Алматыда «Жаңа жыл Панфиловта» жаңа жылдық фестивалі өтті: үш метрлік марионеткалар театры, музыкалық байқау, DJ-марафон және эко-шыршалар аллеясы

Алматыда «Жаңа жыл Панфиловта» жаңа жылдық фестивалі өтті: үш метрлік марионеткалар театры, музыкалық байқау, DJ-марафон және эко-шыршалар аллеясы

Алматыда ашық аспан астындағы театрды, музыканы, әлеуметтік бастамалар мен экологиялық шығармашылықты біріктірген «Жаңа жыл Панфиловта» қалалық жаңа жылдық фестивалі өтті.

Мерекенің басты оқиғасы Алматыға арнайы жасалған, үш метрлік марионеткалар қатысқан «Алма мен Ата» атты бірегей көшелік театрландырылған шоу болды. Алып қуыршақ-қаһармандар актерлермен бірге мейірім, жарық және адам жүрегінің күші туралы жылы оқиғаны көрерменге ұсынды. Иммерсивті форматтағы қойылым барлық көрсетілімдерде көрермен өте көп болды. Қойылымның авторлары мен режиссерлері — Наталья Новикова мен Мұхтар Бейсебаев.

Фестиваль продюсері Майра Измайлова:

«Бұл фестиваль біз үшін тек Жаңа жыл туралы емес. Бұл — біз өмір сүріп жатқан қала, адамдар және әркім өз қолымен жасай алатын жарық туралы. Біз шынайы Алматының — жылы, ашық, достық рухын қайта сезінгіміз келді. Кері байланысқа қарасақ, бұл ойымыз жүзеге асты», – деп атап өтті.

Фестивальдің музыкалық бағдарламасы да мерекенің жарқын бөлігіне айналды. Панфиловта бірнеше күн бойы DJ-марафон өтіп, қаланың үздік диджейлері 30 желтоқсанға дейін бағдарламаларын ұсынып, үлкен қалалық мерекенің атмосферасын қалыптастырды.

Сонымен қатар Gorilla Energy Kazakhstan компаниясымен бірлескен жас музыканттар байқауы өтті. Оның қорытындысы 10 қаңтарда онлайн форматта жарияланады. Жаңа есімдер, жанды орындаулар мен көрермен энергиясы фестиваль сахнасын ашық шығармашылық кеңістікке айналдырды.

27 желтоқсаннан бастап фестиваль аумағында Gorilla IMBA Snow Park қысқы паркі жұмысын бастады — бұл тау шаңғысы мен сноубордтағы фристайл әуесқойларына арналған аймақ. Snow Park 4 қаңтарға дейін, күн сайын 12:00–22:00 аралығында жұмыс істейді. Бұл — қала үшін бірегей тәжірибе: Алматының дәл ортасында сырғанап, жаңа жылдық атмосфераны сезіну мүмкіндігі.

Қонақтардың ерекше қызығушылығын «Эко-шырша Алматы» аллеясы тудырды — қайта өңделген және екінші реттік материалдардан жасалған арт-шыршалар көрмесі. Open-call кезеңіне 30-дан астам өтінім түсіп, финалға 15 жоба өтті. Әр финалистке жобасын жүзеге асыру үшін 100 000 теңге көлемінде грант берілді. Эко-шыршалар аллеясы 31 желтоқсанға дейін ашық болады.

Қазылар алқасының дауыс беру нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталды.

Бірінші орынды екі жоба бөлісті:

— «Шырша-спираль» (Анастасия Коваль, Эко-Хаб Алматымен бірлесіп) — пластиктің қайта қолдануға болатын ресурс екенін дәлелдейтін жоба. Шырша қайта өңделген HDPE-пластик пен PET-бөтелкелерден жасалған.

— «Балықшының көз жасы» (Виталий Екимовский) — браконьерлік пен су айдындарының ластануы тақырыбын көтеретін күшті экологиялық манифест.

Екінші орынды иеленгендер:

— «GORILLA спорттық шыршасы» (Ерлан Хамитжанов) — қолданылған скейтбордтардан, шаңғылардан және велосипед бөлшектерінен жасалған арт-нысан.

— «Мереке энергиясы» (Григорий Дериглазов) — электрондық қалдықтар мәселесін көтеретін, ескі электр сымдарынан жасалған шырша.

Үшінші орын:

— «2026 жылғы механикаландырылған жарық беретін жасыл аңыз шырша» (Арсений Кулаков) — жарық, техника және ирониялық футуризм үйлесімі.

Арнайы жүлделермен келесі жобалар марапатталды:

«Уақыт ағашы», Pipe Dream, «Арт-шырша», «Түйін шырша», «Диско-шырша», «Алма-Ата хош иісті шыршасы».

Жүлде қоры:

Жеңімпаздар — 400 000 теңге, екінші орын — 150 000 теңгеден, үшінші орын — 200 000 теңге. Ынталандыру сыйлығы — 100 000 теңге.

Фестивальдің жүрегіне айналған бастама — «Игі істері киіз үйі» акциясы болды. Қонақтар қолдауға мұқтаж балалар мен ересектердің тілегі жазылған хаттарды алып, орындауға мүмкіндік алды. Әр тілектің ең жоғары сомасы — 50 000 теңгеге дейін. Барлығы 50 хат жиналып, олардың барлығы өз «Жаңа жыл батырларын» тапты. 10 қаңтарда ұйымдастырушылар орындалған тілектер туралы ашық есеп жариялайды.

Қатысушылардың бірі, алматылық Татьяна:

«Бұл акцияға қатысуды шештік. Бұл — біздің алтыншы хатымыз. Ғажайыптар болып, балалар жақсылыққа сенсе екен», — деп бөлісті.

Фестивальге қолдау көрсеткендер:

Алматы қаласының әкімдігі, Алматы қаласының Мәдениет басқармасы, Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры, Buratino & Co компаниясы, Gorilla Energy Kazakhstan.

Ұйымдастырушы — FUNK Agency.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Жаңа жыл Панфиловта» фестивалі тек мереке ғана емес, креативті индустрияларды, әлеуметтік бастамалар мен отбасылық құндылықтарды біріктірген маңызды қалалық оқиғаға айналды