---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/01/07/o-sostoyanii-dorozhnoj-bezopasnosti-i-merah-po-snizheniyu-avarijnosti-za-2025-god/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# 2025 жылдағы жол қозғалысы қауіпсіздігінің жай-күйі және  жол-көлік оқиғаларының алдын алу шаралары туралы

![2025 жылдағы жол қозғалысы қауіпсіздігінің жай-күйі және  жол-көлік оқиғаларының алдын алу шаралары туралы](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/01/29153336.801006.7937.jpg)

**2025 жылы республика жолдарында 32 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді.**

Полиция қызметкерлері 14 миллионнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерінің жолын кесті, оның ішінде жылдамдықты арттыру, қауіпсіздік белдігін тақпау және көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдалану фактілері бар.

23 мың жүргізуші мас күйінде ұсталды. Сот шешімдерімен 28,7 мың құқық бұзушы көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 24 мың адам әкімшілік қамауға алынды.

Полиция қызметкерлері 41,1 мың жол тексеруін жүргізіп, 90 мың жол кемшілігін анықтады. Жол жамылғысын тиісті деңгейде ұстамағаны үшін 7,4 мың лауазымды және заңды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Ең тиімді шаралардың бірі – ұзындығы 2 мың шақырымды қамтитын автожолдарда орташа жылдамдықты бақылау жүйесін енгізу болды. Нәтижесінде аталған учаскелерде жол апатынан қаза тапқандар саны 12%-ға төмендеді. Қазіргі таңда жүйе 8 бағытта *(Астана – Щучинск, Астана – Павлодар, Шымкент – Тараз және т.б.)* жұмыс істеп тұр, алдағы уақытта тағы 10 бағытта енгізу жоспарлануда.

Ішкі істер министрлігі азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады, себебі жылдамдықты асыру мен салғырттық жолдағы қайғылы жағдайлардың негізгі себептері болып қала беруде.

**ҚР ІІМ баспасөз қызметі**

**Фото: Egov**

---

Жарияланды: 2026-01-07T10:53:58+06:00

Жаңартылды: 2026-01-07T10:54:41+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/01/07/o-sostoyanii-dorozhnoj-bezopasnosti-i-merah-po-snizheniyu-avarijnosti-za-2025-god/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.