Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Xiaomi REDMI Note 15 Сериясын таныстырды: сенімді конструкция және түсірілімнің кеңейтілген мүмкіндіктері

- by -
22 января, 2026
Xiaomi REDMI Note 15 Сериясын таныстырды: сенімді конструкция және түсірілімнің кеңейтілген мүмкіндіктері

22 қаңтар 2026 жыл — Xiaomi Қазақстан компаниясы REDMI Note 15 Сериясының нарыққа шыққанын жариялады. Жаңа топтамаға төртмодель енді: REDMI Note 15 Pro+ 5G, REDMI Note 15 Pro 5G, REDMI Note 15 Pro және REDMI Note 15. Жаңа желі құрылымның жоғары сенімділігін, ұзақ автономды жұмыс уақытын, құлағанда мықты қорғанысты, сондай-ақ шаң мен судан қорғау мүмкіндіктерін біріктіреді. Серия смартфондары жаңартылған фото мүмкіндіктерге, флагмандық деңгейдегі өнімділікке және бірқалыпты, интуитивті түсінікті пайдаланушы интерфейсіне ие болды. REDMI Note 15 Сериясымен бірге компания Xiaomi экожүйесін одан әрі дамыта отырып, Mijia Smart Audio Glasses және REDMI Buds 8 Lite құрылғыларын да таныстырды. 

Байланысты

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда

«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді

Күнделікті қолданысқа арналған сенімділік

REDMI Note 15 желісінің барлық модельдерінде сенімділікке кешенді көзқарас іске асырылған: аккумулятордың қызмет ету мерзімі ұзартылып, құлауға төзімділігі арттырылған, сондай-ақ шаң мен судан қорғанысы күшейтілген. Бұл жақсартулар REDMI Note сериясы үшін беріктіктің жаңа стандартын белгілейді. Флагмандық REDMI Note 15 Pro+ 5G және REDMI Note 15 Pro 5G модельдері сенімділік саласындағы ең озық шешімдерге ие болса, серияның барлық құрылғылары күнделікті белсенді қолданысқа арналып жасалған.

Жаңартудың негізінде жетілдірілген қуат беру жүйесі жатыр. REDMI Note 15 Pro+ 5G: Құрамында 10% кремнийі бар кремний-көміртекті (SiC) технологиясына негізделген сыйымдылығы 6 500 мА·сағ аккумулятормен жабдықталған¹. Ол 100W HyperCharge³ жылдам қуаттауын және 22,5 Вт қуаттағы реверсивті (кері) қуаттауды қолдайды⁴. REDMI Note сериясында алғаш рет қолданылған SiC-аккумуляторлары құрылғының ықшамдылығын сақтай отырып, энергия тығыздығын арттыруға мүмкіндік береді. Барлық Pro модельдерінде бұл аккумуляторлар Xiaomi Surge қуатты басқару жүйесімен бірге жұмыс істейді. Бұл 1 600 қуаттау циклінен кейін (шамамен 6 жыл пайдалануға тең) сыйымдылықтың кемінде 80%-ын сақтауға кепілдік береді². Жаңартылған 6 000 мА·сағ аккумуляторына ие болды¹. Бүкіл желі бойынша реверсивті қуаттауды қолдау (модельге байланысты 22,5 Вт немесе 18 Вт) күнделікті пайдалануда қосымша ыңғайлылық сыйлайды⁴.

Конструкциялық сенімділік бүкіл серия бойынша күшейтілген. REDMI Note 15 Pro+ 5G және REDMI Note 15 Pro 5G модельдері құлауға, қысылуға және майысуға төзімділігін растайтын SGS Premium Performance⁵ сертификатын алды. Олардың конструкциясының негізінде күшейтілген жүйелік тақтадан, нығайтылған ортаңғы жақтаудан және соққыны бәсеңдететін көп қабатты жүйеден тұратын жоғары беріктік архитектурасы жатыр. Оны Corning® Gorilla® Glass Victus® 2 қорғаныс әйнегі толықтырады, бұл жиынтықта 2,5 метр биіктікке дейін құлауға сертификатталған төзімділікті қамтамасыз етеді⁷. REDMI Note 15 Pro+ 5G моделі қосымша шыны талшықтан жасалған аса берік артқы панельмен жабдықталған²², ол құрылғының салмағын арттырмай-ақ соққыларды тиімді сіңіреді³¹. Серияның қалған модельдері де күнделікті пайдалану жағдайында сенімді қорғанысты қамтамасыз ететін, соққыға және құлауға төзімділік бойынша SGS кешенді сынақтарынан өткен сенімді конструкцияға ие болды⁶.

