Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Қазақстан мен ЕАЭО елдері «сұр импорт» пен темекі контрабандасына қарсы күресті күшейтуде

admin by admin
29 декабря, 2025
Қазақстан мен ЕАЭО елдері «сұр импорт» пен темекі контрабандасына қарсы күресті күшейтуде

Қазақстан мен Қырғызстанның мемлекеттік органдарының өкілдері, Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК), сондай-ақ заңды темекі бизнесі Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріне темекі өнімдерінің «сұр импорт» пен контрабанда арқылы келу мәселесін талқылады. Кездесу Алматы облысында, Қазақстандағы ең ірі темекі өндіруші JTI компаниясының өндірістік алаңында өтті.

Байланысты

Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы

Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

Жетісулық шаруашылықтар егістікті күтіп-баптау жұмыстарын белсенді жүргізуде

Талқылау барысында келтірілген деректерге сәйкес, жыл сайын ЕАЭО елдеріне заңсыз түрде 10 млрд данаға дейін темекі жеткізіледі. Бұл одаққа мүше мемлекеттердің бюджетіне елеулі шығын келтіреді. Қазақстанда ғана 2025 жылы темекі өнімдерінің заңсыз айналымынан түсетін салықтың жетіспеуі 36 млрд теңгеден асуы мүмкін.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов негізгі мәселе ЕАЭО-ның бірыңғай нарығының ерекшеліктері мен ішкі кедендік шекаралардың жоқтығына байланысты екенін тілге тиек етті.

«Тауар ЕАЭО-ға мүше кез келген елдің аумағына кірген соң, басқа мемлекеттерге еркін қозғалады. Бұл – басты түйткіл. Біздің статистикаға сәйкес, әлсіз буын ретінде Қырғызстан көрініп отыр: Иран, Түрікменстан, Өзбекстан нарықтары арқылы заңсыз тауардың Қырғызстан аумағына өтуіне қатысты белгілі бір схемалар бар.
Кейін бұл өнім сол елден ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттерге тарайды. Ал одақ елдерінің кез келгеніне түскен соң, контрабанданы анықтау мен тоқтату өте қиын. Сондықтан мәселені Одақтың сыртқы шекарасында шешу қажет деп санаймыз», — деді Тимур Жаркенов.

Осы орайда кездесу қатысушылары ЕАЭО-ның сыртқы периметріндегі бақылауды күшейту және «жалған транзит» деп аталатын схемаларға қарсы тетіктерді жетілдіру қажеттігін талқылады. ЕЭК-тің Кедендік заңнама және құқық қолдану практикасы департаментінің директоры Қуат Рахимов қазіргі уақытта комиссия деңгейінде тауар қозғалысының ашықтығын арттыруға бағытталған кешенді шаралар әзірленіп жатқанын айтты.

«Бүгінде ЕАЭО елдерімен бірлесіп, жалған транзитке қарсы шараларды қолға алып жатырмыз. Соның ішінде навигациялық пломбаларды енгізу және сезімтал тауарлардың қозғалысын бақылауды күшейту бар. Бұл құралдар өнімнің қозғалысын бақылауға және заңбұзушылықтарды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді», — деді Қуат Рахимов.

JTI компаниясының темекінің заңсыз саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық директоры Эугениус Кикокас та нақты деректер келтірді:

Buy JNews
ADVERTISEMENT

«Темекі контрабандасы — халықаралық деңгейдегі қылмыс. Мұндай көлемдегі заңсыз өнім нарыққа тек жақсы ұйымдасқан арналар арқылы ғана түсе алады. Жеткізу тізбегін анықтау — құқық қорғау органдарының жұмысы. Ал біз, нарық қатысушылары ретінде, жеткізу көзін айқындауға көмектесе аламыз. Мәселен, Қырғызстандағы контрабандалық темекінің 75%-ы, ал Қазақстандағы 85%-ы Біріккен Араб Әмірліктерінен әкелінеді»

Кездесу барысында контрабандалық темекі өндірілетін орын да аталды. БАӘ-дегі Джебель-Али арнайы экономикалық аймағы. Алайда сарапшылар бұл дерек Әмірліктерді айыптауға негіз емес екенін атап өтті.

«Темекі БАӘ аумағындағы арнайы экономикалық аймақта толықтай заңды түрде өндіріліп, экспортқа шығады. Алайда кейін бұл заңды тауар контрабандалық өнімге айналады, яғни  құжаттар қолдан жасалып, басқа да заңсыз әрекеттерге жол беріледі», — деді Тимур Жаркенов.

