағдары — қоғам менбилік арасында алтын көпір болу», — деді Дихан Қамзабекұлы.

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан жаңа Конституцияның қабылдануы жаңа тарихи кезеңнің басталуы екенін айтты.

«Жаңа Конституция жобасы Тәуелсіздікті қорғауға бағытталған. Әдеби, мәдени ғылыми тұрғыдан бастап, экономикалық, саяси, ішкі және сыртқы тәуелсіздік, адамдардың ар-ұждан бостандығы, жалпы шекаралық тәуелсіздік барлығы осы мақсаттқа арналды. Меніңше, бұл жаңа тарихи кезеңнің басталуы деп ойлаймын», — деді Жанарбек Әшімжан.

Спикерлер қатарында ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Дания Еспаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айдос Сарым, Жанарбек Əшімжан, Азат Перуашев, Нұрсұлтан Байтілесов, Қарақат Əбден, Жарқынбек Амантай, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Əлішер Сатвалдиев, Əсем Рахметова, Алтынбек Нухұлы, саясаттанушылар Əйгерім Серікжанова, Əйгерім Əбдірашитова, заң ғылымдарының докторы Жамаладен Ибрагимов және өзге де қоғам өкілдері бар.

«Референдум–2026» онлайн-марафоны барысында 24 өзекті тақырып қамтылды. Олардың қатарында Егемендік, Заң мен тәртіп, адам құқықтары, неке және отбасы институты, экология және Құрылтайдың рөлі сынды маңызды бағыттар бар.

 

 

 

 

 

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Алматыда КИСИ GPS алаңында жаңа Конституцияның құндылықтық бағдарлалары талқыланды

Келесі жаңалық

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Жолтай Әлмашұлының жаңа кітаптары таныстырылды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ
Категориясыз

AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ

16 июня, 2026
«Қазақмыс» Ұлытау облысында геологиялық барлау жұмыстарын екі есеге ұлғайтуда
Категориясыз

«Қазақмыс» Ұлытау облысында геологиялық барлау жұмыстарын екі есеге ұлғайтуда

16 июня, 2026
Франк Жаффе авиация саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін SITA Global Services командасын басқарады
Категориясыз

Франк Жаффе авиация саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін SITA Global Services командасын басқарады

16 июня, 2026
Жаңа адамдар Әділет партиясының II съезінде: жасампаз күштердің бірігуі
Категориясыз

Жаңа адамдар Әділет партиясының II съезінде: жасампаз күштердің бірігуі

16 июня, 2026
Алматыда New Vision Forum 2026 аясында 30 елден келген 4000 кәсіпкер бас қосты
Категориясыз

Алматыда New Vision Forum 2026 аясында 30 елден келген 4000 кәсіпкер бас қосты

15 июня, 2026
Visa зерттеуі: қазақстандықтардың 72%-ы сатып алу кезінде жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін пайдаланады, алайда төлем жасау кезінде сенім негізгі фактор болып қала береді
Категориясыз

Visa зерттеуі: қазақстандықтардың 72%-ы сатып алу кезінде жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін пайдаланады, алайда төлем жасау кезінде сенім негізгі фактор болып қала береді

15 июня, 2026
Келесі жаңалық
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Жолтай Әлмашұлының жаңа кітаптары таныстырылды

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Жолтай Әлмашұлының жаңа кітаптары таныстырылды

Ерсін Балтағұл қазақстандық спортшылармен және жас балуандармен жүздесті

Ерсін Балтағұл қазақстандық спортшылармен және жас балуандармен жүздесті

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Samsung Galaxy Z TriFold-ты ұсынады: болашақ мобильді инновациялардың жаңа пішіні

Samsung Galaxy Z TriFold-ты ұсынады: болашақ мобильді инновациялардың жаңа пішіні

5 декабря, 2025
Киевте қазақстандық журналист Айдос Садықов қайтыс болды

Киевте қазақстандық журналист Айдос Садықов қайтыс болды

2 июля, 2024
Air Astana Германияға жаңа маршрут қосты

Air Astana Германияға жаңа маршрут қосты

19 декабря, 2024

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ
  • «Қазақмыс» Ұлытау облысында геологиялық барлау жұмыстарын екі есеге ұлғайтуда
  • Франк Жаффе авиация саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін SITA Global Services командасын басқарады

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.