Алиса ақылды колонкаларында жаңа қазақстандық радиостанциялар қолжетімді

Алиса ақылды колонкаларында  жаңа қазақстандық радиостанциялар қолжетімді

Yandex Qazaqstan Алиса ЖИ-ассистенті бар ақылды колонкаларында қазақстандық Mustafin FM және Jibek Joly радиостанциялары қосылды. Енді Қазақстандағы пайдаланушылар 9 танымал жергілікті радиостанцияны тыңдай алады — эфирді жай ғана дауыстық пәрмен арқылы қосуға болады.

​Жергілікті радиостанцияларды Алиса ақылды колонкаларға қосу өткен жылдың тамыз айында басталған болатын. Анонимді жиынтық деректерге сүйенсек, желтоқсан айының соңына қарай радио тыңдау көрсеткіші ай сайын 16%-ға өскен. Желтоқсанда орта есеппен бір пайдаланушы радионы күніне үш рет қосқан.

​«Көптеген қазақстандықтар үшін радио таңертең көңіл-күй сыйлайды немесе кешкісін үйде жайлы атмосфера орнатуға көмектеседі. Сондықтан біз сүйікті эфирлерді кез келген уақытта бір ауыз сөзбен қосу мүмкін болуы үшін Алиса ақылды колонкалардағы жергілікті контентті кеңейтуді жалғастырамыз»,

— деп атап өтті Yandex Qazaqstan басшысы Тимур Шалекенов.

Эфирді қосу үшін, мысалы: «Алиса, NS радиосын қос» немесе «Алиса, Той Думан» радиосын тыңдағым келіп тұр» деп айтсаңыз жеткілікті
Алиса ЖИ-ассистенті бар станцияларды «Технодом», «Мечта», Sulpak дүкендерінен, сондай-ақ Алисаның ресми дүкенінен онлайн және офлайн сатып алуға болады