Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Мұхтар Төлеген: Конституция – мемлекеттің бүкіл құқықтық жүйесінің өзегі

admin by admin
5 февраля, 2026
Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

Байланысты

Бейбіт Исабаев елдің он дүркін чемпионы «Жетісу» волейбол командасының ойыншыларын қабылдады

Теміртаудың бірнеше шағын ауданының тұрғындары үшін көп жылдан бері алғаш рет жылыту маусымы бірде-бір апатсыз өтті

01.04.2026 жылғы жағдай бойынша «Alatau City Garant » СК» АҚ бухгалтерлік балансы және кірістер мен шығыстар туралы есебі

Buy JNews
ADVERTISEMENT
«Казахстанская правда» республикалық газетінде жаңа Конституцияның маңызына арналған мақалам жарық көрді. Жарияланымда еліміз үшін стратегиялық мәні бар құжат – Қазақстан Республикасының Конституциясы және оны жаңғырту үдерісі туралы ой-пікірлер ұсынылды.
Конституция – мемлекеттің бүкіл құқықтық жүйесінің өзегі. Ол мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының, ішкі және сыртқы саясаттың стратегиялық даму бағыттарын айқындайды, сондай-ақ әкімшілік, азаматтық, қылмыстық-процестік, еңбек және өзге де құқық салаларын реттеудің негізін қалайды. Негізгі заң – мемлекеттілігіміздің берік іргетасы, құқықтық жүйенің тірегі әрі заңдардың бастауы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалар Қазақстанның саяси-құқықтық жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды тарихи кезең болып табылады. Президент ұсынған «Әділетті Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамалары жаңа Конституция жобасында нақты құқықтық мазмұнға ие болып, мемлекет пен қоғам дамуының стратегиялық бағдары ретінде айқындалды.
Жаңа Конституция жобасының жарты жыл бойы жан-жақты зерделеніп, қоғамда кеңінен талқылануы оның айрықша маңызын көрсетеді. Осы кезеңде шамамен 2000-ға жуық ұсыныс түсіп, олардың барлығы мұқият қаралды. Нәтижесінде Конституциялық комиссия Конституцияның 77 бабына, яғни оның 84 пайызына өзгерістер енгізуді ұсынды. Бұл бастама қоғам тарапынан қолдау тапты.
Қоғамдық талқылауға шығарылған жаңа Конституция жобасы мемлекеттіліктің іргелі негіздерін қайта қарастырып қана қоймай, елдің дамуының жаңа сапалық кезеңіне өтуіне жол ашады. Ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, билік институттарының ашықтығы мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Конституциялық реформалардың басты өзегі – адам құқықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекіту. Бұл азамат пен мемлекет арасындағы өзара сенімге негізделген жаңа қоғамдық келісімді қалыптастыруға ықпал етеді. Мемлекеттің басты мақсаты – халыққа қызмет ету, ал Конституция осы қағидаттың берік құқықтық тірегіне айналуы тиіс.
Ұсынылып отырған Конституция жобасын Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы аса маңызды әрі жауапты қадам деп санаймын. Алғаш рет «Әділетті Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» қағидаттары Конституция деңгейінде жүйелі түрде бекітіліп отыр. Бұл – қоғам сұранысы мен уақыт талабына берілген нақты жауап.
Азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған 16-1-баптың жаңа редакциясы ерекше назар аударуға тұрарлық. Онда кінәсіздік презумпциясы, бір құқықбұзушылық үшін қайта жауапқа тартуға жол бермеу, сондай-ақ адамның өз кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті еместігі нақты бекітілген. 17–21-баптарды салыстырмалы түрде талдау олардың бұрынғы нұсқалардан қаншалықты жаңартылғанын көрсетеді. Атап айтқанда, адам ар-намысы мен қадір-қасиетінің қолсұғылмастығы, азаптауға және адамдық қадір-қасиетті қорлайтын қатыгез әрекеттерге толық тыйым салу қағидаттары заң деңгейінде нақты айқындалған.
Бұл – жаңа Конституция жобасының халықтың пікірі мен мүддесін ескере отырып әзірленгенінің айқын дәлелі. Мемлекет азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жауапты институт ретінде бекітіледі. «Заң мен тәртіп» қағидаты реформалардың негізгі өзегіне айналып, қоғамдық тұрақтылықты сақтауға, құқықтық мәдениетті арттыруға және мемлекетке деген сенімді нығайтуға қызмет етеді.
Жаңа Конституция жобасының білім мен ғылым саласы үшін де маңызы зор. Университеттер – елдің зияткерлік әлеуетін қалыптастыратын, құқықтық сана мен азаматтық жауапкершілікті тәрбиелейтін маңызды орта. Академиялық еркіндік пен пікір алуандығы Конституция жобасында бекітіліп отырған құндылықтармен тікелей үндеседі.
Қорытындылай келе, Мемлекет басшысы бастамашылық еткен жаңа Конституция жобасы – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы шешуші қадам. Бұл тарихи құжаттың тағдыры жалпыұлттық референдумда қабылданатын ортақ шешім арқылы айқындалады. Сондықтан әрбір азаматтың белсенді ұстанымы – болашақ алдындағы ортақ жауапкершілігіміз. Жаңартылған Ата заң еліміздің тұрақты дамуының, әділ қоғам мен құқықтық мемлекеттің берік негізіне айналатынына сенім мол.
Мұхтар Төлеген
Фото: Sputnik / Владислав Воднев.
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Қазақстан мен Пәкістан арасындағы Тоғызқұмалақ және интеллектуалдық спорт саласындағы ынтымақтастық күшейді

