---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/02/06/astanada-%d2%9bar-k%d2%afreu-zh%d2%b1mysyna-3-000-nan-astam-zhol-zh%d2%b1mysshysy-men-1-700-den-asa-arnajy-tehnika-zh%d2%b1myldyryldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Астанада қар күреу жұмысына 3 000-нан астам жол жұмысшысы мен 1 700-ден аса арнайы техника жұмылдырылды

![Астанада қар күреу жұмысына 3 000-нан астам жол жұмысшысы мен 1 700-ден аса арнайы техника жұмылдырылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/02/gluster_2026_2_6_b7c22946e58c1af54c59f00dd58201a8_1280x720.jpg)

**Астанада толассыз қар жауып, көктайғақ орнады. Қаланың коммуналдық қызметі тәулік бойы үзіліссіз жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.**

Өткен түнде қала аумағынан арнайы қар полигондарына 2 095 рейспен 30 мың текше метрден астам қар шығарылды.  

6 ақпанның таңынан бастап қаланы қардан күреуге 3 128 жол жұмысшысы мен 1 768 арнайы техника жұмылдырылды.

Қыс маусымы басталғалы бері елордадан қар полигондарына барлығы 264 199 рейспен 3 млн 715 мың 837 текше метр қар шығарылды.

Күн райына байланысты, күндіз ауа температурасы нөлден жоғары болып, қар ериді, ал түнде күрт суыту салдарынан жолдар мен тротуарларда көктайғақ орнады.

Қала тұрғындарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге техникалық тұз себіледі. Бұл жұмыс тәулік бойы, үзіліссіз жүргізіледі.

«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес, 6 ақпанда Астанада негізінен қар жауып, көктайғақ болады.  

Түнде және таңертең тұман, күндіз боран күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 9-14 м/с жетеді, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.  

Ауа температурасы түнде және күндіз -1…-3°С, күндіз одан әрі төмендейді.

7 ақпанда да төменгі боран мен қар жауады деп болжанып отыр. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с соғады. Ауа температурасы түнде -17…-19°С, күндіз -14…-16°С болады.  

Астана әкімдігі тұрғындарды жолдарда сақ болуға және мүмкіндігінше алыс сапарларға шықпауға шақырады.

Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласу қажет.

---

Жарияланды: 2026-02-06T10:55:30+06:00

Жаңартылды: 2026-02-06T10:55:30+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/02/06/astanada-%d2%9bar-k%d2%afreu-zh%d2%b1mysyna-3-000-nan-astam-zhol-zh%d2%b1mysshysy-men-1-700-den-asa-arnajy-tehnika-zh%d2%b1myldyryldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.