Күнделікті жағдайларда сенімді қорғанысты қамтамасыз ету үшін REDMI Note 15 сериясы шаң мен судан қорғаудың жаңа деңгейін орнатады. REDMI Note 15 Pro+ 5G және REDMI Note 15 Pro 5G модельдері IP66, IP68, IP69 және IP69K⁸ стандарттарына сәйкес келеді және 2 метр тереңдіктегі суда 24 сағат бойы жұмыс істеуге сертификатталған⁹. TÜV SÜD Smartphone Water-Resistant Endurance¹⁰ сертификатымен расталған бұл құрылғылар судан қорғайтын 17 дәлдікпен жобаланған элементпен жабдықталған, бұл ұзақ мерзімді сенімділікті қамтамасыз етеді. REDMI Note 15 Pro, REDMI Note 15 модельдері де шашырандыларға, төгілген сұйықтықтарға және күрделі пайдалану жағдайларына есептелген жақсартылған шаң мен ылғалдан қорғанысқа ие болды. Бүкіл желіде Wet Touch 2.0 технологиясы қолданылған, ол дисплейдің беті немесе саусақтар ылғал болған жағдайда да экранның сезімталдығын сақтап, күнделікті сценарийлерде жайлы және тұрақты басқаруды қамтамасыз етеді.

Жасанды интеллекттің озық алгоритмдері бар жетілдірілген камералар жүйесі

Әр кадрда жоғары айқындықты қамтамасыз ету үшін жасалған REDMI Note 15 Сериясы бүкіл желі бойынша түсірілім жүйесінің кешенді жаңартуын алды. Бұл жаңарту жоғары ажыратымдылықтағы датчиктерді, әмбебап фокустық қашықтықтарды және жасанды интеллект негізіндегі озық фотосурет мүмкіндіктерін біріктіріп, өз сегментінде сапаның жаңа деңгейін орнатады.

Жаңартылған түсірілім жүйесінің негізгі элементі — әлемде алғаш рет ұсынылған 200 мегапиксельді HPE кескін датчигі негізінде жасалған, аса жоғары айқындықтағы 200 Мп жаңа камерасы бар REDMI Note 15 Pro+ 5G және REDMI Note 15 Pro 5G модельдері болды. Көлемі 1/1,4 дюйм болатын ірі датчик 2× және 4× оптикалық деңгейдегі матрицаішілік зуммен, үш еселі фокустық қашықтығы бар HDR-мен (DAG HDR) және озық ЖИ-өңдеумен үйлесе отырып, әртүрлі жарықтандыру жағдайларында егжей-тегжейлі әрі табиғи суреттерді қамтамасыз етеді.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Pro модельдері бір объектив арқылы жүзеге асырылатын 23-тен 92 мм-ге дейінгі бес фокустық қашықтықты қолдайды, бұл пейзаждарды, көше көріністерін, портреттер мен ірі пландарды түсіру кезінде икемділікті қамтамасыз етеді. Өз кезегінде, REDMI Note 15 5G және REDMI Note 15 модельдері 108 Мп аса жоғары айқындықтағы камералар жүйесімен жабдықталған. Бұл жүйе 3 еселік оптикалық деңгейдегі телеобъективті ұсынады және кең бұрышты кадрлардан бастап жақын қашықтықтан портреттік түсірілімге дейінгі сценарийлердің кең ауқымын қамтиды.

Бүкіл серияда түсірілім мүмкіндіктері креативті және ЖИ-құралдардың есебінен одан ары кеңейтілген. Олардың қатарында ультра-айқын портрет алгоритмі, қозғалысты әсерлі беруге арналған Dynamic Shots 2.0, сондай-ақ Instagram-ға тікелей жариялау мүмкіндігі бар ыңғайлы өңдеу функциясы бар²³. Суретті өңдеу (постобработка) тіпті жеңілдей түсті: REDMI Note 15 Pro модельдері шығармашылыққа арналған ЖИ-ассистентке ие болса¹¹, REDMI Note 15 күнделікті сценарийлерге бағытталған кескіндерді өңдеуге арналған ЖИ-құралдар жиынтығымен жабдықталған¹². Бүкіл желіде AI Remove Reflection (шағылысуды жою) және AI Beautify (ажарландыру) функциялары қолдау табады, бұл артық күш жұмсамай-ақ бір түрту арқылы шағылысуларды кетіруге және кадрларды жақсартуға мүмкіндік береді.

Жоғары өнімділік және интеллектуалды байланыс мүмкіндіктері

Беріктігі мен фото-мүмкіндіктерінен бөлек, REDMI Note 15 Сериясы әртүрлі қолдану сценарийлері үшін теңгерілген өнімділікті ұсынады. Желінің көшбасшысы REDMI Note 15 Pro+ 5G моделі Qualcomm ұсынған Snapdragon® 7s Gen 4 мобильді платформасы негізінде жасалған және REDMI Note сериясында алғаш рет Xiaomi IceLoop салқындату жүйесін алды. Бұл өз баға сегментіндегі LHP негізіндегі салқындатуы бар жалғыз шешім болып табылады, ол жылу шығару тиімділігін үш есеге дейін арттыруды қамтамасыз етеді¹³¹. Бұл ұзақ уақыт бойы жоғары жүктемеде жұмыс істеген кезде де тұрақты өнімділікті сақтауға мүмкіндік береді.

Бүкіл желіде Snapdragon және MediaTek чипсеттерінің жаңа буыны қолданылады, бұл жоғары өнімділікті, бірқалыпты графиканы және арттырылған энергия тиімділігін қамтамасыз етеді. Барлық модельдер Google Gemini¹³ және Circle to Search with Google¹⁴ функцияларын қолдайды, бұл дербестендірілген өзара әрекеттесу мен ыңғайлы контекстік іздеуге жол ашады. Серияның флагманы REDMI Note 15 Pro+ 5G қосымша Xiaomi HyperAI¹² интеграциясын алды, бұл неғұрлым интеллектуалды және дербестендірілген ЖИ-қолдану сценарийлерін қамтамасыз етеді¹².

Байланыс мүмкіндіктерін кеңейту үшін Pro модельдерінде алғаш рет флагмандық Xiaomi Offline Communication¹⁵ технологиясы іске асырылды, ол желі қамтуы жоқ жерде де бірнеше шақырым қашықтықта дауыстық байланысты қамтамасыз етеді. REDMI Note 15 Pro+ 5G моделі қосымша Xiaomi Surge T1S тюнерімен жабдықталған, ол Wi-Fi, Bluetooth®, GPS және ұялы байланыс желілеріндегі қосылымның тұрақтылығы мен сапасын арттырып³¹, кез келген жағдайда сенімді жұмысты қамтамасыз етеді.

Үлкен дисплей және қуатты дыбыс арқылы толық әсер алу

REDMI Note 15 Сериясы үлкейтілген дисплейлер мен кескіннің жоғары айқындығы арқасында контентке толық ену әсерін ұсынады. REDMI Note 15 Pro+ 5G және REDMI Note 15 Pro 5G модельдері диагоналі 6,83 дюймдік экрандармен жабдықталса, REDMI Note 15 Pro, REDMI Note 15 модельдері жиексіз дерлік кең суретті қамтамасыз ететін 6,77 дюймдік дисплейлерге ие болды. 3 200 нитке дейінгі ең жоғары жарықтық, жиілігі 3 840 Гц ШИМ-реттегіші және көру қабілетін қорғау бойынша үш сертификат кез келген жарық жағдайында экранның жақсы оқылуын және көз үшін жайлылықты қамтамасыз етеді.

Дисплей мүмкіндіктерін толықтыра түсу үшін, REDMI Note 15 Pro+ 5G және REDMI Note 15 Pro 5G модельдерінде дыбыс деңгейі 400%-ға¹⁶ дейін күшейтілген, ал серияның қалған құрылғыларында дыбыс деңгейі 300%-ға дейін артады. бұл фильмдер көру, музыка тыңдау және ойындар кезінде қаттырақ әрі таза дыбысқа қол жеткізуге мүмкіндік береді¹⁷. Дүниежүзіндегі пайдаланушылардың қажеттіліктеріне бағытталған REDMI Note 15 Сериясы сенімділіктің, фото-мүмкіндіктердің, өнімділік пен жақсартылған дисплейдің теңгерілген үйлесімін ұсынады. Бұл желі тексерілген конструктивті негізде жасалған және түсірілімнің жоғары сапасын, тұрақты жұмысты және ыңғайлы пайдаланушы интерфейсін қамтамасыз ете отырып, күнделікті қарқынды қолданысқа арналған.

Бағасы, қолжетімділігі және арнайы ұсыныстар²⁴

REDMI Note 15 Сериясы Қазақстанда енді қолжетімді. Смартфонды верификациялау барысында қиындыққа тап болмас үшін құрылғыларды ресми рұқсат етілген дүкендерден сатып алуды ұсынамыз. Мысалы, Xiaomi смартфонын mi.com сайтында, kaspi.kz-тегі Xiaomi Official Store-де, Xiaomi Authorized Store дүкендерінде, сондай-ақ Aport Mall East сауда орталығындағы Xiaomi Store және Dostyk Plaza-дағы Xiaomi Store фирмалық дүкендерінде қолжетімді. Сонымен қатар, смартфондарды ресми серіктестерден де сатып алуға болады.

REDMI Note 15 Pro+ 5G: Қоңыр, Көгілдір және Қара¹⁸ түстерінде ұсынылған. Жадтың екі конфигурациясында қолжетімді: 12GB+512GB және 8GB+256GB²⁰

REDMI Note 15 Pro 5G: Көгілдір, Алтын және Қара¹⁸ түстерінде қолжетімді. Екі конфигурациясында қолжетімді: 8GB+512GB және 8GB+256GB²⁰. 

REDMI Note 15 Pro: Көк, Алтын және Қара¹⁸ түстерінде ұсынылады. Жадтың екі конфигурациясында қолжетімді: 12GB+512GB және 8GB+256GB²⁰.

