Еуразиялық банктің 2025 жылғы қорытынды бойынша қаржы нәтижелері туралы

Еуразиялық банктің 2025 жылғы қорытынды бойынша қаржы нәтижелері туралы

2025 жылдың қорытындысы бойынша Еуразиялық банктің қаржы нәтижесі жоспарланған шығындар мен активтердің азаю әсерінен қалыптасты. Бұл ретте банк реттеуші талабын айтарлықтай арттыратын жоғары деңгейлі жеткілікті капиталды сақтап қалды. 

Таза пайданың төмендеуі жыл соңындағы жоспарлы стратегиялық, реттеуші және ұйымдастырушылық шешімдерді іске асыруға байланысты бір сәттік шығыстардың көрсетілуіне байланысты болды.

Шығыс деректерінің құрылымында: 

2025 жыл бойы клиенттерді кредиттеу барысындағы тәуекелдерді өтеуге жұмсалған таза шығындары 73 млрд теңгені құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 1 млрд теңгеге артты.

Есептік күндегі жағдай: 

Еуразиялық банк Басқармасының Төрағасы Сатиева Ляззат есептік жылдың қаржы нәтижесіне әсер еткен барлық шығындардың алдын ала қарастырылғанын және қаржы жоспарына енгізілгенін атап өтті.  Банк ұзақ мерзімді тұрақтылық пен құрылымдық дамуға бағытталған шешімдерді дәйекті түрде іске асырды. Өткен жыл бизнес үшін қиын жыл болды, дегенмен стратегиялық және басқарушылық міндеттер, бірегей өнімдерді шығару тұрғысынан қызықты әрі мағыналы болды. Банк Жаңа жылға тұрақты операциялық базасы бар, орнықты жұмыс істейтін, одан әрі дамудың ұғымды басымдықтарымен аяқ басты.