Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

«Ауыл» партиясы Қарағанды облыстық филиалы жаңа Конституция жобасын қолдады

admin by admin
10 февраля, 2026
«Ауыл» партиясы Қарағанды облыстық филиалы жаңа Конституция жобасын қолдады

2026 жылғы 10 ақпанда Қарағанды облысында «Ауыл» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Байланысты

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді

Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды

Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары өтеді.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия ұсынған жаңа Конституция жобасын талқылау.

Жиында жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері, оның ішінде ауылдық аймақтардың дамуына, аграрлық секторға, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне және әлеуметтік саясатқа ықпалы жан-жақты сараланды.

Кеңейтілген отырысқа Саяси кеңес мүшелері, бастапқы партия ұйымдарының төрағалары, партия белсенділері мен кадрлық резерв өкілдері қатысты.

Отырысты ашқан «Ауыл» партиясының Қарағанды облысы бойынша өңірлік филиалының төрағасы Руслан Никонович баяндама жасап, талқыланып отырған мәселелер «Әділетті Қазақстанның» жаңа саяси мәдениеті мен құқықтық негіздерін қамтитынын атап өтті.

«Конституциялық реформа мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Халыққа Жолдауларында көрсетілген стратегиялық бағыттар – біздің партия жұмысының негізгі бағдаршамы», – деді Руслан Никонович.

Күн тәртібіне сәйкес отырыс барысында жаңа Конституция жобасын негізгі бағыттары бойынша пікірталастар өткізілді, спикерлер өз ұстанымдарын таныстырды.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Саяси кеңес мүшесі Сергазы Адекенов партия құрылымдарының негізгі міндеттерінің бірі – конституциялық жаңашылдықтардың мән-маңызын халыққа жеткізу және азаматтар арасында жүргізіліп жатқан реформаларды объективті түсіндіру екенін атап өтті.

«Ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасы ең алдымен халық мүддесін қорғауға, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтауға және жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлін күшейтуге бағытталған», – деді ол.

Абай ауданының мәслихат депутаты, «Ержанов» шаруа қожалығының жетекшісі Алтай Абишевте Конституция жобасын қолдап, оның ауылдық жерлерді дамытуға, құқықтық кепілдіктерді нығайтуға және мемлекеттік институттардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға маңыздылығын атап өтті.

Партиялық белсенді Сәкен Келдібаев сөзінде негізгі мемлекеттік құжаттарды талқылауға қоғамдық қатысудың маңыздылығына тоқталып, Конституцияны жаңарту қоғамның әділдік пен басқарудың ашықтығына деген сұранысын бейнелейді деп атап өтті.

«Әйел қанаты» бастапқы партия ұйымының төрайымы Марина Шиллер конституциялық реформа азаматтық белсенділік мүмкіндіктерін кеңейтуге, отбасы институтын нығайтуға және әйелдердің қоғамдық-саяси өмірдегі рөлін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Шет ауданы партия ұйымының төрайымы Арайлым Амирова Жаңа Конституция жобасын кеңінен талқылау азаматтық қоғамның пісіп-жетілгенін және азаматтардың елдің болашағын қалыптастыруға қатысуға ұмтылысын көрсететінін ерекше атап өтті.

Бұл кездесу тек партияішілік диалог алаңы ғана емес, мемлекеттік маңызы бар реформалар бойынша ортақ пікір қалыптастыру алаңы болды.

Іс-шара соңында «Ауыл» партиясының 25 жылдығына орай партия белсенділерін мерейтойлық медальдармен марапаттау рәсімі өткізілді.

 

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

379 000-нан 610 000 теңгеге дейін: 2026 жылы дипломсыз жоғары табыс әкелетін 5 мамандық

Келесі жаңалық

2026 жылға арналған болжам: жаһандық инфляцияның оралуы

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді
Категориясыз

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді

19 июля, 2026
Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды
Категориясыз

Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды

18 июля, 2026
Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары өтеді.
Категориясыз

Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары өтеді.

17 июля, 2026
Балқашта Металлург күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті
Категориясыз

Балқашта Металлург күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті

17 июля, 2026
Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты
Категориясыз

Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты

17 июля, 2026
Almaty Museum of Arts пен Visa өнерді көпшілікке қолжетімді ету жолында серіктестік орнатты
Категориясыз

Almaty Museum of Arts пен Visa өнерді көпшілікке қолжетімді ету жолында серіктестік орнатты

17 июля, 2026
Келесі жаңалық
2026 жылға арналған болжам: жаһандық инфляцияның оралуы

2026 жылға арналған болжам: жаһандық инфляцияның оралуы

Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Шымкентте қаржы пирамидасын құрған күдіктілер ұсталды

Шымкентте қаржы пирамидасын құрған күдіктілер ұсталды

24 декабря, 2020
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «АстраЗенека» меморандумға қол қойды: өмірлік маңызы бар дәрілердің бағасы төмендейді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «АстраЗенека» меморандумға қол қойды: өмірлік маңызы бар дәрілердің бағасы төмендейді

8 июля, 2025
Алматы қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Алматы қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

28 февраля, 2022

Топ жаңалықтар

  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірісті басқарудың бірыңғай цифрлық экожүйесін қалыптастыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді
  • Әлемге танымал киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды
  • Жезқазғанда Металлург күніне арналған ауқымды Metallurg Fest өтті

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.