REDMI Note 15: Көк, Күлгін, Жасыл және Қара¹⁸ түстерінде қолжетімді. Жадтың екі конфигурациясында қолжетімді: 8GB+256GB және 6GB+128GB²⁰.

2026 жылғы 22 қаңтар мен 1 наурыз аралығында kaspi.kz сайтындағы Xiaomi Official Store ресми дүкенінде және mi.com сайтында REDMI Note 15 Сериясындағы смартфондарға арналған арнайы ұсыныс қолданылады.

Смартфонды сатып алу кезінде 15 000 ₸-ге дейін жеңілдік беріледі.
Смартфонды құлаққаппен бірге сатып алған жағдайда, құлаққап сыйлық ретінде ұсынылады, ал акция бойынша жалпы тиімділік 21 890 ₸-ге дейін жетуі мүмкін. Құлаққап сыйлығы тек смартфонмен бірге сатып алынғанда ғана қолданылады және бөлек сатып алуға жарамсыз.

Ұсыныс тек көрсетілген мерзімде Xiaomi Official Store Kaspi ресми дүкенінде және mi.com сайтында ғана жарамды.

Верификациялау

Xiaomi компаниясы 24 наурызда күшіне енген ұялы байланыс абонент құрылғыларының тіркеу ережелеріндегі өзгерістер туралы еске салады. Соған сәйкес ел аумағына «кіретін» барлық смартфондар верификациялау рәсімінен өтуі қажет. Верификациялау нәтижелері бойынша мобильді құрылғылар «ақ» (шектеусіз тіркелген оң нәтижемен тексеруден өткен құрылғылар), «сұр» (иелері 30 күн ішінде оларды әкелудің заңдылығын растауға тиіс уақытша рұқсат етілген құрылғылар) немесе «қара» (бұғатталатын заңсыз әкелінген, жалған немесе ұрланған құрылғылар) тізімдеріне кіреді.

Mijia ақылды аудиокөзілдірігін ұсынамыз: мінсіз стиль мен барынша ыңғайлылық

REDMI Note 15 Cериясының іске қосылуымен қатар, Xiaomi компаниясы өзінің экожүйесін кеңейтіп, Mijia Smart Audio Glasses ақылды аудиокөзілдірігін таныстырды. Бұл құрылғы күнделікті аксессуар мен жеке аудиожүйенің тоғысқан нүктесі іспеттес. Модель классикалық көзілдірік эстетикасын ашық дыбысталу технологиясымен ұштастырады: кіріктірілген акустикалық жүйе мен төрт микрофон айналадағы дыбыстардан қол үзбей, музыка тыңдауға және қоңырауларға жауап беруге мүмкіндік береді. 4,5 м/с жылдамдыққа дейінгі жел шуын басу жүйесі қалада серуендеу немесе көшеде белсенді қозғалыс кезінде дауыстың анық берілуін қамтамасыз етеді. Құпиялылық маңызды сценарийлер үшін Mijia Smart Audio Glasses құрылғысына жаңа жеке режим іске қосылған. Ол арнайы әзірленген алгоритмді қолдана отырып, пайдаланушы үшін дыбыстың тазалығын сақтайды, сонымен бірге дыбыстың сыртқа шығуын айтарлықтай азайтады. Нәтижесінде, көзілдірік күнделікті қолданысқа да, жұмыс бабындағы қоңыраулар мен қоғамдық орындардағы кездесулерге де бірдей қолайлы.

Классикалық үш нұсқада қолжетімді — Titanium, Pilot-Style, Browline, Mijia Smart Audio Glasses стильді пішін мен ойластырылған сенімділікті біріктіреді. Барлық модельдерге диоптриялық линзалар орнатуға болады. Сонымен қатар, Броулайн және Титан нұсқалары қосымша 25%-ға дейін көк жарықтан қорғайтын линзалармен жабдықталған. Өз кезегінде, Авиатор моделі көшеде қолдануға арналған және ультракүлгін сәулелерінің 99,99%-ын бөгейтін UV400 фильтрі бар күннен қорғайтын линзамен жинақталған. Барлық нұсқалар жұқа және жеңіл корпуста жасалған, әсіресе Titanium нұсқасы ерекшеленеді — оның жақтауының салмағы небәрі 27,6 г, бұл оны өз класындағы ең жеңіл шешімдердің біріне айналдырады. Стильді өзгерткенді ұнататындар үшін Pilot-Style, Browline модельдері сыртқы көріністі әртүрлі жағдайларға оңай бейімдеуге мүмкіндік беретін жылдам ауыстыру механизміне ие болды. Сонымен қатар, Xiaomi беріктікке де назар аударған: күшейтілген рояль сымынан жасалған топсалар 15 000-нан астам бүктеу цикліне есептелген, ал IP54 сертификаты шаң мен шашырандыдан қорғауды қамтамасыз етеді. Осының арқасында көзілдірік күнделікті жағдайларға — жоғары ылғалдылықтан жеңіл жаңбырға дейін сенімді түрде төтеп береді.

