Жаңа жылдың қарсаңында ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды, сондай-ақ әлеуметтік осал санаттағы отбасыларды аралап, оларды мерекемен жеке құттықтап, жаңа жылдық жылулық пен қамқорлық атмосферасын бөлістік. Бұл кездесулер балаларға сыйлықтар мен тәттілер табыстаумен ғана шектелмей, күн сайын сабырлылық, рухтың беріктігі мен балаларына деген шексіз сүйіспеншілігін танытып жүрген ең маңызды жандарға — ата-аналарға назар аударуға мүмкіндік берді.
Жылы, шынайы әрі ерекше жанға жақын жағдайда қала тұрғындарының үйлерінде болып, отбасылармен әңгімелестік, олардың сұрақтарын, уайымдары мен тілектерін тыңдадық. Балалардың бақытты жүздері, шынайы қуанышы мен мерекелік сыйлықтарға деген қызығушылығы ерекше әсер қалдырды. Мұндай сәттер, әсіресе жарық әрі біріктіруші мереке қарсаңында, қарапайым адамгершілік қолдау, көңіл бөлу мен қамқорлықтың қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте еске салады.
Осындай кездесулер жаңа жыл алдындағы күндерге айрықша мән мен мазмұн береді, өйткені балалардың шат күлкісі мен ата-аналардың алғыс сөздері — ең қымбат марапат әрі алдағы жұмыстарға шабыт көзі. Қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға қамқорлық көрсету, ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау және әрбір тұрғынға көңіл бөлу — біздің қызметіміздің басым бағыттарының бірі болып қала береді.
«Қонаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі «Үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі Қонаев қаласының аумағында тұратын 374 балаға барып, әлеуметтік қолдау көрсетті:
«Қонаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ «Отбасын қолдау орталығы» КММ — 100 адам;
«Ана сәулесі» көп балалы аналар қоғамдық бірлестігі — 200 адам;
«Томирис» жалғызбасты аналар қоғамдық бірлестігі — 50 адам;
Қалалық аурухананың балалар бөлімшесі — 24 бала.












Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз