Beeline Қазақстан компаниясы бірнеше бизнес бағыттарын біріктіретін холдингке айналатынын хабарлайды. Осы өзгерістер аясында телеком бағытының бас директоры (CEO) лауазымына Джаббор Каюмов тағайындалды.
Бұл қызметте Д.Каюмов Beeline Қазақстанның телеком бағытының стратегиялық және операциялық дамуына, соның ішінде мобильді желінің сапасы мен тұрақтылығына, жаңа технологияларды енгізуге, инфрақұрылымды одан әрі дамытуға, сондай-ақ жеке және корпоративтік клиенттер үшін жоғары деңгейдегі байланысты қамтамасыз етуге жауапты болады.
Beeline Қазақстан холдингінің Президенті және Бас директоры (CEO) қызметінде Евгений Настрадин қалады.
«Beeline Қазақстан белсенді түрде өсіп, бірнеше бизнес бағыттарын біріктіретін холдингке айналуда. Бұл ретте телеком бағыты әрқашан біздің басты басымдығымыз болып қала береді — дәл осы бағыт барлық кейінгі цифрлық шешімдердің негізін құрайды. Жүйелі түрде желіге инвестиция салу арқылы біз қамтуды кеңейтіп, байланыс жылдамдығы мен сапасын арттырып келеміз. Ең бастысы — қазіргі заманғы технологияларды елдің барлық өңірлеріндегі тұрғындарға қолжетімді ете отырып, сандық теңсіздікті жүйелі түрде азайтудамыз», — дейді Beeline Қазақстан холдингінің Президенті Евгений Настрадин.
Холдингтік модельге көшу аясында Beeline Қазақстан құрылымы енді бес негізгі бизнес бағытынана тұрады:
Холдингтің бас дирекциясы – Евгений Настрадин
- Telecommunications Services (Core Telco) – Джаббор Каюмов
- Enterprise Co – Рауан Кабдрахимов
- «Цифрлық платформалар және ойын-сауық» макробизнесі – Максим Цвыков
- FinTech макробизнесі – Амырхан Чиканаев
- QazCode IT-компаниясы – Алексей Шаравар.
«Beeline Қазақстанның телеком бағытын қарқынды өсім мен трансформация кезеңінде басқару — мен үшін үлкен мәртебе. Біздің басты басымдығымыз – бизнестің тұрақты дамуы, желідегі және цифрлық сервистердегі инновациялар, сондай-ақ клиенттер, қызметкерлер және компания экожүйесі үшін ұзақ мерзімді құндылық қалыптастыру», – дейді Beeline Қазақстан Telecommunications Services CEO-сы Джаббор Каюмов.
Қысқаша өмірбаяны
Джаббор Каюмовтың телекоммуникация саласында Оңтүстік Азия, Кариб бассейні және ТМД елдерінде 15 жылдан астам халықаралық басқарушылық тәжірибесі бар. Ол TeliaSonera, VEON, Axiata, Digicel Group және Ncell компанияларында жетекші лауазымдарды атқарған.
Beeline Қазақстанға дейін Непалда орналасқан Ncell (Axiata Group) компаниясын басқарып, 16 миллионнан астам клиенті бар бизнесті басқарды. Бұған дейін Джамаика мен Тринидад және Тобаго елдеріндегі Digicel компанияларының CEO қызметін атқарып, негізгі қаржылық және операциялық көрсеткіштердің өсуін қамтамасыз етіп, жаңа цифрлық BSS платформасына көшу жобасын жүзеге асырды. Сондай-ақ Beeline Тәжікстан компаниясын басқарып, компания қайта құрылымдау жұмыстарын сәтті жүргізді.
Джаббор Каюмов Худжанд мемлекеттік университетінің экономика магистрі дәрежесіне ие. Ағылшын, орыс және парсы тілдерін еркін меңгерген.
Beeline Қазақстан туралы
Beeline Қазақстан – елдегі ең ірі цифрлық операторларының бірі, 11,9 миллион клиентке қызмет көрсетеді және телеком бизнесі мен цифрлық платформаларды біріктіреді.
Компанияның негізгі өнімі — ай сайын 4,7 миллион белсенді пайдаланушысы бар (2025 жылдың III тоқсанындағы есептілік деректері бойынша) Janymda суперқосымшасы, ол финтех сервистер мен күнделікті цифрлық қызметтерді біріктіреді.
Цифрлық өнімдер портфеліне сондай-ақ BeeTV онлайн-платформасы, hitter музыкалық сервисі, ай сайын 3,8 миллион белсенді пайдаланушысы бар Simply финтех бағыты, сондай-ақ серіктестік цифрлық платформалар кіреді.
2025 жылдың қазан айында Beeline Қазақстан холдингтің цифрлық портфелін кеңейту стратегиясы аясында Қазақстандағы OLX платформасын сатып алу жоспарлары туралы хабарлаған болатын.
Ал ағымдағы жылдың желтоқсан айында компания Қазақстанда Starlink Direct to Cell технологиясын сынақтан сәтті өткізді. Қызметтің коммерциялық іске қосылуы 2026 жылға жоспарланған.












Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз