---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/01/23/mamandar%d2%93a-s%d2%b1ranys-2025-zhyly-zh%d2%b1mysshy-mamandy%d2%9btar-nary%d2%93y-neni-k%d3%a9rsetti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Мамандарға сұраныс: 2025 жылы жұмысшы мамандықтар нарығы нені көрсетті

![Мамандарға сұраныс: 2025 жылы жұмысшы мамандықтар нарығы нені көрсетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/01/rabochie-vakansii.jpg)

**Қазақстанда «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланған 2025 жыл «көк жағалылар» сегменті үшін бетбұрысты кезеңге айналды. Жұмысшы мамандықтар «уақытша жұмыспен қамту» көлеңкесінен біржола шығып, кадрлар үшін бәсекелестік қалыптасқан, жалақы деңгейі өсіп, өңірлер мен жұмыспен қамту форматтары арасында сұраныс қайта бөлінген тұрақты нарыққа айналды. Қандай мамандықтар негізгі рөл атқарды және 2025 жылы қандай өзгерістер болды — төменде қарастырамыз.**

**Нарықтың жалпы көрінісі**

OLX Қазақстанның таладу қызметі ұсынған деректерге сәйкес, жұмысшы мамандықтар еңбек нарығындағы ең ауқымды сегменттердің бірін қалыптастырады. Бірқатар мамандықтар бойынша хабарландырулар саны миллиондап есептеледі, ал жекелеген санаттардағы медианалық жалақы деңгейі кеңсе қызметкерлерінің табысына жақындап қана қоймай, кей жағдайда одан асып түсті. 2025 жылдың маңызды үрдістерінің бірі — тұрғын үймен қамтамасыз ету, вахталық және ауысымдық жұмыс кестесі бар бос жұмыс орындарының көбеюі. Бұл әсіресе құрылыс, логистика және күзет салаларында айқын байқалды.

**2025 жыл****дың****үздік жұмысшы мамандықтар****ы**

2025 жылы еңбек нарығында ең жоғары сұраныс күзетшілер позицияларында сақталды. Жыл ішінде шамамен 11,47 млн хабарландыру жарияланып, орташа жалақы 138 600 теңгені құрады.

Сатушылар сегментінде де вакансиялар көлемі едәуір болды. 2025 жылы шамамен 3,86 млн хабарландыру орналастырылып, орташа жалақы деңгейі 201 880 теңгеге жетті. Бұл аталған мамандықтың тұрақты сұранысқа ие екенін көрсетеді.

2025 жылы ең белсенді санаттардың бірін жүргізушілер құрады. Бір жыл ішінде шамамен 3,67 млн хабарландыру жарияланып, орташа жалақы 517 350 теңгені құрады. Жүргізушілерге деген жоғары сұраныс логистиканың, құрылыс саласының және жеткізу сервистерінің дамуымен байланысты, бұл бағыттарда кадр тапшылығы әлі де өзекті болып отыр.

Кассирлер санатында 2025 жылы жалдау көлемі біршама ұстамды болды — шамамен 2,89 млн хабарландыру. Орташа жалақы 205 050 теңгеге жетіп, сегменттің тұрақтану үрдісін аңғартты.

Жүк тиеушілер сегменті 2025 жылы тұрақты сұраныс деңгейін көрсетті — шамамен 2,70 млн хабарландыру. Орташа жалақы 215 860 теңгені құрап, жұмысшы кадрларға деген тұрақты қажеттілікті айқындады.

HoReCa саласында 2025 жылы даяшыларға арналған вакансиялар көлемі төмендеу болды — шамамен 1,76 млн хабарландыру. Орташа жалақы деңгейі 244 мың теңге шамасында қалыптасып, бұрынғы қаржылық жағдай сақталғанымен, жалдау қарқынының шектелгенін көрсетті.

Білікті жұмысшы мамандықтар арасында сантехниктер сегменті ерекшеленеді. 2025 жылы шамамен 316 мың хабарландыру жарияланып, орташа жалақы 166 000 теңгеге жетті. Бұл еңбек құны жоғары, кадр тапшылығы бар мамандықтарға тән көрсеткіш.

Электриктер санатында 2025 жылы шамамен 288 мың вакансия жарияланды, ал орташа жалақы 231 750 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш нарықтағы жағдайдың салыстырмалы түрде теңгерімді екенін көрсетеді.

Слесарь мамандығы еңбек нарығында тұрақты, алайда ауқымы тар сегмент ретінде сақталып отыр. 2025 жылы хабарландырулар саны шамамен 50 мыңды құрап, орташа жалақы 278 100 теңгеге жетті. Бұл білікті жұмысшы еңбегіне деген тұрақты сұранысты растайды.

Жалпы алғанда, 2025 жылдың «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялануы нарықтағы өзгерістердің катализаторына айналды. Жұмысшы мамандықтар еңбек нарығында толыққанды орын алып, алдағы жылдары ең перспективалы бағыттардың бірі ретінде қалыптасты.

---

Жарияланды: 2026-01-23T06:55:14+06:00

Жаңартылды: 2026-01-23T06:55:14+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/01/23/mamandar%d2%93a-s%d2%b1ranys-2025-zhyly-zh%d2%b1mysshy-mamandy%d2%9btar-nary%d2%93y-neni-k%d3%a9rsetti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.