Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Жоғарғы Сот 2025 жылғы республика соттарының сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысын шығарды

admin by admin
29 декабря, 2025
Жоғарғы Сот 2025 жылғы республика соттарының сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысын шығарды

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиев 2025 жылы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған жоғары сот органының кеңейтілген кеңесін өткізді.

Байланысты

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді

Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды

Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары өтеді.

◾️ Кеңес жұмысына ҚР Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев, Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов, Жоғарғы Соттың сот алқалары мен Сот әкімшілігінің, кассациялық, облыстық және оларға теңестірілген соттардың басшылығы, сондай-ақ республика судьялары — бейнеконференцбайланыс форматында қатысты.

◾️ Баяндамалармен Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары Нұрсерік Шәріпов, Назгүл Рахметуллина, Аслан Түкиев, сондай-ақ Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров сөз сөйледі.

◾️ Жоғарғы Сот Төрағасы өтіп бара жатқан жылдың басты оқиғасы ретінде Президенттің тапсырмасымен дербес кассациялық сатының құрылғанын атап өтті.

◾️ Жұмыстың алғашқы бес айында кассациялық соттар 14 мыңнан астам шағым мен наразылықты тіркеді, ал жылдың бірінші жартыжылдығында Жоғарғы Сотқа 9,7 мың кассациялық өтінішхат келіп түскен.

◾️ Өтініштер санының 45 пайызға өсуі кассациялық қайта қараудың жаңа моделіне процестің қатысушылары тарапынан жоғары сенім бар екенін және оның практикалық маңызын көрсетеді.

◾️ Сот актілерін түзету үлесі едәуір артты: азаматтық істер бойынша — 3 пайыздан 18,5 пайызға дейін, қылмыстық істер бойынша — 8 пайыздан 29 пайызға дейін өсті.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

◾️ Әкімшілік істер бойынша қайта қарау көрсеткіші тұрақты болып қалды (17 пайыздан 15,5 пайызға төмендеді).

◾️ Кассациялық сатының азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау жөніндегі конституциялық кепілдіктерді іске асырудағы шешуші рөлі атап өтілді.

◾️ Азаматтық сот ісін жүргізу туралы айта келе, Асламбек Мерғалиев талап қоюлар мен материалдар санының 27 пайызға — 1,3 млн-нан 1,6 млн-ға дейін артқанын атап өтті.

◾️ Аяқталған істер санының көбеюі және талап қоюлардың қанағаттандырылу деңгейінің жоғары болуы сот жүйесінің сұранысқа ие екенін және даулардың уақтылы шешілетінін көрсетеді.

◾️Қаралған 276 мың медиабельді істің 46,3 пайызы баламалы тәсілдермен реттелді. 266 мыңнан астам іс жеңілдетілген тәртіппен қаралды.

◾️ Қылмыстық сот ісін жүргізуде жеке айыптау істерін есепке алмағанда, ақтау үкімдерінің саны 30 пайызға (109-дан 142-ге дейін) артты. Бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды қолдану, соның ішінде түзеу және қоғамдық жұмыстар, шартты соттау кеңінен қолданылды.

◾️ Амнистия аясында 338 адам жазадан босатылды, 5 мыңнан астам сотталғанға қатысты жаза қолданылмады, 8,6 мың адамның жаза мерзімі қысқартылды.

◾️ Қамауда ұстауға санкция беру туралы өтінішхаттардың үлесі азайғаны атап өтілді: 2025 жылы мұндай өтінішхаттардың 62,5 пайызы қолдау тапты (2024 жылы — 74,5 пайыз).

◾️ Сонымен қатар үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану 81 пайызға артты. Электрондық білезіктер 2 110 адамға қолданылды (2024 жылы — 954).

◾️ Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы өтінішхаттарды қанағаттандыру деңгейі — 30,9 пайыздан 38,9 пайызға, шартты түрде мерзімінен бұрын босату бойынша — 52,9 пайыздан 53,9 пайызға өсті.

