Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Freedom Bank Meezan Bank Pakistan-да корреспонденттік шот ашу туралы келісімге қол қойды

admin by admin
4 февраля, 2026
Freedom Bank Meezan Bank Pakistan-да корреспонденттік шот ашу туралы келісімге қол қойды

Қазақстандық Freedom Bank пен пәкістандық Meezan Bank Pakistan корреспонденттік PKR  Vostro шот ашу жөнінде стратегиялық келісім жасады. Құжатқа 2026 жылғы 4 ақпанда Исламабад қаласында екі банктің басшылығы қатысқан ресми салтанатты рәсім барысында қол қойылды.

Байланысты

Qazaqstan International Balloon Festival 30 000-нан астам қонақты жинады

«Әділет» партиясы Астанада екінші съезін өткізеді

Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды

PKR Vostro шотының ашылуы Қазақстан мен Пәкістан арасындағы банктік өзара қарым-қатынастарды жаңа деңгейге шығарады. Freedom Bank үшін бұл бастама қазақстандық компаниялардың пәкістан рупиясымен есеп айырысу және төлемдер жүргізу мүмкіндігіне деген өзекті сұранысына жауап болып отыр. Бұған дейін қазақстандық заңды тұлғалардың мұндай төлемдерді тікелей жүзеге асыру мүмкіндігі болмаған, бұл пәкістандық серіктестермен сауда операцияларын жүргізуде белгілі бір шектеулер туғызған.

«Meezan Bank-пен пәкістан рупиясындағы клиринг және есеп айырысу инфрақұрылымын қалыптастыру аясындағы әріптестігімізге қуаныштымыз. Бұл Freedom Bank-тің халықаралық банктік платформасын нығайтудағы және Пәкістанмен сауда мен трансшекаралық бизнесте жұмыс істейтін клиенттерімізді қолдау мүмкіндіктерін кеңейтудегі маңызды қадам. Біз екі ел бизнесі үшін қосымша қолайлылық, тиімділік пен құндылық әкелетін берік корреспонденттік қатынастардың дамуына сенім артамыз», – деді Freedom Bank директорлар кеңесінің төрағасы Тимур Турлов.

Freedom Bank директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұловтың айтуынша, PKR Vostro шоты трансшекаралық операциялар бойынша есеп айырысуды едәуір жеңілдетіп, төлемдердің орындалу жылдамдығын арттырады.«Бұл қажеттілік ең алдымен қазақстандық бизнес тарапынан туындады. Енді ыңғайлы есеп айырысу инфрақұрылымының пайда болуымен қазақстандық және пәкістандық компаниялар арасындағы сауда-саттықтың қарқынды өсетінін, соның нәтижесінде тауар айналымы ұлғайып, экономикалық байланыстар нығаятынын күтеміз», – деді ол.

Салтанатты рәсім барысында Meezan Bank Pakistan-ның Transaction & International Banking бағытының жетекшісі Мұхаммад Абдулла Ахмед бұл PKR Vostro шотының ашылуы Meezan Bank-тің жаһандық корреспонденттік банкингтегі қатысу аясын кеңейту және трансшекаралық төлемдер инфрақұрылымын нығайту жөніндегі жүйелі күш-жігерін айқындайтынын атап өтті.

«Бұл ынтымақтастық пәкістан рупиясындағы есеп айырысуларды анағұрлым тиімді етіп, операциялардың жылдамдығы мен сапасын арттырады, сондай-ақ банктік серіктестер мен іскерлік қауымдастықтарға қауіпсіз әрі сенімді қаржы арналарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Біз бұл әріптестік Пәкістан мен Қазақстан арасындағы сауданы дамытуда және қаржылық байланыстарды нығайтуда маңызды рөл атқаратынына сенімдіміз», – деді Мұхаммад Абдулла Ахмед.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тауар айналымы 53,7 млн АҚШ долларын құрады. Бұл ретте Қазақстаннан Пәкістанға экспорт 2023 жылмен салыстырғанда 2,1 есеге өсіп, 11,8 млн АҚШ долларына жетті. Ал Пәкістаннан импорт 11,9%-ға төмендеп, 41,9 млн АҚШ долларын құрады. Сонымен қатар, екі ел арасында өзара инвестициялық жобалар да дамып келеді.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Пәкістанның Қазақстанға экспортында негізінен цитрус жемістері, фармацевтикалық өнімдер, киім-кешек, күнделікті тұтыну тауарлары, сондай-ақ спорттық құрал-жабдықтар мен инвентарь басым. Қазақстанның Пәкістанға экспорт құрылымында ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдері, оның ішінде көкөністер, дәнді және бұршақ дақылдары, сондай-ақ металлургия және өңдеу өнеркәсібінің жекелеген өнім түрлері жетекші орын алады.

Анықтама:

Freedom Bank Kazakhstan JSC – Қазақстандағы инновациялық банктердің бірі, жеке және заңды тұлғаларға арналған цифрлық қаржылық өнімдер мен қызметтерді ұсынады. Банк ипотекалық несие, автонесие және бизнеске арналған несиелерді алу үдерісін толық цифрландырды. Сондай-ақ Қазақстанда алғаш рет инвесторларға арналған INVEST CARD картасын және өзге де бірқатар цифрлық карталарды шығарды. Freedom Bank еліміздің ірі қалаларында орналасқан 17 филиалдан тұратын филиалдық желіге ие. Банк Freedom Holding Corp. холдингінің құрамына кіреді. Холдинг қаржылық қызметтерді, бөлшек брокерлік операцияларды, бағалы қағаздармен сауданы, инвестициялық-банктік және андеррайтингтік қызметтерді жүзеге асырады. Қазіргі таңда холдингтің жай акциялары Nasdaq Capital Market және Қазақстан қор биржасында саудаланады.

Meezan Bank Pakistan – Пәкістандағы ең ірі ислам банктерінің бірі. Елдің 350-ден астам қаласында орналасқан 1100-ден аса бөлімшеден тұратын кең ауқымды желіге ие. Банк миллиондаған клиентке қызмет көрсетеді және бөлімшелер саны мен депозиттер көлемі бойынша Пәкістан банктері арасында көшбасшы. Бұл Meezan Bank-ті халықаралық корреспонденттік қатынастар үшін негізгі серіктеске және PKR бойынша есеп айырысу инфрақұрылымын дамытудағы стратегиялық маңызы бар қаржы институтына айналдырады.

Freedom Holding Corp. – брокерлік қызмет, бағалы қағаздармен сауда, инвестициялық зерттеулер мен консалтинг, инвестициялық-банктік және андеррайтингтік қызметтер, ипотека, сақтандыру, телекоммуникациялар, әуе билеттері мен мәдени және спорттық іс-шараларға билеттерді онлайн сату, онлайн-супермаркет қызметтері және өзге де бағыттарды қамтитын әртараптандырылған компания. Еншілес компанияларын қоса алғанда, Freedom Holding Corp.-та 10,3 мыңнан астам қызметкер еңбек етеді. Холдингтің бөлімшелері мен еншілес құрылымдары Қазақстан, АҚШ, Кипр, Польша, Испания, Өзбекстан және өзге де елдерді қоса алғанда, 21 мемлекетте орналасқан. Freedom Holding Corp.-тың жай акциялары АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясында (SEC) тіркелген және Nasdaq Capital Market алаңында FRHC тикерімен саудаланады.

 

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Конституцияның жекелеген баптарын әдейі бұрмалап түсіндіру фактілері кездесіп жатыр – Аида Балаева

Келесі жаңалық

Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Qazaqstan International Balloon Festival 30 000-нан астам қонақты жинады
Мәдениет

Qazaqstan International Balloon Festival 30 000-нан астам қонақты жинады

8 июня, 2026
Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр
Категориясыз

«Әділет» партиясы Астанада екінші съезін өткізеді

8 июня, 2026
Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды
Категориясыз

Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды

8 июня, 2026
«Қазақмыс» Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсетті
Категориясыз

«Қазақмыс» Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсетті

8 июня, 2026
Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы
Категориясыз

Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы

7 июня, 2026
Кассациялық сот заңсыз жұмыстан босатылған қызметкерді қайта жұмысқа қалпына келтірді
Категориясыз

Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

6 июня, 2026
Келесі жаңалық
Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

Қазақстан мен Пәкістан арасындағы Тоғызқұмалақ және интеллектуалдық спорт саласындағы ынтымақтастық күшейді

Қазақстан мен Пәкістан арасындағы Тоғызқұмалақ және интеллектуалдық спорт саласындағы ынтымақтастық күшейді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Шахтада көз жұмған кеншілердің туыстары Президенттен көмек сұрады

Шахтада көз жұмған кеншілердің туыстары Президенттен көмек сұрады

5 января, 2021
Мағзұм Мырзағалиев Президентке браконьерлермен күрес жайлы баяндады

Мағзұм Мырзағалиев Президентке браконьерлермен күрес жайлы баяндады

27 мая, 2021
Полиция бастығы кабинетіндегі зорлау оқиғасы: ІІМ басшысы мәлімдеме жасады

Полиция бастығы кабинетіндегі зорлау оқиғасы: ІІМ басшысы мәлімдеме жасады

16 ноября, 2023

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Qazaqstan International Balloon Festival 30 000-нан астам қонақты жинады
  • «Әділет» партиясы Астанада екінші съезін өткізеді
  • Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.