Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Денсаулық

Депутат Еркін Әбіл: Тарихи сабақтастықты Конституцияда бекіту – ұлт жадын қорғау

admin by admin
4 февраля, 2026
Депутат Еркін Әбіл: Тарихи сабақтастықты Конституцияда бекіту – ұлт жадын қорғау

Тарих – мемлекеттің ең сенімді тірегі. Қазақстанның жаңа Конституция жобасында тарихи сабақтастық ұстанымы алдыңғы қатарда қарастырылған.

Байланысты

Астанада Kazakh Spine Days 2026 халықаралық білім беру курсы басталды: 100-ден астам нейрохирург жұлын нейрохирургиясының заманауи технологияларын талқылауда

Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

Жаңа адамдар дәрігердің тағайындауынсыз рецептуралық препараттардың сатылу фактісін анықтады

Бұл – мемлекеттің мыңжылдық даму тарихын, ұлттық мәдени кодын және басқару тәжірибесін құқықтық негізде айқындайтын нақты норма.

Осы тұрғыдан «Ұлы дала» ұғымының Конституцияда көрініс табуы – тарихи сабақтастықты құқықтық деңгейде бекітудің нақты дәлелі.

«Ұлы дала» ұғымы – эмоциялық немесе поэтикалық тіркес емес.

Бұл – Қазақстан мемлекеттілігінің тарихи кеңістігі, мәдени коды және жауапкершілік философиясын бейнелейтін нақты ұғым. Тарихи сабақтастық елдің өткенін, бүгінін және болашағын жалғайтын құқықтық көпір іспетті.

Ол өзімізге де, басқа елдерге де мемлекеттің терең тамырын, ұлттық дәстүрін және өркениеттік сабақтастығын түсіндіреді.

Бұл ұстаным халықаралық тәжірибеге де сай келеді. Қытай, Венгрия, Польша, Литва секілді мемлекеттер өз Конституцияларында тарихи сабақтастықты ұлттық егемендіктің негізі ретінде нақтылаған.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Бұл елдер оны қандай да бір қауіп төндіреді деп қабылдады деймісіздер? Жоқ.  Ол ешқандай артықшылық та, бөлінушілік те тудырмайды. Керісінше, мемлекеттің тұтастығы мен тұрақтылығын нығайта түседі.

Қазақстан үшін де бұл – қисынды әрі әділетті қадам. 

Маңыздысы – бұл норма ешкімді бөліп-жармайды, керісінше, ортақ тарих пен құндылықтар төңірегінде қоғамды біріктіреді.

Әбіш Кекілбаевтың сөзімен айтсақ, «Елдікті, бірлікті сақтайтын – адамдардың ортақ ойы мен ортақ мүддесі».

Осы қағида жас ұрпақ үшін де маңызды, себебі елдің бірлігі мен тұрақтылығы – ұлттық сананың беріктігіне тікелей байланысты.

Егемендік пен Тәуелсіздік жаңа Конституцияның басты қағидаттары.

Мемлекет басшысы атап өткендей «Тәуелсіздік бәрінен қымбат».

Мемлекеттің унитарлы сипаты – тұрақтылық пен біртұтастық кепілі.

Қолданыстағы Конституцияда: «Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет» деп көрсетілген.

Жаңа Конституцияда бұл тұжырым нақтыланып, былайша айқындалды, «Қазақстан Республикасы – унитарлы мемлекет. Басқару үлгісі – президенттік республика».

Осы жерде бір нәрсені түсінуіміз керек. Бұл – мемлекеттің аумақтық тұтастығын, құқықтық кеңістіктің біртұтастығын және басқару жүйесінің айқындығын қамтамасыз ететін норма.

Сонымен бірге, 3-баптағы норма да нақтыланды:
«Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және егемендік иесі – Қазақстан халқы».

Бұл – халықтың биліктің нақты субъект ретінде танылуы.

Қарсы уәждер болуы мүмкін, кейбіреулер бұл норманы билік бөлінісін әлсіретеді деп ойлауы мүмкін.