Эугениус Кикокастың пікірінше, «сұр нарықпен» күресу үшін мемлекеттер арасында халықаралық ынтымақтастықты жолға қою және мемлекет пен бизнес арасындағы диалогты күшейту қажет. Өндірушілер мемлекеттік органдармен ұсыныстарымен бөлісуге дайын, бастысы олардың пікірі ескерілсе болғаны.

Өз кезегінде Қуат Рахимов кездесуде JTI өкілдері ұсынған темекі мен темекі өнімдерінің заңсыз айналымына қатысты ақпарат жан-жақты талданып, кейін барлық бақылаушы органдарға жолданатынын атап өтті.

«JTI — өндіруші ретінде темекінің заңсыз айналымына қарсы күресте ең мүдделі тараптардың бірі», — деді ол.

Оң тәжірибе ретінде спикерлер Өзбекстанды мысалға келтірді. Онда 2024 жылдың басында 19% болған заңсыз нарық көлемі жыл соңына қарай 10,1%-ға дейін төмендеген. Бұған шекаралардағы транзиттік жүктерді қатаң бақылау және Қазақстанмен салыстырғанда контрабанда үшін анағұрлым қатаң жаза қолдану әсер еткен.

Кездесу қатысушылары мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысы, халықаралық ынтымақтастық, ЕАЭО елдері арасындағы деректер алмасу және бизнестің белсенді қатысуы аймақтағы темекі өнімдерінің заңсыз айналымын қысқартудың негізгі тетіктері екенін атап өтті.

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

КӨКШЕТАУДАҒЫ ЗАМАНАУИ АУРУХАНА БҮКІЛ СОЛТҮСТІК МАКРОӨҢІРДІҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУЫН КҮШЕЙТЕДІ

Келесі жаңалық

Жоғарғы Сот 2025 жылғы республика соттарының сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысын шығарды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы
Категориясыз

Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы

7 июня, 2026
Кассациялық сот заңсыз жұмыстан босатылған қызметкерді қайта жұмысқа қалпына келтірді
Категориясыз

Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

6 июня, 2026
Жетісулық шаруашылықтар егістікті күтіп-баптау жұмыстарын белсенді жүргізуде
Категориясыз

Жетісулық шаруашылықтар егістікті күтіп-баптау жұмыстарын белсенді жүргізуде

5 июня, 2026
Жаңа адамдар Алматыдағы заңсыз қоқыс үйіндісін анықтады
Категориясыз

Жаңа адамдар Алматыдағы заңсыз қоқыс үйіндісін анықтады

5 июня, 2026
ҰҚК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің 2026 жылғы мамырдағы нәтижелері туралы
Категориясыз

ҰҚК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің 2026 жылғы мамырдағы нәтижелері туралы

5 июня, 2026
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Қазақстанда азаматтарды қолдаудың ауқымды жүйесі қалыптастырылды
Категориясыз

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Қазақстанда азаматтарды қолдаудың ауқымды жүйесі қалыптастырылды

4 июня, 2026
Келесі жаңалық
Жоғарғы Сот 2025 жылғы республика соттарының сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысын шығарды

Жоғарғы Сот 2025 жылғы республика соттарының сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысын шығарды

Алматыда «Жаңа жыл Панфиловта» жаңа жылдық фестивалі өтті: үш метрлік марионеткалар театры, музыкалық байқау, DJ-марафон және эко-шыршалар аллеясы

Алматыда «Жаңа жыл Панфиловта» жаңа жылдық фестивалі өтті: үш метрлік марионеткалар театры, музыкалық байқау, DJ-марафон және эко-шыршалар аллеясы

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Жұманғарин: «Екібастұз ЖЭО мемлекет меншігіне өту мүмкін»

Жұманғарин: «Екібастұз ЖЭО мемлекет меншігіне өту мүмкін»

6 декабря, 2022
«Астана клуб 2021» отырысының спикерлері жарияланды

«Астана клуб 2021» отырысының спикерлері жарияланды

11 ноября, 2021
Арыстанбек Мұхамедиұлы қандай қылмыс жасады деп айыпталып отыр

Мұхамедиұлы Қазақстандағы мектептердің бірін иемденбек болған

11 января, 2024

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы
  • Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.
  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.