Келесі жаңалық

ЖСДП Орталық аппаратында партияның бастауыш ұйымдары өкілдерінің қатысуымен Конституциялық реформаға арналған жан-жақты талқылау өтті

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Бейбіт Исабаев елдің он дүркін чемпионы «Жетісу» волейбол командасының ойыншыларын қабылдады
Категориясыз

Бейбіт Исабаев елдің он дүркін чемпионы «Жетісу» волейбол командасының ойыншыларын қабылдады

16 апреля, 2026
Теміртаудың бірнеше шағын ауданының тұрғындары үшін көп жылдан бері алғаш рет жылыту маусымы бірде-бір апатсыз өтті
Категориясыз

Теміртаудың бірнеше шағын ауданының тұрғындары үшін көп жылдан бері алғаш рет жылыту маусымы бірде-бір апатсыз өтті

16 апреля, 2026
Категориясыз

01.04.2026 жылғы жағдай бойынша «Alatau City Garant » СК» АҚ бухгалтерлік балансы және кірістер мен шығыстар туралы есебі

16 апреля, 2026
1,5 млн теңге және жол апатын қолдан ұйымдастыру: прокуратура блогер Молдахан ісінің мән-жайын түсіндірді
Категориясыз

1,5 млн теңге және жол апатын қолдан ұйымдастыру: прокуратура блогер Молдахан ісінің мән-жайын түсіндірді

15 апреля, 2026
Қоғам белсенділері мен депутаттар жануарларды қорғау ұйымдарын тексеруді талап етуде
Категориясыз

Қоғам белсенділері мен депутаттар жануарларды қорғау ұйымдарын тексеруді талап етуде

15 апреля, 2026
Жаһандық зерттеу: авиациялық технологияларға инвестициялардың тиімділігі деректерді үйлестіруге тәуелді
Категориясыз

Жаһандық зерттеу: авиациялық технологияларға инвестициялардың тиімділігі деректерді үйлестіруге тәуелді

15 апреля, 2026
Келесі жаңалық
ЖСДП Орталық аппаратында партияның бастауыш ұйымдары өкілдерінің қатысуымен Конституциялық реформаға арналған жан-жақты талқылау өтті

ЖСДП Орталық аппаратында партияның бастауыш ұйымдары өкілдерінің қатысуымен Конституциялық реформаға арналған жан-жақты талқылау өтті

Жаңа Конституция – қоғам дамуының заңды талабы

Жаңа Конституция – қоғам дамуының заңды талабы

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

«Еуразиялық банк» Қазақстандағы алғашқы эко-карта шығарды

«Еуразиялық банк» Қазақстандағы алғашқы эко-карта шығарды

14 июня, 2021
«Таза Қазақстан»: AULAFIT әлеуметтік жобасының қатысушылары экологиялық акцияны қолдады

«Таза Қазақстан»: AULAFIT әлеуметтік жобасының қатысушылары экологиялық акцияны қолдады

27 июня, 2024
Гүлмира Сатыбалды ұсталды

Гүлмира Сатыбалды ұсталды

17 марта, 2022

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматылық онколог: Ерте скрининг қатерлі ісіктен болатын өлім-жітімді азайтудың негізгі жолы болып қала береді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Бейбіт Исабаев елдің он дүркін чемпионы «Жетісу» волейбол командасының ойыншыларын қабылдады
  • Теміртаудың бірнеше шағын ауданының тұрғындары үшін көп жылдан бері алғаш рет жылыту маусымы бірде-бір апатсыз өтті
  • Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.