ЖКО-ға ұшырадыңыз ба? Сақтандыру төлемін Alatau City Garant сайтында ресімдеңіз

ЖКО-ға ұшырадыңыз ба? Сақтандыру төлемін Alatau City Garant сайтында ресімдеңіз

Alatau City Garant сақтандыру қызметтерінің ыңғайлылығы мен қолжетімділігін арттыру үшін заманауи цифрлық сервистерді енгізуді жалғастыруда. Автокөлік иелері міндетті автосақтандыру және каско полисі бойынша төлемді онлайн рәсімдей алады.

Сервис қашықтан, диваннан тұрмай-ақ, сақтандыру жағдайы туралы өтініш беруге, барлық қажетті құжаттарды жүктеуге және онлайн, бейнебайланыс арқылы залалды бағалауға мүмкіндік береді.

Сақтандыру бойынша төлемді ресімдеу үшін Alatau City Garant сайтына кіріп, «Сақтандыру жағдайы» бөліміне өту қажет, тиісті түйме порталдың басты бетінің жоғарғы жағында орналасқан. Онда Сіз төлем ресімдейтін өнімді таңдауыңыз керек: міндетті автосақтандыру немесе каско. Егер оқиғада зардап шеккендер болса немесе мүлікке залал келтірілсе, мысалы, көлік кеңсеге немесе дүкенге соғылып, ғимаратқа залал келтірілген болса, онда «Сақтандырудың басқа түрлерін» таңдаңыз.

Бірінші кезеңде сақтандыру жағдайы туралы өтінішті толтыру қажет. Оны жүктеу, толтыру, басып шығару және оған қол қою керек, содан кейін қол қойылған өтініштің сканері немесе фотосуреті сайттағы жеке кабинетіңізге жүктеу керек.

Бұдан әрі клиент оқиға туралы ақпаратты – сақтандыру жағдайының күнін, уақытын, орны мен мән-жайын көрсетеді, сондай-ақ ЖКО орнынан фотосуреттерді, жол полициясының материалдарын және сот қаулысын (бар болса) жүктейді. Егер залалды бағалау қажет болса, онда ол да онлайн режимінде де қарастырылған: клиент өтінішті толтырады және оны жеке кабинетке жүктейді, ал залалды бағалау сақтандыру компаниясының қызметкерімен бейнебайланыс арқылы қашықтықтан өтеді.

Сақтандыру төлемдерін онлайн ресімдеу бірқатар артықшылықтар береді, бұл — уақытты үнемдеу, сақтандырушының кеңсесіне қағаз үйіндісімен барудың және кезекте отырудың қажеті жоқ, өтінішті тәуліктің кез келген уақытында жіберуге болады, ал Сіздің өтінішіңіз бен төлемдеріңізді қаралу мәртебесін Жеке кабинеттен бақылауға болады.

Alatau City Garant үшін онлайн-төлемдер сервисін дамытудың маңызы зор: компания автосақтандыру нарығында жетекші орын алады. 2025 жылдың 11 айында ACG жүргізушілерге 17 миллиард теңгеден астам төледі.