Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Жетісу облысында Алакөл жағалауының санитарлық жағдайы мен туристік инфрақұрылымы жақсартылады

admin by admin
27 января, 2026
Жетісу облысында Алакөл жағалауының санитарлық жағдайы мен туристік инфрақұрылымы жақсартылады
Buy JNews
ADVERTISEMENT

Мемлекет басшысының Жетісу облысындағы Алакөл жағалауының туристік инфрақұрылымын және қызмет көрсету сапасын жақсарту туралы тапсырмасына сәйкес бірқатар жүйелі шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, жағалаудың санитарлық жағдайына ерекше назар аударылып отыр. Көл маңында қоқыс шығару мәселесін шешу үшін ауданы 10 га жерге қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Бұл ретте биыл жазғы маусымда Алакөл көлінің жағалауында қосымша 100 қоқыс контейнері, 40 киім ауыстыратын орын, 40 биодәретхана, 40 құтқару мұнарасы, 13 км буй желілері және 8 пирс орнатылады. Бұл туралы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен селектор режимінде  өткен Үкімет отырысында айтты, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Байланысты

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ

Қазақстанда сары май өндірісі шамамен 50% артты

Бухгалтерлік баланс, пайда мен залал туралы есеп «Сентрас Иншуранс «СК» АҚ 01.07.2026 жыл жағдайына

Өңір басшысының айтуынша, көл жағалауының аумағын тұрақты күтіп ұстау, санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мақсатында «Алакөл Тазалық» коммуналдық кәсіпорны құрылды. Оның материалдық-техникалық базасын жасақтау мақсатында 20 арнайы техника сатып алынды.

Туристік инфрақұрылымды жақсарту мәселесіне келсек, бұған дейін Талдықорған қаласынан Алакөл жағалауына дейінгі, сондай-ақ «Үшарал – Достық» бағытындағы автомобиль жолдары қайта жаңғыртылған болатын. Үшарал қаласындағы әуежайдың ұшу-қону жолағына реконструкция жүргізіліп, ірі әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік жасалды. Бұл ретте өткен жылдың жазғы маусымы барысында Астана жіне Алматы қалаларынан авмарестер субсидияланды. Келесі қадам — әуежайды қайта жаңартудың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. Сол сияқты Алакөл бағыты бойынша Астана, Алматы, Өскемен, Семей, Павлодар, Қызылорда қалаларынан 12 пойыз қатынайды. 2023 жылдан бастап «Астана – Достық» бағыты бойынша «Тальго» пойызы іске қосылды.

— Былтыр Алакөлдің жағалауында Бескөл мен Ақши ауылдары арасында 57 шақырым электр желісі мен 2 қосалқы станцияның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ Ақши ауылында кәріз жүйесін салу жұмыстары жүргізілуде. 2024 жылы бірінші кезеңі жасалып, кәріз құбырлары толық салынып бітті. Қазіргі кезде көл жағалауын бекіту бөгеті құрылысының бірінші кезеңі жүзеге асырылып жатыр, екінші кезеңі бойынша жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде. Ал жүзу құралдарының қозғалысын бақылауды күшейту және демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін облыста Жалпы су пайдаланудың қағидалары бекітілді, — деді Б. Исабаев.

Атап өтсек, статистикалық деректерге қарағанда Алакөл көлінің жағасында 277 туристік нысан жұмыс істейді. 2025 жылы 17 жаңа туристік нысан іске қосылған.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Алматыда жүздеген жанкүйер FIFA™ футболдан әлем чемпионатының кубогын тамашалады

Келесі жаңалық

Efes Kazakhstan компаниясы Алматы облысында жаңа жоғары технологиялық құю желісін ресми түрде іске қосты

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Категориясыз

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ

13 июля, 2026
Қазақстанда сары май өндірісі шамамен 50% артты
Категориясыз

Қазақстанда сары май өндірісі шамамен 50% артты

13 июля, 2026
Категориясыз

Бухгалтерлік баланс, пайда мен залал туралы есеп «Сентрас Иншуранс «СК» АҚ 01.07.2026 жыл жағдайына

13 июля, 2026
Сарапшылар Қазақстандағы жасанды интеллект пен цифрлық экономиканы дамыту мәселелерін талқылады
Категориясыз

Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты

11 июля, 2026
«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде
Категориясыз

«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

10 июля, 2026
Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды
Категориясыз

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

9 июля, 2026
Келесі жаңалық
Efes Kazakhstan компаниясы Алматы облысында жаңа жоғары технологиялық құю желісін ресми түрде іске қосты

Efes Kazakhstan компаниясы Алматы облысында жаңа жоғары технологиялық құю желісін ресми түрде іске қосты

Балалар денсаулығына инвестиция: L’aroush зергерлік үйі Семейдегі шұғыл хирургияны қолдады

Балалар денсаулығына инвестиция: L’aroush зергерлік үйі Семейдегі шұғыл хирургияны қолдады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Күнсұлу Закария Ұлттық ғылым академиясының президенті болып тағайындалды

Күнсұлу Закария Ұлттық ғылым академиясының президенті болып тағайындалды

12 апреля, 2023
Жеңілдетілген автонесие бойынша 34 қазақстандық көлік алды

Жеңілдетілген автонесие бойынша 34 қазақстандық көлік алды

23 мая, 2022
Ақтөбе облысында жол апатынан жолаушы көз жұмды

Жамбылдық полицей әйелді көлігімен қағып, мерт қылды

21 января, 2021

Топ жаңалықтар

  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
  • Қазақстанда сары май өндірісі шамамен 50% артты
  • Бухгалтерлік баланс, пайда мен залал туралы есеп «Сентрас Иншуранс «СК» АҚ 01.07.2026 жыл жағдайына

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.