Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

Қарағанды облысында мүгедектігі бар балаларды қолдау жүйелі түрде кеңейіп келеді

admin by admin
6 января, 2026
Қарағанды облысында мүгедектігі бар балаларды қолдау жүйелі түрде кеңейіп келеді

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарымен, салалық басқармалар басшыларымен, сондай-ақ қала және аудан әкімдерімен өткен кезекті кездесуінде мүгедектігі бар балаларды қолдаудың өзекті мәселелері талқыланды.

Байланысты

Назгүл Жұмағұлова Тәуекелі тастай кәсіпкер

Сахна сыртындағы құпиялар және аншлаг жинаған премьера: Cirque du Soleil Алматыдағы OVO гастрольдерін бастады

Қазақстанның 500 ірі компаниясы ел экономикасының жартысын қалыптастырып отыр

Кездесудің негізгі бағыттары білім беру, денсаулық сақтау, спорт және әлеуметтік қорғау салаларын қамтыды.

Мұндай форматтағы кездесулер тоқсан сайын өткізіліп, бұрын берілген тапсырмалардың орындалуын жүйелі түрде бақылауға мүмкіндік береді. Ата-аналардың айтуынша, соңғы уақытта оң өзгерістер нақты сезіле бастады. Егер бұрын күн тәртібінде 30-ға жуық өткір мәселе көтерілсе, бүгінде олардың саны екі есеге қысқарып, көпшілігі бойынша нақты іске асырылатын шешім тетіктері қалыптасты. Балалар мен ата-аналар үшін қызметтер мен мамандарға қолжетімділік кеңейіп, шығармашылық және спорттық бағыттар дамып келеді, ал бірқатар бастамалар республикалық деңгейде қолдау табуда.

Биылғы жылдың маңызды нәтижелерінің бірі — аутистік спектрдегі бұзылыстары және өзге де менталдық ерекшеліктері бар балаларға арналған күндізгі орталықтың ашылуы. Мұндай орталықтың қажеттілігі ата-аналар тарапынан үш жыл бұрын көтерілген еді. Осы уақыт ішінде ғимарат таңдап, күрделі жөндеуден өтті, сондай-ақ білікті мамандардан құралған штат жасақталды. Қазіргі таңда орталық алғашқы тәрбиеленушілерін қабылдай бастады.

Оң өзгерістер тек облыс орталығында ғана емес, өңірдің өзге қалалары мен аудандарында да байқалуда.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Денсаулық сақтау саласында Қарағанды облысында 18 жастан асқан мүгедектігі бар азаматтардың тістерін «Севоран» препараты арқылы емдеу бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Биыл бұл қызметті 350 адам пайдаланды. Бағдарлама облыстық бюджет есебінен қаржыландырылады және тұрғындар үшін тегін ұсынылады.

Білім беру саласында да жаңа бастамалар іске қосылды. Атап айтқанда, аутистік спектрдегі бұзылыстары бар балалармен үй жағдайында жұмыс істеу дағдыларына ата-аналарды оқыту ұйымдастырылып, оған 50 адам қатысты. Сонымен қатар Балқаш қаласында түзету кабинеті, ал Қарағандыда №3 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес өз жұмысын бастады.

— Балабақша тәрбиешілері мен дене шынықтыру пәні мұғалімдерін ерекше балалармен жұмыс істеуге оқыту бойынша сұраныс түсті. Келесі жылы 300 тәрбиеші мен 500 мұғалімді бейімделген дене шынықтыру әдістері мен осындай балаларды сүйемелдеу тәсілдеріне үйрету жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, келесі оқу жылынан бастап №4 мектеп зияткерлік бұзылыстары бар балаларға арналған №11 арнайы мектеп-интернат болып қайта құрылады. Бұл мәселе де ата-аналар тарапынан кездесуде көтерілген болатын, — деді білім басқармасының бас маманы Галина Әбішева.

Маңызды әлеуметтік бастамалардың қатарында мүгедектігі бар жасөспірімдердің кәсіби бағдарын дамытуға бағытталған ACET inclusive жобасы бар. Жоба қатысушыларға өз қабілеттеріне сай бағытты анықтауға, бейімделу кезеңінен өтуге және нақты еңбек процесінде өзін сынап көруге мүмкіндік береді. Биыл «Жасыл ел» бағдарламасына алғаш рет мүгедектігі бар жасөспірімдер тартылып, бұл олардың алғашқы еңбек тәжірибесіне айналды.

Кездесу барысында балаларға арналған секциялар мен үйірмелерді дамыту мәселесіне де ерекше назар аударылды. Ата-аналар бұрыннан көтеріп келе жатқан иппотерапия — менталдық бұзылыстары бар балалардың физикалық дамуын, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін және әлеуметтік бейімделуін жақсартуға бағытталған тиімді әдіс. Биыл бұл қызметтің Теміртау қаласында іске асырылатыны белгілі болды. Бұған дейін иппотерапия шектеулі түрде тек Қарағанды қаласында ғана қолжетімді болған.

