---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/12/29/%d2%9baza%d2%9bstan-men-eaeo-elderi-s%d2%b1r-import-pen-temeki-kontrabandasyna-%d2%9barsy-k%d2%afresti-k%d2%afshejtude/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстан мен ЕАЭО елдері «сұр импорт» пен темекі контрабандасына қарсы күресті күшейтуде

![Қазақстан мен ЕАЭО елдері «сұр импорт» пен темекі контрабандасына қарсы күресті күшейтуде](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/12/2025.12.09-obsuzhdenie-o-nezakonnoj-torgovle-41-scaled.jpg)

**Қазақстан мен Қырғызстанның мемлекеттік органдарының өкілдері, Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК), сондай-ақ заңды темекі бизнесі Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріне темекі өнімдерінің «сұр импорт» пен контрабанда арқылы келу мәселесін талқылады. Кездесу Алматы облысында, Қазақстандағы ең ірі темекі өндіруші JTI компаниясының өндірістік алаңында өтті.**

Талқылау барысында келтірілген деректерге сәйкес, жыл сайын ЕАЭО елдеріне заңсыз түрде 10 млрд данаға дейін темекі жеткізіледі. Бұл одаққа мүше мемлекеттердің бюджетіне елеулі шығын келтіреді. Қазақстанда ғана 2025 жылы темекі өнімдерінің заңсыз айналымынан түсетін салықтың жетіспеуі 36 млрд теңгеден асуы мүмкін.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов негізгі мәселе ЕАЭО-ның бірыңғай нарығының ерекшеліктері мен ішкі кедендік шекаралардың жоқтығына байланысты екенін тілге тиек етті.

*«Тауар ЕАЭО-ғ**а* *м**ү**ше* *кез* *келген* *елд**ің**аума**ғ**ына* *к**і**рген* *со**ң,**бас**қ**а* *мемлекеттерге* *ерк**і**н**қ**оз**ғ**алады**.**Б**ұ**л* *–* *басты* *т**ү**йтк**і**л**.**Б**і**зд**ің**статистика**ғ**а* *с**ә**йкес**, ә**лс**і**з* *б**уын реті**нде**Қ**ыр**ғ**ызстан* *к**ө**р**і**н**і**п* *отыр**:**Иран**,**Т**ү**р**і**кменстан**, Ө**збекстан* *нары**қ**тары* *ар**қ**ылы* *за**ң**сыз* *тауарды**ң Қ**ыр**ғ**ызстан* *аума**ғ**ына**ө**ту**і**не**қ**атысты* *белг**і**л**і**б**і**р* *схемалар* *бар**.**Кей**і**н* *б**ұ**л**ө**н**і**м* *сол* *елден* *ЕАЭО**-ғ**а* *м**ү**ше* *бас**қ**а* *мемлекеттерге* *тарайды**.**Ал* *ода**қ**елдер**і**н**ің**кез* *келген**і**не* *т**ү**скен* *со**ң,**контрабанданы* *аны**қ**тау* *мен* *то**қ**тату**ө**те**қ**иын**.**Сонды**қ**тан* *м**ә**селен**і**Ода**қ**ты**ң**сырт**қ**ы* *шекарасында* *шешу**қ**ажет* *деп* *санаймыз»**,* — деді Тимур Жаркенов.

Осы орайда кездесу қатысушылары ЕАЭО-ның сыртқы периметріндегі бақылауды күшейту және «жалған транзит» деп аталатын схемаларға қарсы тетіктерді жетілдіру қажеттігін талқылады. ЕЭК-тің Кедендік заңнама және құқық қолдану практикасы департаментінің директоры Қуат Рахимов қазіргі уақытта комиссия деңгейінде тауар қозғалысының ашықтығын арттыруға бағытталған кешенді шаралар әзірленіп жатқанын айтты.

*«Бү**г**і**нде* *ЕАЭО* *елдер**і**мен* *б**і**рлес**і**п**,**жал**ғ**ан* *транзитке**қ**арсы* *шараларды**қолға алып* *жатырмыз**.**Соны**ң і**ш**і**нде* *навигациялы**қ**пломбаларды* *енг**і**зу* *ж**ә**не* *сез**і**мтал* *тауарларды**ң қ**оз**ғ**алысын* *ба**қ**ылауды* *к**ү**шейту* *бар**.**Б**ұ**л**құ**ралдар**ө**н**і**мн**ің қ**о**зғ**алысын* *ба**қ**ылау**ғ**а* *ж**ә**не* *за**ң**б**ұ**зушылы**қ**тарды* *дер* *кез**і**нде* *аны**қ**тау**ғ**а* *м**ү**мк**і**нд**і**к* *беред**і**»**,* — деді Қуат Рахимов.

JTI компаниясының темекінің заңсыз саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық директоры Эугениус Кикокас та нақты деректер келтірді:

*«Темекі**контрабанд**асы — халық**аралы**қ**де**ң**гейдег**і қ**ылмыс**.**М**ұ**ндай* *к**ө**лемдег**і**за**ң**сыз**ө**н**і**м* *нары**ққ**а* *тек* *жа**қ**сы**ұ**йымдас**қ**ан* *арналар* *ар**қ**ылы**ғ**ана* *т**ү**се* *алады**.**Жетк**і**зу* *т**і**збег**і**н* *аны**қ**тау* *—**құқ**ы**қ қ**ор**ғ**ау* *органдарыны**ң**ж**ұ**мысы**.**Ал* *б**і**з**,**нары**қ қ**атысушылары* *рет**і**нде**,**жетк**і**зу* *к**ө**з**і**н* *ай**қ**ындау**ғ**а* *к**ө**мекте**се аламыз. Мә**селен**, Қ**ыр**ғ**ызстанда**ғ**ы* *контрабандалы**қ**темек**і**н**ің 75%-**ы**,**ал**Қ**аза**қ**станда**ғ**ы**85%-**ы* *Б**і**р**і**ккен* *Араб**Ә**м**і**рл**і**ктер**і**нен**ә**кел**і**нед**і**»*

Кездесу барысында контрабандалық темекі өндірілетін орын да аталды. БАӘ-дегі Джебель-Али арнайы экономикалық аймағы. Алайда сарапшылар бұл дерек Әмірліктерді айыптауға негіз емес екенін атап өтті.

*«Темекі**БА**Ә**аума**ғ**ында**ғ**ы* *арнайы* *экономикалы**қ**айма**қ**та* *толы**қ**тай* *за**ң**ды* *т**ү**рде**ө**нд**і**р**і**л**іп, э**кспорт**қа шығ**ады**.**Алайда* *кей**і**н* *б**ұ**л* *за**ң**ды* *тауар* *контрабандалы**қ ө**н**і**мге* *айналады**, яғни** құ**жаттар**қ**олдан* *жа**сал**ып,**бас**қ**а* *да* *за**ң**сыз**ә**рекеттер**ге жол беріледі**»**,* — деді Тимур Жаркенов.

Эугениус Кикокастың пікірінше, «сұр нарықпен» күресу үшін мемлекеттер арасында халықаралық ынтымақтастықты жолға қою және мемлекет пен бизнес арасындағы диалогты күшейту қажет. Өндірушілер мемлекеттік органдармен ұсыныстарымен бөлісуге дайын, бастысы олардың пікірі ескерілсе болғаны.

Өз кезегінде Қуат Рахимов кездесуде JTI өкілдері ұсынған темекі мен темекі өнімдерінің заңсыз айналымына қатысты ақпарат жан-жақты талданып, кейін барлық бақылаушы органдарға жолданатынын атап өтті.

*«JTI**—**ө**нд**і**руш**і**рет**і**нде* *темек**і**н**ің**за**ң**сыз* *айналымына**қ**арсы* *к**ү**ресте* *е**ң**м**ү**ддел**і**тараптарды**ң**б**і**р**і**»**,* — деді ол.

Оң тәжірибе ретінде спикерлер Өзбекстанды мысалға келтірді. Онда 2024 жылдың басында 19% болған заңсыз нарық көлемі жыл соңына қарай 10,1%-ға дейін төмендеген. Бұған шекаралардағы транзиттік жүктерді қатаң бақылау және Қазақстанмен салыстырғанда контрабанда үшін анағұрлым қатаң жаза қолдану әсер еткен.

Кездесу қатысушылары мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысы, халықаралық ынтымақтастық, ЕАЭО елдері арасындағы деректер алмасу және бизнестің белсенді қатысуы аймақтағы темекі өнімдерінің заңсыз айналымын қысқартудың негізгі тетіктері екенін атап өтті.

 

---

Жарияланды: 2025-12-29T08:28:41+06:00

Жаңартылды: 2025-12-29T08:28:41+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/12/29/%d2%9baza%d2%9bstan-men-eaeo-elderi-s%d2%b1r-import-pen-temeki-kontrabandasyna-%d2%9barsy-k%d2%afresti-k%d2%afshejtude/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.