◾️Әкімшілік талап қоюлардың жалпы саны артқанымен (30 мыңнан 32 мыңға дейін), даулардың жекелеген санаттары бойынша мемлекеттік сатып алулар, бәсекелестікті қорғау және өзге де салалардағы заңнамаға енгізілген өзгерістерге байланысты олардың азаюы байқалады.

Әкімшілік талап қоюларды қанағаттандыру деңгейі (жеке сот орындаушыларына қатысты талап қоюларды есепке алмағанда) соңғы екі жыл бойы 58 пайыз деңгейінде сақталып отыр.

◾️ Инвестициялық даулар саны қысқарғанымен, олардың 84 пайызы қанағаттандырылған.

◾️Соттардың аумақтан тыс соттылықты кеңінен қолдануы және дауларды реттеуге жәрдемдесу шаралары, соның ішінде тараптарды татуластыру мен талап қоюларды кері қайтарып алу тәжірибесі атап өтілді.

◾️ Қорытындылай келе, Жоғарғы Сот Төрағасы алдағы кезеңде сот төрелігіне тең қолжетімділікті қамтамасыз етуді, сондай-ақ сотталғандардың шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаны ауыстыру туралы өтінішхаттарды сапалы әрі жан-жақты қарауды тапсырды.

◾️ Басым бағыттар ретінде бұлтартпау шаралары мен жаза түрлерінің баламаларын кеңейту, оның ішінде электрондық бақылау құралдарын қолдану, жеке қаулылардың (ұйғарымдардың) орындалуын бақылауды күшейту, дауларды шешудің баламалы тәсілдерін дамыту, сондай-ақ сот рәсімдерін оңтайландыру және жүктемені азайту мақсатында цифрлық сервистерді одан әрі енгізу, соның ішінде жасанды интеллект пен роботтандыру технологияларын кеңінен қолдану белгіленді.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Қазақстан мен ЕАЭО елдері «сұр импорт» пен темекі контрабандасына қарсы күресті күшейтуде

Келесі жаңалық

Алматыда «Жаңа жыл Панфиловта» жаңа жылдық фестивалі өтті: үш метрлік марионеткалар театры, музыкалық байқау, DJ-марафон және эко-шыршалар аллеясы

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді
Категориясыз

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді

19 июля, 2026
Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды
Категориясыз

Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды

18 июля, 2026
Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары өтеді.
Категориясыз

Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары өтеді.

17 июля, 2026
Балқашта Металлург күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті
Категориясыз

Балқашта Металлург күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті

17 июля, 2026
Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты
Категориясыз

Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты

17 июля, 2026
Almaty Museum of Arts пен Visa өнерді көпшілікке қолжетімді ету жолында серіктестік орнатты
Категориясыз

Almaty Museum of Arts пен Visa өнерді көпшілікке қолжетімді ету жолында серіктестік орнатты

17 июля, 2026
Келесі жаңалық
Алматыда «Жаңа жыл Панфиловта» жаңа жылдық фестивалі өтті: үш метрлік марионеткалар театры, музыкалық байқау, DJ-марафон және эко-шыршалар аллеясы

Алматыда «Жаңа жыл Панфиловта» жаңа жылдық фестивалі өтті: үш метрлік марионеткалар театры, музыкалық байқау, DJ-марафон және эко-шыршалар аллеясы

Қазақстанда шетелдік инвесторларға ақпараттық портал іске қосылды

Қазақстанда шетелдік инвесторларға ақпараттық портал іске қосылды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қарағанды-Астана трассасында 5 адам мерт болды

Қарағанды-Астана трассасында 5 адам мерт болды

10 октября, 2023
ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ҚР VI ЖАСТАР ОЙЫНДАРЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ҚР VI ЖАСТАР ОЙЫНДАРЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

12 апреля, 2025
Павлодарда зейнеткерден 33 келі марихуана тәркіленді

Павлодарда зейнеткерден 33 келі марихуана тәркіленді

22 августа, 2022

Топ жаңалықтар

  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірісті басқарудың бірыңғай цифрлық экожүйесін қалыптастыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді
  • Әлемге танымал киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды
  • Жезқазғанда Металлург күніне арналған ауқымды Metallurg Fest өтті

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.