Алайда тәжірибе көрсеткендей, егемендіктің нақты субъектісін көрсету биліктің заңдылығын күшейтіп, мемлекеттің тұтастығын қамтамасыз етеді.

Осылайша, тарихи сабақтастық, «Ұлы дала» ұғымы, унитарлы мемлекет сипаты және халықтың егемендік иесі ретіндегі мәртебесі – жаңа Конституцияның өзара байланысты негізгі тіректерін құрайды.

Барлығы бірге мемлекеттің құқықтық, тарихи және мәдени негізін бекітіп, тұрақтылық пен бірліктің кепілі болады.

Бұл құжат тек құқықтық негіз ғана емес, қоғамдағы келісім мен сенімнің берік тірегі болып табылады.

Қорытындылай келе: Жаңа Конституция – жаңа дәуірдің құқықтық қаңқасы.

Ал «Ұлы дала» және тарихи сабақтастық – осы қаңқаны мазмұнмен, рухани мәнмен толықтыратын өзек.
Тарихына сүйенген, егемендігін қорғай білетін, біртұтас мемлекеттілікті бекіткен ел ғана болашағын нық құра алады.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

«Мемлекетімізде жүріп жатқан конституциялық реформалар – тек құқықтық өзгерістер ғана емес, елдің болашағын айқындайтын түбегейлі бетбұрыс» – Аида Балаева әдеби сыйлықтарды табыстау рәсімінде

Келесі жаңалық

Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Астанада Kazakh Spine Days 2026 халықаралық білім беру курсы басталды: 100-ден астам нейрохирург жұлын нейрохирургиясының заманауи технологияларын талқылауда
Денсаулық

Астанада Kazakh Spine Days 2026 халықаралық білім беру курсы басталды: 100-ден астам нейрохирург жұлын нейрохирургиясының заманауи технологияларын талқылауда

16 мая, 2026
Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды
Денсаулық

Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

16 апреля, 2026
Жаңа адамдар дәрігердің тағайындауынсыз рецептуралық препараттардың сатылу фактісін анықтады
Денсаулық

Жаңа адамдар дәрігердің тағайындауынсыз рецептуралық препараттардың сатылу фактісін анықтады

10 апреля, 2026
ҚАЗАҚСТАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ БОЙЫНША БІРІНШІ ОРЫНҒА ШЫҚТЫ, — ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ
Денсаулық

ҚАЗАҚСТАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ БОЙЫНША БІРІНШІ ОРЫНҒА ШЫҚТЫ, — ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ

2 апреля, 2026
Алматыда TEER технологиясы бойынша жетекші халықаралық сарапшының қатысуымен бірегей операциялар жасалды
Денсаулық

Алматыда TEER технологиясы бойынша жетекші халықаралық сарапшының қатысуымен бірегей операциялар жасалды

2 апреля, 2026
Алматылық нейрохирургтер 6 жасар баланың өмірін сақтап қалды
Денсаулық

Алматылық нейрохирургтер 6 жасар баланың өмірін сақтап қалды

30 марта, 2026
Келесі жаңалық
Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

Жетісуда «Таза Қазақстан» аясында 12 жасыл аймақ абаттандырылады

Жетісуда «Таза Қазақстан» аясында 12 жасыл аймақ абаттандырылады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

«Жетісу» әйелдер волейбол командасы 9-шы рет Қазақстан чемпионы атанды

«Жетісу» әйелдер волейбол командасы 9-шы рет Қазақстан чемпионы атанды

12 марта, 2025
Енді Қазақстанда криптовалюта да тәркіленетін болады

Енді Қазақстанда криптовалюта да тәркіленетін болады

3 октября, 2022
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 49 адам қайтыс болды

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 87 адам тіркелді

9 марта, 2022

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Meta, TikTok, Яндекс жəне басқа да платформалармен тікелей диалог: AMDG 2026 жылғы медиялық жəне видеожарнама бойынша конференция өткізеді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс БМЗ-дағы күкірт қышқылы цехында негізгі жабдықты ауыстырып жатыр

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр
  • «Қазақмыс» басшылығы жұмысшылармен екінші кездесу өткізді
  • STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.