---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/02/12/alisa-a%d2%9byldy-kolonkalarynda-zha%d2%a3a-%d2%9baza%d2%9bstandy%d2%9b-radiostancziyalar-%d2%9bolzhetimdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алиса ақылды колонкаларында  жаңа қазақстандық радиостанциялар қолжетімді

![Алиса ақылды колонкаларында  жаңа қазақстандық радиостанциялар қолжетімді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/02/photo_2026-02-12_11-28-03.jpg)

**Yandex Qazaqstan Алиса ЖИ-ассистенті бар ақылды колонкаларында қазақстандық Mustafin FM және Jibek Joly радиостанциялары қосылды. Енді Қазақстандағы пайдаланушылар 9 танымал жергілікті радиостанцияны тыңдай алады — эфирді жай ғана дауыстық пәрмен арқылы қосуға болады.**

​Жергілікті радиостанцияларды Алиса ақылды колонкаларға қосу өткен жылдың тамыз айында басталған болатын. Анонимді жиынтық деректерге сүйенсек, желтоқсан айының соңына қарай радио тыңдау көрсеткіші ай сайын 16%-ға өскен. Желтоқсанда орта есеппен бір пайдаланушы радионы күніне үш рет қосқан.

​«Көптеген қазақстандықтар үшін радио таңертең көңіл-күй сыйлайды немесе кешкісін үйде жайлы атмосфера орнатуға көмектеседі. Сондықтан біз сүйікті эфирлерді кез келген уақытта бір ауыз сөзбен қосу мүмкін болуы үшін Алиса ақылды колонкалардағы жергілікті контентті кеңейтуді жалғастырамыз»,

— деп атап өтті Yandex Qazaqstan басшысы Тимур Шалекенов.

Эфирді қосу үшін, мысалы: «Алиса, NS радиосын қос» немесе «Алиса, Той Думан» радиосын тыңдағым келіп тұр» деп айтсаңыз жеткілікті  

Алиса ЖИ-ассистенті бар станцияларды «Технодом», «Мечта», Sulpak дүкендерінен, сондай-ақ Алисаның ресми дүкенінен онлайн және офлайн сатып алуға болады

---

Жарияланды: 2026-02-12T06:47:14+06:00

Жаңартылды: 2026-02-12T06:47:14+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/02/12/alisa-a%d2%9byldy-kolonkalarynda-zha%d2%a3a-%d2%9baza%d2%9bstandy%d2%9b-radiostancziyalar-%d2%9bolzhetimdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.