Кездесу қорытындысында облыс әкімі ата-аналардың белсенділігі мен азаматтық ұстанымына алғыс білдірді.

— Көтерілген барлық мәселелер қосымша зерделенеді. Біздің міндет — әрбір сұрақ бойынша нақты әрі тиімді шешім жолдарын табу. Басқармалар тарапынан жұмыс қарқынды жүргізіліп жатыр. Сіздерді, әсіресе балаларға, оның ішінде мүгедектігі бар балаларға қатысты мәселелер бойынша, осындай кездесулерді жалғастыруға шақырамын. Бұл бізге жұмысты жүйелі түрде жүргізуге мүмкіндік береді, — деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Кездесуде айтылған оң өзгерістерді ата-аналар мен қоғамдық ұйым өкілдері де растады.

«Батыл жүрек» қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы Оксана Югай соңғы уақытта мәселелерді шешу тәсілі жүйелі сипат алғанын атап өтті.

— Соңғы бір жылда ауқымды жұмыс атқарылды және оның нәтижесі анық көрініп отыр. Бұрын мәселелер жеке-жеке қаралатын: ата-аналар дербес түрде жүгініп, өтініштерін қалдыратын. Қазір жаңа жобалар іске қосылып, оңалту орталықтары ашылып, білім беру әдістері жетілдіріліп, мүгедектігі бар балалар үшін мүмкіндіктер кеңейіп келеді. Балалар ойын алаңдары, театр үйірмелері, көтергіштердің орнатылуы және өтініштерімізге құлақ асқан қолдау үшін ерекше алғыс білдіреміз, — деді Оксана Югай.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыс қарқынды

Келесі жаңалық

Ақмола облысында АӨК пен қоғамдық қауіпсіздік жүйесіне жасанды интеллект технологиялары енгізілуде

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Назгүл Жұмағұлова  Тәуекелі тастай кәсіпкер
Категориясыз

Назгүл Жұмағұлова Тәуекелі тастай кәсіпкер

12 июня, 2026
Сахна сыртындағы құпиялар және аншлаг жинаған премьера: Cirque du Soleil Алматыдағы OVO гастрольдерін бастады
Басты

Сахна сыртындағы құпиялар және аншлаг жинаған премьера: Cirque du Soleil Алматыдағы OVO гастрольдерін бастады

12 июня, 2026
Қазақстанның 500 ірі компаниясы ел экономикасының жартысын қалыптастырып отыр
Категориясыз

Қазақстанның 500 ірі компаниясы ел экономикасының жартысын қалыптастырып отыр

12 июня, 2026
«Таза Қазақстан»: Текеліде жыл соңына дейін 15 үйдің шатыры мен 14 үйдің қасбеті жаңартылады
Категориясыз

«Таза Қазақстан»: Текеліде жыл соңына дейін 15 үйдің шатыры мен 14 үйдің қасбеті жаңартылады

11 июня, 2026
«Қазақмыс» басшылығы Оңтүстік Жезқазған кенішінің ұжымымен ашық кездесу өткізді
Категориясыз

«Қазақмыс» басшылығы Оңтүстік Жезқазған кенішінің ұжымымен ашық кездесу өткізді

11 июня, 2026
Жетісу облысына – 4 жыл: Текеліде ең ұзын Қонаев көшесінің жөндеу жұмыстары аяқталды
Категориясыз

Жетісу облысына – 4 жыл: Текеліде ең ұзын Қонаев көшесінің жөндеу жұмыстары аяқталды

11 июня, 2026
Келесі жаңалық
Ақмола облысында АӨК пен қоғамдық қауіпсіздік жүйесіне жасанды интеллект технологиялары енгізілуде

Ақмола облысында АӨК пен қоғамдық қауіпсіздік жүйесіне жасанды интеллект технологиялары енгізілуде

2025 жылдағы жол қозғалысы қауіпсіздігінің жай-күйі және  жол-көлік оқиғаларының алдын алу шаралары туралы

2025 жылдағы жол қозғалысы қауіпсіздігінің жай-күйі және жол-көлік оқиғаларының алдын алу шаралары туралы

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

2 сентября, 2022
ҰБТ мен заң бұзу: жиған ұпайы 100-ден асқандар тексеріледі

ҰБТ мен заң бұзу: жиған ұпайы 100-ден асқандар тексеріледі

16 августа, 2021
Асхат Аймағамбетов мектеп әжетханалары туралы айтты

Асхат Аймағамбетов мектеп әжетханалары туралы айтты

28 мая, 2021

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Назгүл Жұмағұлова Тәуекелі тастай кәсіпкер
  • Сахна сыртындағы құпиялар және аншлаг жинаған премьера: Cirque du Soleil Алматыдағы OVO гастрольдерін бастады
  • Қазақстанның 500 ірі компаниясы ел экономикасының жартысын қалыптастырып отыр

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.