Mijia Smart Audio Glasses корпусының ішінде болат қаптамадағы, әрқайсысының сыйымдылығы 114 мА·с болатын екі ықшам фирмалық батарея орналасқан. Олардың сағақтардың (дужка) ұшына жақын орналасуы жақтау аймағындағы қалыңдықты небәрі 5 мм шамасында ұстап тұруға мүмкіндік берді, бұл құлаққа түсетін қысымды азайтып, күні бойы киіп жүруге ыңғайлы етеді. Жылдам қуаттау мүмкіндігі қолданысты одан әрі жеңілдетеді. Мәселен, 10 минуттық қуаттаудың өзі шамамен 4 сағат музыка тыңдауға жетеді. Ал, толық қуаттау (0-ден 100%-ға дейін) шамамен бір сағатты алады. Толық қуатталған күйде көзілдірік 13 сағатқа дейін үздіксіз музыка тыңдау режимінде жұмыс істей алады — бұл белсенді күн үшін әбден жеткілікті. 

Mijia Smart Audio Glasses ақылды аудиокөзілдірігінің жаңа буынында Xiaomi Glasses қолданбасы шешуші рөл атқарады, ол жекешелендіру мен басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктерін ашады. Аудионы тыңдаудан бастап қоңырауларды басқаруға дейінгі негізгі функциялар сенсорлық панельдер арқылы қолжетімді, ал қолданбада пайдаланушы қимылдарды өз әдеттеріне қарай баптай алады. Мысалы, сағақты ұзақ басып тұруды смартфонның дауыстық көмекшісін белсендіруге болады, бұл хабарламаларға жауап беруге, қоңырауларды басқаруға және ақпаратты толықтай «hands-free» режимінде алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қолданба көзілдірік жоғалып қалған жағдайда оны табуға көмектеседі. Жазу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылған: көзілдірік аудионы, медиаконтентті және бетпе-бет сөйлесу кезіндегі әңгімелерді жазуды қолдайды. Жазу кезінде айналадағы адамдардың құпиялылығын қорғау үшін сағақтағы жарық индикаторы автоматты түрде жанады. Сонымен қатар, бір уақытта екі құрылғыға қосылу мүмкіндігінің арқасында пайдаланушылар қолдану барысында смартфон мен ноутбук арасында дыбысты оңай ауыстырып қоса алады.

Стильді дизайнды, ыңғайлылықты және таза дыбысты біріктіре отырып, Mijia Smart Audio Glasses музыка, қоңыраулар және күнделікті өмір үшін жеке дыбысқа жаңаша көзқарас ұсынады.

Бағасы және қолжетімділік 

Mijia Smart Audio Glasses үш түрлі нұсқада сатылады: Titanium, Pilot-Style, Browline 

Titanium — бағасы 118 990,

Browline  — бағасы 102 990,

Pilot-Style — бағасы 102 990.

Mijia Smart Audio Glasses аудио-көзілдірігін сатып алған кезде Spotify жаңа пайдаланушыларына 3 айлық Spotify Premium сыйлыққа беріледі.

REDMI Buds 8 Lite — мағыналы практикалық шешім

Xiaomi компаниясы әлемдік нарықтарда бастапқы деңгейдегі жаңа құлаққап — REDMI Buds 8 Lite моделін ұсына отырып, AIoT-құрылғылар экожүйесін кеңейтуде. Қара¹, ақ¹ және көгілдір¹ түстерде қолжетімді бұл модель практикалық пен қолайлылықты бағалайтындарға арналған. Жаңа өнім жылдам қуаттау мүмкіндігі мен корпустың ерекше сенімділігін ұштастырады. 

Модельдің негізінде титан диафрагмасы бар үлкен 12,4 мм драйвер орналасқан, ол айқын дыбыс береді. Bluetooth® 5.4 қосылымының арқасында құлаққаптар AAC және SBC аудио кодектерін қолдайды, бұл әртүрлі құрылғыларда тұрақты және жоғары сапалы дыбыс ойнатуды қамтамасыз етеді. Айналаңыздағы ақпаратты сақтауға арналған мөлдірлік режимінен басқа, құлаққаптар 42 дБ² дейінгі тиімділігі бар кең өткізу қабілеттілігі бар гибридті белсенді шуды басу (ANC) жүйесімен жабдықталған. Алға және артқа бағытталған микрофондардың тіркесімін пайдалана отырып, ANC жүйесі әртүрлі төмен жиілікті фондық шуды дәл анықтайды және басады. Сыртқы қоңыраулар үшін қос микрофонды жасанды интеллект шуды басу (ENC) жүйесі 6 м/с⁴ дейінгі жел жылдамдығында да пайдаланушының дауысына назар аудару үшін микрофон массивін және жасанды интеллект алгоритмдерін пайдаланады. Жекешелендіру опцияларын одан әрі жақсарта отырып, пайдаланушылар бес алдын ала орнатылған эквалайзер режиміне ³ — бассты, вокалды немесе жоғары жиіліктерді күшейтуге арналған — сондай-ақ Xiaomi компаниясының меншікті Xiaomi Earbuds қолданбасы арқылы дыбыс тәжірибесін дәл баптау мүмкіндігіне қол жеткізе алады.

