---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/02/04/konstitucziyany%d2%a3-zhekelegen-baptaryn-%d3%99deji-b%d2%b1rmalap-t%d2%afsindiru-faktileri-kezdesip-zhatyr-aida-balaeva/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Конституцияның жекелеген баптарын әдейі бұрмалап түсіндіру фактілері кездесіп жатыр – Аида Балаева

![Конституцияның жекелеген баптарын әдейі бұрмалап түсіндіру фактілері кездесіп жатыр – Аида Балаева](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/01/photo_529482.jpg)

**Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында [жазды.](https://www.facebook.com/share/p/17qk2C2muu/?mibextid=wwXIfr)**

Оның сөзінше, Жаңа Конституция жобасын талқылау барысында арандатушылар негізсіз ақпарат таратумен айналысуда, деп хабарлайды[ inbusiness.kz ](http://inbusiness.kz/)сайты.

> – Біз бүгінде еліміздің алдағы даму бағыты айқындалатын тарихи кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Жаңа Конституция жобасын талқылау – мемлекетіміздің қоғамдық-саяси өміріндегі аса маңызды оқиғаға айналды. Өкінішке қарай, кейбір әлеуметтік желі қолданушылары жағдайды теріс мақсатта пайдаланып, еліміздегі қоғамдық-саяси ахуалды тұрақсыздандыруға бағытталған әрекеттерге баруда.
> 
> 
> 
> 
> Арандатушылар негізсіз ақпарат таратып, жалған парақшалар мен аккаунттар ашқан (мысалы, Мұхтар Шахановтың, Шавкат Рахмоновтың және өзге де тұлғалардың атынан ашылған фейк-аккаунттар арқылы тіл, жерді сату секілді мәселелер бойынша арандатушылық ақпарат пен үндеулер жариялануда).
> 
> 
> 
> 
> Сондай-ақ, елде ірі митингілер мен жаппай наразылық акциялары өтіп жатыр деген жалған хабарлар таратылып, Конституцияның жекелеген баптарын әдейі бұрмалап түсіндіру фактілері де кездесуде, – деді Аида Балаева.

Осы орайда, Премьер-министрдің орынбасары көпшілікті тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырды.

> – Бұдан бөлек, бұқаралық ақпарат құралдары мен танымал парақшаларға техникалық шабуылдар жасалып жатқаны туралы да хабарлар түсіп отыр. Қазіргі уақытта уәкілетті орган ретінде біз бұл жағдайды жан-жақты зерделеп, тиісті шаралар қабылдап жатырмыз.
> 
> 
> 
> 
> Осыған байланысты тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырамын. Жалған ақпарат тарату қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады, – деді.

---

Жарияланды: 2026-02-04T13:50:01+06:00

Жаңартылды: 2026-02-04T13:50:01+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/02/04/konstitucziyany%d2%a3-zhekelegen-baptaryn-%d3%99deji-b%d2%b1rmalap-t%d2%afsindiru-faktileri-kezdesip-zhatyr-aida-balaeva/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.