---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/12/27/shymkentte-ta%d2%93y-bir-zha%d2%a3a-zhedel-%d2%9byzmetter-kesheni-ashyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Шымкентте тағы бір жаңа жедел қызметтер кешені ашылды

![Шымкентте тағы бір жаңа жедел қызметтер кешені ашылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/12/gluster_2025_12_27_e3dae188a8e0997f78bddafa256a06d9_1280x720.jpeg)

**Шымкент қаласының Сауле шағынауданында өртке қарсы қызмет, жедел медициналық жәрдем және полиция бөлімшелерін бір орталыққа біріктірген заманауи әмбебап жедел қызметтер кешені іске қосылды. Нысанды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Кеген Тұрсынбаев ресми түрде ашып берді.**

Салтанатты рәсімге қала әкімінің орынбасары Берік Беркімбаев, азаматтық қорғау ардагерлері және салалық қызметтердің өкілдері қатысты.

Жаңа кешеннің құрылуы мегаполистің қауіпсіздік жүйесін нығайтуға, сондай-ақ төтенше жағдайларға жедел әрекет ету қабілетін арттыруға бағытталған. Қызметтердің интеграцияланған үлгіде орналасуы бірегей алгоритм бойынша үйлесімді жұмысты қамтамасыз етіп, шақыру орнына жету уақытын айтарлықтай қысқартуға және халыққа көрсетілетін көмектің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Орталық аумағында №11 өрт сөндіру бөлімі, полиция бекеті және жедел жәрдем бригадасы орналасқан. Толыққанды жұмыс істеу үшін қызметтік бөлмелер, ГДЗС бекеті, оқу сыныбы, асхана, оқу-жаттығу мұнарасы және спорт алаңы қарастырылған. Сонымен қатар екі арнайы техникаға арналған гараж және сыртта көлік қоятын арнайы орын қарастырылған.

Жаңа депо жедел қызметтердің жету уақытын едәуір қысқартып, жалпы халық саны 74 868 адамды құрайтын сегіз елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұған дейін Елтай және Таскен шағынаудандарында осындай әмбебап кешендер пайдалануға берілген болатын. 2026 жылдың басында Бозарық-3 шағынауданында тағы бір нысанның құрылысы аяқталады деп жоспарлануда. Сондай-ақ 2026 жылы Ынтымак, Базарқақпа, Қайнарбұлақ, Shymcity, Жаңаталап және Ақжар шағынаудандарында осындай үлгідегі алты кешен салу көзделген.

---

Жарияланды: 2025-12-27T12:23:13+06:00

Жаңартылды: 2025-12-27T12:23:13+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/12/27/shymkentte-ta%d2%93y-bir-zha%d2%a3a-zhedel-%d2%9byzmetter-kesheni-ashyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.