Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

Жетісу облысында Жаңа жылда бейімделген мектептің орнына 120 орындық жаңа мектеп іске қосылды

admin by admin
9 января, 2026
Жетісу облысында Жаңа жылда бейімделген мектептің орнына 120 орындық жаңа мектеп іске қосылды

Жетісу облысында Жаңа жылда 25 орынды шағын орталығы бар 120 орындық жаңа мектеп іске қосылды. Ақсу ауданы Көлтабан ауылындағы бұл білім ошағы бейімделген мектептің орнына салынды. Бұрынғы ғимаратта асхана, спорт зал мен  мәжіліс залы болмаған. Сонымен қатар бұған дейін мектепте оқушылар 9 сыныпқа дейін білім алса, ал 10-11 сынып оқушылары басқа елді мекендердегі мектептерге тасымалданған болатын, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Байланысты

Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр

STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!

Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр

Мектептің ашылуымен ауыл тұрғындарын облыс әкімінің атынан өңір басшысының орынбасары Диас Есдәулетов құттықтады.

— Президенттің тапсырмасына сәйкес өіңірде қала мен ауыл мектептеріндегі оқыту деңгейін теңестіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Мектеп ғимараттарын жаңарту, материалдық-техникалық базаларын нығайту кезең-кезеңімен атқарылуда. Мәселен, осы Көлтабан ауылындағы мектепте балалар ұзақ жылдан бері бейімделген ғимаратта оқып келген болатын. Бүгін, міне, ауылда 120 орындық заманауи мектеп пайдалануға беріліп, жайлы әрі қауіпсіз білім алуға мүмкіндік жасалып отыр, ғимарат заманауи талапқа сай жабдықталған: пән кабинеттері, ІТ сыныптар, спорт және акт залдары, кітапхана мен зертханалар қарастырылған. Біз білім беру саласына қолдау шараларын бұдан былай да жалғастырамыз. Жаңа мектеп ұстаздарының бастамалары баянды, еңбектері жемісті болсын. Ал оқушыларға айтарым, осы мектептен сапалы білім алып, еліміздің дамуына үлес қосатын адал азамат болып өсулеріңізге тілектеспін, — деген Диас Есдәулетов жаңа модификациядағы химия кабинетінің жабдықтарын сатып алуға арналған сертификат табыстады.

Сол сияқты Көлтабан ауылы тұрғындарының атынан ардагер Мұрат Рахымов алғысын жеткізді.

Мұнан соң мектептің құрылысын жүргізген мердігер ұйым — «СП NEFT» ЖШС директоры Нұрлан Қадырбаев жаңа мектептің символикалық кілтін білім беру мекемесінің директоры Жамбы Біржановаға табыстады. Ғимараттың лентасы қиылып, мектеп салтанатты түрде ашылғаннан кейін қонақтар білім ошағының ішін аралап көрді.

Атап өтсек, үш қабатты жаңа мектеп ғимаратында 11 пәндік кабинет, 2 шеберхана, кітапхана, спорт және акт залдары, асхана, сол сияқты 25 балаға арналған мектепке дейінгі шағын орталық бар. Бұған дейін бұл орталық тек түске дейін ғана жұмыс істесе, қазір барлық мүмкіндік жасалғандықтан толық жұмыс күніне көшкен.

Жергілікті тұрғындар жағымды жаңалыққа қатысты пікір бөлісті. Олардың қатарында ата-аналар, мұғалімдер мен оқушылар да бар.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

– Ең алдымен, біз үшін ең үлкен қуаныш – енді балаларымыз өздерінің туған ауылынан көршілес елді мекендерге қатынап оқымайтын болды. Мектепте оқушылардың сапалы білім алуына, ал біз үшін жайлы жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған. Қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған заманауи пәндік кабинеттеріміз бар. Атап айтқанда, зертханасы бар физика кабинеті, лингафон кабинеті, информатика кабинеті жабдықталған, барлығында панельді тақталар орнатылған. Мұның бәрі пәнді терең әрі жан-жақты түсінуге, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға мүмкіндік береді, – деді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ержан Біржанов.

Бұл пікірге ауыл тұрғыны Бақыт Лебаева да қосылды:

– Бұрынғы мектебіміз ескі болатын. Енді ауыл шағын болса да, балаларымыз бен немерелеріміз үшін кең, жарық, заманауи мектеп салынып отыр. Сонымен қатар мектепте кішкентай балаларға арналған жаңа орталық та бар. Бұл – үлкен қуаныш. Осы іске үлес қосқан барша азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін, — деді ол.

11-сынып оқушысы Жаңыл Түркістан да қуанышын жасырмады:

– 9-сыныпқа дейін осы ауылдағы мектепте оқыдым. Алайда мұнда жоғары сыныптар болмағандықтан, Талдықорған қаласына барып, №19 мектепте 10-сыныпты аяқтадым. Жаңа мектеп салынғанына қатты қуанып, үлкен ықыласпен өз ауылыма қайтып келдім. Мектеп маған өте ұнады, қала мектептерінен ешбір айырмашылығы жоқ — бәрі әдемі, жайлы әрі заманға лайық, – деді оқушы.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотографтар: Дмитрий Ерофеев, Жұмабай Мұсабеков

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

FlyArystan Алматы – Самарқан бағыты бойынша тікелей рейстерді қайта іске қосады

Келесі жаңалық

KAZAKH INVEST индустриялық аймақта инвестиция тартудың жаңа тетігін іске қосады

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр
Категориясыз

Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр

18 мая, 2026
STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!
Категориясыз

STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!

18 мая, 2026
Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр
Категориясыз

Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр

18 мая, 2026
Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады
Категориясыз

Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады

15 мая, 2026
АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ
Категориясыз

АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ

15 мая, 2026
Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды
Категориясыз

Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды

15 мая, 2026
Келесі жаңалық
KAZAKH INVEST индустриялық аймақта инвестиция тартудың жаңа тетігін іске қосады

KAZAKH INVEST индустриялық аймақта инвестиция тартудың жаңа тетігін іске қосады

Қазақстанда Ұлттық ғылым академиясының басқаруымен алғашқы Көлік ғылымдары мен технологиялары институты құрылды

Қазақстанда Ұлттық ғылым академиясының басқаруымен алғашқы Көлік ғылымдары мен технологиялары институты құрылды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барады

Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барады

20 декабря, 2022
Димаш 27 жасқа толды: Әкесі әншінің туған күнді қалай тойлайтынын айтып берді

Димаш 27 жасқа толды: Әкесі әншінің туған күнді қалай тойлайтынын айтып берді

24 мая, 2021
Қазақстандықтардың несиесі мен қарызы кешіріле ме? Берік Уәли жауап берді

Қазақстандықтардың несиесі мен қарызы кешіріле ме? Берік Уәли жауап берді

13 мая, 2021

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс БМЗ-дағы күкірт қышқылы цехында негізгі жабдықты ауыстырып жатыр

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жетісу» волейбол клубына — 25 жыл: марапаттау, жас спортшылармен кездесу, мастер-класс

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр
  • «Қазақмыс» басшылығы жұмысшылармен екінші кездесу өткізді
  • STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.