Практикалық және ыңғайлылыққа баса назар аудара отырып, REDMI Buds 8 Lite қоңырау көзіне байланысты автоматты түрде ауысу арқылы екі құрылғыға — мысалы, смартфонға және ноутбукқа  — бір уақытта қосылуды қолдайды. Жылдам өмір салты үшін жасалған құлаққаптар 10 минут зарядтағаннан кейін екі сағатқа дейін музыка ойнатуды қамтамасыз етеді⁵. Жылдам қуаттауды қолдаумен қатар, REDMI Buds 8 Lite батареяның тамаша қызмет ету мерзімімен мақтана алады, зарядтау қорабымен бірге қолданылған кезде 36 сағатқа дейін ойнатуды ұсынады⁶.

Жылдам қуаттауды, жасырын, классикалық дизайнды және ыңғайлы қосылу опцияларын біріктіре отырып, REDMI Buds 8 Lite күнделікті қолдануға арналған практикалық таңдау болып табылады, функционалдылық пен бағаның оңтайлы тепе-теңдігін ұсынады.

Бағасы және қолжетімділігі

REDMI Buds 8 Lite үш түрлі түсте — қара, ақ және көк¹.Бағасы – 13 990 теңге.

REDMI Buds 8 Lite құлаққаптарын сатып алған кезде Spotify жаңа пайдаланушыларына 2 айлық Spotify Premium тегін ұсынылады.

Дисклеймер 

¹ Аккумулятордың типтік сыйымдылығы: REDMI Note 15 Pro+ 5G — 6 500 мА·сағ; REDMI Note 15 Pro 5G — 6 580 мА·сағ; REDMI Note 15 Pro — 6 500 мА·сағ; REDMI Note 15 5G — 5 520 мА·сағ; REDMI Note 15 — 6 000 мА·сағ.

² Деректер теориялық есептеулер мен Xiaomi зертханаларының күнделікті пайдалануды модельдеу (әр 1,5 күн сайын бір толық зарядтау және зарядсыздандыру циклі) сынақтарының нәтижелеріне негізделген. Аккумулятор 1 600 зарядтау циклінен кейін сыйымдылығының кемінде 80%-ын сақтайды, бұл 6 жылдан астам қалыпты пайдалануға сәйкес келеді. Нақты нәтижелер сынақ жағдайлары мен пайдалану сценарийлеріне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

³ Жинақта қуат адаптерінің бар-жоғын жергілікті сатушыдан нақтылаңыз.

⁴ Xiaomi зертханаларында сыналған үйлесімді құрылғылар үшін 22,5 Вт-қа дейінгі (REDMI Note 15 Pro+ 5G және REDMI Note 15 Pro 5G) немесе 18 Вт-қа дейінгі (REDMI Note 15 Pro, REDMI Note 15 5G және REDMI Note 15) сымды реверсивті зарядтауды қолдау. Нақты өнімділік аккумулятордың күйіне және басқа факторларға байланысты өзгеруі мүмкін. Функцияны пайдалану кезінде смартфонның заряд деңгейі жеткілікті екеніне және қабылдағыш құрылғының үйлесімділігіне көз жеткізіңіз.

⁵ Құрылғы құлауға, майысуға және қысылуға төзімділік бойынша SGS стандарттарына сәйкестігін растайтын SGS Premium Performance (5 жұлдыз) сертификатын алды. Осыған қарамастан, құрылғы дәл электронды аспап болып қала береді және құлаған жағдайда зақымдалуы мүмкін. Соққылар мен құлаудан аулақ болу ұсынылады.

⁶ Құрылғы соққыға және құлауға төзімділік бойынша кешенді SGS сынақтарынан өтті.

⁷ 2,5 метр биіктіктен құлауға төзімділік туралы деректер SGS сертификатымен расталған. Сынақтар зертханалық жағдайда тегіс гранит бетіне құлату арқылы жүргізілді. Нақты нәтижелер өзгеше болуы мүмкін. Құрылғы құлаған кезде зақымдануға бейім күйінде қалады.

⁸ Шаң мен ылғалдан қорғаныс тек зертханалық жағдайда ғана расталған және әдеттегі пайдалану жағдайларына сәйкес келмейді. Кепілдік сынақ жағдайларынан тыс сұйықтықтың әсерінен болған зақымдарға қолданылмайды. Қорғаныс қасиеттері тозуға, зақымдануға немесе құрылғыны бөлшектеуге байланысты уақыт өте келе төмендеуі мүмкін. Толық ақпарат Xiaomi ресми сайтында орналасқан.

