Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы мен Beeline Қазақстан холдингі серіктестіктің кезекті кезеңін айқындайтын Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Құжатқа сәйкес, тараптар цифрландыруды дамыту, бұлтты экожүйелер, жасанды интеллект өнімдері, үлкен деректерді қолдану және өзге де сабақтас бағыттар бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін бірлесіп зерделейді. Сонымен қатар серіктестердің назарында — жасанды интеллект пен есептеу қуаттарын практикалық қолдану сценарийлері — ақылды дата-орталықтар мен корпоративтік зияткерлік көмекшілерден бастап бейнеталдау шешімдеріне дейінгі бағыттар бар.
«Beeline Қазақстан холдингі тарапынан бізге көрсетілген сенімді жоғары бағалаймыз. Ортақ мақсатымыз “Win Together” — бірге жеңу қағидатына негізделген. Huawei Қазақстанның цифрлық күн тәртібін қолдау мақсатында бұлтты шешімдер мен жасанды интеллект саласындағы жаһандық сараптамасын ұсынуға дайын. Технологиялық қуатымыз бен KaR-Tel компаниясына тән нарықты терең түсінудің синергиясы тек жергілікті деңгейде ғана емес, халықаралық деңгейде де табысты болатын цифрлық трансформацияның бірегей прецеденттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді деп сенеміз», — деді Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының бас директоры Сун Ясюй.
«Бүгінде тек сапалы байланыс ұсыну жеткіліксіз. Біздің стратегиямыз инновацияларды енгізу арқылы серіктестер мен клиенттер үшін тұрақты құндылық қалыптастыруға бағытталған. Мүмкіндіктерімізді біріктіре отырып, біз бизнес өсімінің катализаторына айналатын және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыратын шешімдерді нарыққа ұсынуды жалғастырамыз», — деп атап өтті Beeline Қазақстан холдингінің Президенті және CEO Евгений Настрадин.
Меморандум ережелерін іске асыру Қазақстанда жаңа буын цифрлық сервистерінің пайда болуын жеделдетуге және өңірдің технологиялық жаңғыртуындағы көшбасшылар ретінде екі компанияның да позициясын нығайтуға бағытталған. Бірлескен жобалардың бірнеше рет сәтті жүзеге асуы ортақ күш-жігердің тиімділігі мен синергиясын дәлелдеді. Атап айтқанда, 2025 жылы Huawei мен Beeline Астанада 10G тіркелген интернет технологиясын бірлесіп сынақтан өткізді, Massive MIMO технологиясын қолдану және желіні оңтайландыру арқылы Алматыда мобильді байланыстың жылдамдығын 40%-ға арттырды, сондай-ақ Алматы облысында күн батареяларымен жұмыс істейтін Rural Star байланыс ретрансляторын іске қосты. Huawei-мен серіктестік аясында жаңа буын бұлтты платформасы — Hyper Cloud компаниясы құрылды. Осылайша, қол қойылған меморандум цифрландыру мен телекоммуникация саласында жаңа нәтижелерге қол жеткізудегі кезекті қадам болып табылады.












Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз