Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

«Қызым» — осы қыстың ең жылы премьерасы

admin by admin
13 января, 2026
«Қызым» — осы қыстың ең жылы премьерасы

29 қаңтарда продюсерлер Олжас Нұрбай, Максим Акбаров пен Роман Павлингер ұсынған жаңа «Қызым» фильмі жарыққа шығады.

Байланысты

01.07.2026 жылғы жағдай бойынша «Alatau City Garant » СК» АҚ бухгалтерлік балансы және кірістер мен шығыстар туралы есебі

Маусым айында Қазақстанда 168 мыңға жуық автокөлік есепке қойылды

Beeline Қазақстан Paryz Bridge тәуелсіз зерттеуінің қорытындысы бойынша «Ақпарат және байланыс» саласындағы үздік жұмыс беруші атанды

Идея авторы әрі қоюшы режиссер — Олжас Нұрбай, ал қоюшы оператор — Нұрсұлтан Базарбай. Жобаның түсірілімі Алматы, Екібастұз және Баянауыл қалаларында, сондай-ақ Торайғыр көлінде өтті. Кинода аналардың бейнесі жиі көрініс тапқанымен, бұл туындының негізгі өзегі — әке тұлғасы.

Драмеди жанрындағы фильм бір отбасының оқиғасын баяндайды. Әкесінің денсаулығы сыр берген соң, үш қыз жесір әкесіне жар табуға бел буады. Алайда бұл әрекет әкесінің жүрегінде баяғыдан бар махаббатты ғана емес, өз өмірлеріндегі шешілмеген сезімдер мен ішкі жараларды да ашып жібереді.

Комедиялық сәттермен қатар, бұл туынды көпшілікке таныс тақырыптарды қозғайды: отбасылық дағдарыс, қарыз мәселесі, әлеуметтік желілердегі бейнемен өз өмірін салыстыру, ата-ананың мойындауына деген қажеттілік, апалы-сіңлілі қарым-қатынас, кемел жастағы махаббат және басқа да өмірлік жағдайлар.

Басты рөлдерде мықты әрі танымал актерлер — Әбунасыр Серіков, Баян Алагузова, Жазира Еркін, Аида Құрманғалиева, Алма Халмұханова және Ерболат Әлқожа. Көрермен Баян Алагузованы жаңа мейірімді, нәзік әрі жылы образда көрсе, Әбунасыр Серіков алғаш рет драмалық рөлді сомдайды.

«Қызым» фильмінің түсірілімі актерлер үшін ерекше әрі жылы өтті. Актриса және блогер Аида Құрманғалиева (Mona) бұл жобаны терапиямен салыстырады:

«Сценарий бойынша кейіпкерімнің әкесімен деген қарым-қатынасы маңызды орын алады. Өз әкем өмірден өткеннен кейін, рөл арқылы болса да “әке” деп айту, еркелік пен ішкі дүниемді ақтару — мен үшін ерекше сезім болды.»

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Оған қоса, түсірілім барысында кейбір актерлер күтпеген сынақтармен бетпе-бет келіп, өздері үшін жаңа қырларын ашқан. Жазира Еркін рөлін зерттеу барысында қандай ізденіске тап болғанын айтып берді:

«Кейіпкерімнің әлсіздігін қабылдай тұра, өз әлсіздігімді де мойындауға тура келді. Эмоционалдық тұрғыдан бұл рөл мен үшін оңай болған жоқ. Кейіпкерді терең әрі шынайы ашу үшін көп еңбек сіңірдім», — деп бөлісті актриса.

Актерлік құрамның айтуынша, «Қызым» — ой салатын, ішкі өзгеріске талпыныс беретін және маңызды шешімдерге жетелейтін осы қыстың ең жылы премьерасы.

«Қызым» фильмінің трейлері желіде қолжетімді, ал 29 қаңтардан бастап туынды барлық кинотеатрларда көрерменге жол тартады.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

«Заң мен тәртіп» – ШҚО оқушылары арасындағы саналы әрі жауапты ұрпақтың таңдауын айқындайтын челлендж

Келесі жаңалық

Жасырын жаққа қадам: Samsung және Netflix Galaxy-ға арнап «Оғаш дүниелер» бойынша ерекше тақырыпты ұсынады

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Категориясыз

01.07.2026 жылғы жағдай бойынша «Alatau City Garant » СК» АҚ бухгалтерлік балансы және кірістер мен шығыстар туралы есебі

15 июля, 2026
Маусым айында Қазақстанда 168 мыңға жуық автокөлік есепке қойылды
Категориясыз

Маусым айында Қазақстанда 168 мыңға жуық автокөлік есепке қойылды

15 июля, 2026
Beeline Қазақстан Paryz Bridge тәуелсіз зерттеуінің қорытындысы бойынша «Ақпарат және байланыс» саласындағы үздік жұмыс беруші атанды
Категориясыз

Beeline Қазақстан Paryz Bridge тәуелсіз зерттеуінің қорытындысы бойынша «Ақпарат және байланыс» саласындағы үздік жұмыс беруші атанды

15 июля, 2026
Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды
Категориясыз

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: ЖІӨ өсімі, жеке инвестициялар ағыны және отандық тауар өндірушілерді қолдау

15 июля, 2026
ҚР ОСК: Барлық сайлау учаскелері мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді болады
Категориясыз

ҚР ОСК: Барлық сайлау учаскелері мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді болады

14 июля, 2026
КІА ҒЗИ Қазақстанда жоғары технологиялық медициналық көмекті жүйелі түрде дамытуды жалғастыруда
Категориясыз

КІА ҒЗИ Қазақстанда жоғары технологиялық медициналық көмекті жүйелі түрде дамытуды жалғастыруда

14 июля, 2026
Келесі жаңалық
Жасырын жаққа қадам: Samsung және Netflix Galaxy-ға арнап «Оғаш дүниелер» бойынша ерекше тақырыпты ұсынады

Жасырын жаққа қадам: Samsung және Netflix Galaxy-ға арнап «Оғаш дүниелер» бойынша ерекше тақырыпты ұсынады

Қуық қатерлі ісігі: білу маңызды нәрселер — AOО онкологы

Қуық қатерлі ісігі: білу маңызды нәрселер — AOО онкологы

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Алматы қаласының дәрігерлері 19 жасар жігітке операция жасады

Алматы облысында жаппай тәртіпсіздік кезінде 337 адам медициналық көмекке жүгінді

13 января, 2022
Есірткі сатты деген күдікпен жамбылдық ұсталды

Есірткі сатты деген күдікпен жамбылдық ұсталды

21 декабря, 2020
Павлодарда Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бәйге жарысына іріктеу басталады

Павлодарда Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бәйге жарысына іріктеу басталады

1 августа, 2024

Топ жаңалықтар

  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • 01.07.2026 жылғы жағдай бойынша «Alatau City Garant » СК» АҚ бухгалтерлік балансы және кірістер мен шығыстар туралы есебі
  • Маусым айында Қазақстанда 168 мыңға жуық автокөлік есепке қойылды
  • Beeline Қазақстан Paryz Bridge тәуелсіз зерттеуінің қорытындысы бойынша «Ақпарат және байланыс» саласындағы үздік жұмыс беруші атанды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.