⁹ Ылғалдан қорғау сынақтары тұщы суға 2 метр тереңдікке 24 сағатқа дейінгі мерзімге, су мен құрылғы температурасының айырмашылығы 5 °C-тан аспайтын жағдайда жүргізілді. Бұл жағдайлар әдеттегі пайдаланушы сценарийіне сәйкес келмейді.

¹⁰ Құрылғы PPP: CCB05071A:2025 стандарты бойынша (сынақтардың 8 санаты) TÜV SÜD Smartphone Water-Resistant Endurance сертификациясынан өтті. Сертификат нөмірлері: Z2GCN 099551 0585 / Z2GCN 099551 0584 Rev.00. Құрылғы кәсіби су өткізбейтін құрал болып табылмайды. Шаң мен ылғалдан қорғаныс тұрақты емес және уақыт өте келе төмендеуі мүмкін. Құрылғыны ылғал күйінде зарядтамаңыз. Сұйықтықтан келген зақымдар кепілдікке кірмейді.

¹¹ AI Creativity Assistant функцияларының бір бөлігі жұмыс істеуі үшін интернетке қосылу қажет. Функциялардың қолжетімділігі жүйелік бағдарламалық жасақтаманың (БЖ) және «Галерея» қолданбасының нұсқасына байланысты болуы мүмкін. Функциялардың нақты жиынтығы өзгеше болуы ықтимал.

¹² ЖИ-функцияларының қолжетімділігі аймаққа және құрылғы моделіне байланысты. Өзекті ақпаратты алу үшін жергілікті сайтқа кіріңіз. Интернетке қосылу қажет.

¹³ Google және Gemini — Google LLC компаниясының сауда белгілері. Баптауды қажет етеді. Үйлесімділігі мен қолжетімділігі әртүрлі болуы мүмкін.

¹⁴ Кейбір жекелеген құрылғыларда қолжетімді. Интернетке қосылу қажет. Үйлесімді қолданбалар мен интерфейстерде жұмыс істейді. Нәтижелер визуалды сәйкестікке байланысты өзгеше болуы мүмкін. Google — Google LLC компаниясының сауда белгісі.

¹⁵ Xiaomi Offline Communication жұмысы үшін SIM-карта және Xiaomi есептік жазбасында авторизациядан өту қажет. Функция ашық жерде, кедергілерсіз бірнеше шақырымға дейінгі қашықтықта дауыстық байланысты қолдайды. Қолжетімділігі аймаққа және құрылғы моделіне байланысты. Байланыс сапасы қоршаған орта жағдайларына қарай өзгеруі мүмкін. Функция шұғыл немесе құтқару байланысына арналмаған.

¹⁶ Деректер тиісті модельдердің алдыңғы буынымен салыстырғанда келтірілген. Нақты нәтиже бағдарламалық жасақтама мен пайдалану сценарийлеріне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

¹⁷ Деректер Xiaomi зертханаларында алынған. Дыбыс деңгейін 300 %-ға дейін арттыру 15 деңгеймен салыстырғанда 17 дыбыс деңгейін білдіреді. Нақты нәтиже пайдалану сценарийлеріне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

¹⁸ Түстер мен материалдардың қолжетімділігі нарыққа байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

¹⁹ «Titanium Color» термині тек құрылғының түсі мен сыртқы түріне қатысты және конструкцияда титанның немесе титан қорытпаларының қолданылуын білдірмейді.

²⁰ Жедел және ішкі жадтың қолжетімді көлемі алдын ала орнатылған операциялық жүйе мен бағдарламалық жасақтамаға байланысты мәлімделгеннен аз болады.

²¹ Деректер Xiaomi зертханаларында алынған. Нақты нәтижелер өзгеше болуы мүмкін. Қара және Көк түсті модельдердің қалыңдығы — 7,35 мм, Күлгін түстісі — 7,4 мм. Қалыңдық камераның шығыңқы бөліктерін есепке алмай көрсетілген.

²² Шыны талшықтан жасалған артқы панель қара және көк түстерде қолжетімді.

²³ Функция OTA-жаңарту арқылы қолжетімді болады. Қолжетімділігі БЖ нұсқасына, қолданбаларға және құрылғы моделіне байланысты.

²⁴ Бағалар мен промо-ұсыныстар нарыққа, ҚҚС-қа (НДС), салықтарға және басқа да факторларға байланысты өзгеше болуы мүмкін.

²⁵ Деректер Xiaomi зертханаларында алынған. Нақты нәтижелер өзгеше болуы мүмкін.

²⁶ Функция Game Turbo режимінде іске қосылады.

²⁷ Xiaomi HyperOS функцияларының, қолданбаларының және сервистерінің қолжетімділігі аймаққа, БЖ нұсқасына және құрылғы моделіне байланысты.

²⁸ Wi-Fi 6E / Wi-Fi 6 қолдауы аймаққа және жергілікті желілердің мүмкіндіктеріне байланысты. Wi-Fi сипаттамалары нарыққа байланысты өзгеше болуы мүмкін. Функция қолдау бар болған жағдайда OTA-жаңарту арқылы қосылуы мүмкін.

²⁹ NFC қолжетімділігі нарыққа байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

³⁰ Байланыс диапазондарын қолдау аймаққа және операторға байланысты.

³¹ Xiaomi зертханаларының деректері, REDMI Note 14 Pro+ 5G моделімен салыстырғанда.

³² eSIM пайдалану үшін оператордың тарифтік жоспары болуы қажет. Пайдалану, роуминг және операторды ауыстыру шарттары әртүрлі болуы мүмкін. eSIM қолжетімділігі елге, аймаққа және операторға байланысты.

³³ Сату жөніндегі серіктестер мен қолжетімді промо-ұсыныстар нарыққа байланысты өзгеше болуы мүмкін.

Соңы 

Xiaomi компаниясы туралы

Xiaomi Corporation 2010 жылдың сәуір айында құрылып, 2018 жылдың 9 шілдесінде Гонконг қор биржасының (1810.HK) негізгі алаңына шықты. Xiaomi — негізгі бизнесі смартфондар мен өзіндік IoT-платформасына біріктірілген ақылды құрылғылардан тұратын тұтынушылық электроника және интеллектуалды өндіріс саласындағы компания.

«Тұтынушылармен достасу және олардың жүрегіндегі ең керемет компанияға айналу» атты өз бағытын ұстана отырып, Xiaomi инновацияларға, жоғары сапалы пайдаланушылық шешімдерге және операциялық тиімділікке жүйелі түрде инвестиция салады. Компания заманауи технологияларды бүкіл әлемдегі адамдарға қолжетімді ету және күнделікті өмір сапасын жақсарту мақсатында технологиялық тұрғыдан озық өнімдерді әділ бағамен ұсынады.

Xiaomi әлемдік смартфон өндірушілерінің көшбасшылары қатарына кіреді. 2025 жылдың қыркүйек айындағы жағдай бойынша, смартфондар мен планшеттерді қоса алғанда, белсенді пайдаланушылардың (MAU) жаһандық аудиториясы шамамен 741,7 млн адамға жетті. Сондай-ақ компания әлемдегі ең ірі тұтынушылық AIoT-платформаларының (AI + IoT) бірін құрды: 2025 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша оған 1 035,5 млн-ға жуық ақылды құрылғы (смартфондар, ноутбуктер мен планшеттерді есепке алмағанда) қосылған.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Елорда тұрғындары Астанада өткен Capital Health ұлттық форумында тегін медициналық чек-аптан өтті

Келесі жаңалық

«Қаңтар барометрі»: 2026 жылдағы нарықтың бастапқы бағыттарын айқындайтын сигналдар

-

-

Байланысты жаңалықтар

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда
Категориясыз

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда

20 июля, 2026
«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді
Категориясыз

«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді

20 июля, 2026
Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді
Категориясыз

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді

19 июля, 2026
Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды
Категориясыз

Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды

18 июля, 2026
Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары өтеді.
Категориясыз

Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары өтеді.

17 июля, 2026
Балқашта Металлург күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті
Категориясыз

Балқашта Металлург күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті

17 июля, 2026
Келесі жаңалық
«Қаңтар барометрі»: 2026 жылдағы нарықтың бастапқы бағыттарын айқындайтын сигналдар

«Қаңтар барометрі»: 2026 жылдағы нарықтың бастапқы бағыттарын айқындайтын сигналдар

Бейбіт Исабаев: «Соңғы үш жылда Кербұлақ ауданында өзекті инфрақұрылымдық мәселелер шешілді»

Бейбіт Исабаев: «Соңғы үш жылда Кербұлақ ауданында өзекті инфрақұрылымдық мәселелер шешілді»

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қызылордада сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

Қызылордада сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

5 марта, 2024
Ер адамды 300 кг металл жақтауы басып қалды: дәрігерлер оның өмірін аман алып қалды

Ер адамды 300 кг металл жақтауы басып қалды: дәрігерлер оның өмірін аман алып қалды

18 сентября, 2024
Демалыс күндерінің басты жекпе-жектері: Усиктің реваншы және UFC 278

Демалыс күндерінің басты жекпе-жектері: Усиктің реваншы және UFC 278

18 августа, 2022

Топ жаңалықтар

  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірісті басқарудың бірыңғай цифрлық экожүйесін қалыптастыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда
  • «Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді
  • Қазақстандық Диана Ержанова триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогының жеңімпазы атанды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.