Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Freedom Media «Сёгун» сериалының қазақ тіліндегі алғашқы ресми дубляжын ұсынды

admin by admin
26 декабря, 2025
Freedom Media «Сёгун» сериалының қазақ тіліндегі алғашқы ресми дубляжын ұсынды

Сериалдың желісі XVII ғасырдың басындағы Жапонияда өрбиді. Ағылшын штурманы Джон Блэкторнның кемесі апатқа ұшырап, еуропалықтар бұрын соңды болмаған Жапонияға тап болады. Өмір мен өлімнің арасындағы тұтқындықта ол тағдырдың талай сынағынан өтеді. Ақыры билік үшін жүріп жатқан күрестің бел ортасында жүрген Торанага атты ықпалды самурайдың ең жақын одақтасына айналады.

Байланысты

Астанада ҚР Жеке құрама атқыштар батальонының тәжік-ауған шекарасынан шығарылғанына 25 жыл толуына арналған еске алу іс-шарасы өтті

Заңда көзделген мерзімнен артық ұстауға болмайды: жаңа Конституция жобасындағы 18-бап нақтыланды

Технологиялар 2026 жылды бастайды: жаңа өнімдердің жарқын тұсаукесері

Бұл туынды 1976 жылы жарық көрген Джеймс Клавеллдың әйгілі «Сёгун» романына негізделген. Бұл шығарма оқырмандардың көңілінен шықса да, тек 2024 жылы сериал шыққаннан кейін әлемдік деңгейде танымал болды. Жоба «Эмми» жүлдесінің 25 аталымы бойынша ұсынылып, жылдың ең көп талқыланған сериалдардың біріне айналып, халықаралық деңгейде мойындалды.

Сериал Gotham TV Awards жүлдесіне үш аталым бойынша ұсынылды. Оның ішінде «Үздік жаңа мини-сериал» аталымы да бар.

Әсерлі сюжет, мықты актерлік құрам және сапалы режиссура сериалдың жоғары рейтингіне әсер еткені сөзсіз:

  • IMDb рейтингі — 8,7;
  • IMDb-дің үздік 250 сериалдың ішінде 107-орын;
  • Rotten Tomatoes: сыншылардың бағасы — 99%, көрермендердің пікірі — 91%.

Қазақ тіліндегі нұсқа кәсіби мамандардан құралған ұжымның қатысуымен әзірленді. Тілдік дәлдікті қамтамасыз ету мақсатында режиссер, аудармашы және мәтін үйлестіруші бірлесе жұмыс жасады.

Жұмыс барысында Жапон фонетикасы да ескеріліп, қазақ тіліндегі нұсқада атау «Шөгүн» деп дыбысталды.

Шах-Мұрат Ордабаев, «Freedom Media» компаниясының дубляж бойынша жетекші маманы:

Buy JNews
ADVERTISEMENT

«Сёгун» сериалы – көптілді форматта жасалған ерекше жоба. Ондағы кейіпкерлер ағылшын және жапон тілдерінде сөйлейді. Осы күрделі материалды көрерменге барынша түсінікті етіп жеткізу үшін командамыз әрбір сахнаны мұқият талдап, тиімді шешімдер іздеді. Сахнаның мазмұны мен динамикасына қарай синхронды дубляж, кадр сыртындағы дауыс және субтитрлер қолданылды. Басты мақсат – көрерменге оқиғаны түсінікті етіп жеткізу.

Жұмыстың келесі маңызды кезеңі – дауыс таңдау. Негізгі рөлдер тез бекітілгенімен, Ёси Торанаги бейнесіне лайықты дауыс табу оңайға соқпады. Қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқалар үшін де сәйкес келетін кандидат табу да оңай болмады. Біз үшін дауыс пен тембр арқылы кейіпкердің сабырлығын, ішкі темпераментін және күшін көрсету маңызды болды.

Сонымен қатар, теңізге қатысты терминологияны бейімдеу де үлкен жұмысты талап етті. Қазақстанда теңіз мәдениеті англосаксон немесе жапон халықтарындай терең қалыптаспаған. Сол себепті кемелер мен теңіз атрибутикасына байланысты ұғымдарды аудару барысында қосымша зерттеу жүргізіп, дереккөздермен мұқият жұмыс істеуге тура келді.

Осы ерекшеліктердің барлығы жобаны күрделі әрі қызықты етті. Дубляждың басты ерекшелігі – екі бірдей кәсіби дауыс: «Жас Сахна» театрының талантты актёрлері Даурен Серғазин мен Назерке Серікболова. Даурен Серғазин кино саласында да кеңінен танымал. Кәсіби шеберлердің арқасында көрерменге кейіпкерлердің интонациясы мен жан дүниесін дәл жеткізді.

Тимур Баиров, сериалдың қазақ тіліндегі нұсқасының маңыздылығы туралы:

Бұл жоба қазақ тілінің халықаралық мәдени кеңістіктегі орнын нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Сонымен қатар, ол сапалы жергілікті контентті дамытуға тың серпін береді. «Сёгун» сериалының қазақша нұсқасы көрермен үшін тек ыңғайлы көру форматы ғана емес, ана тілімізді кеңінен дәріптеуге, сондай-ақ аудиторияның қазақ тіліндегі контентті саналы түрде таңдауға мүмкіндік беретін ауқымды жұмыстың ажырамас бөлігіне айналады деп сенеміз.

 

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Ғажайыпқа толған Жаңа жыл: Жетісуда Президенттік шыршада жасанды интеллект балаларды қуантты

Келесі жаңалық

Жетісу облысында «ECOFINAL 2025: 100 тазалық қадамы» — экологиялық бастамалардың қорытындысы өткізілді

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Астанада ҚР Жеке құрама атқыштар батальонының тәжік-ауған шекарасынан шығарылғанына 25 жыл толуына арналған еске алу іс-шарасы өтті
Категориясыз

Астанада ҚР Жеке құрама атқыштар батальонының тәжік-ауған шекарасынан шығарылғанына 25 жыл толуына арналған еске алу іс-шарасы өтті

8 февраля, 2026
Заңда көзделген мерзімнен артық ұстауға болмайды: жаңа Конституция жобасындағы 18-бап нақтыланды
Категориясыз

Заңда көзделген мерзімнен артық ұстауға болмайды: жаңа Конституция жобасындағы 18-бап нақтыланды

7 февраля, 2026
Технологиялар 2026 жылды бастайды: жаңа өнімдердің жарқын тұсаукесері
Категориясыз

Технологиялар 2026 жылды бастайды: жаңа өнімдердің жарқын тұсаукесері

6 февраля, 2026
Партиядағы пікірталас
Категориясыз

Партиядағы пікірталас

6 февраля, 2026
Астанада жастарға «Арт әлемі: Шығармашылық жастар арасындағы авторлық құқық» іс-шарасы ұйымдастырылды
Категориясыз

Астанада жастарға «Арт әлемі: Шығармашылық жастар арасындағы авторлық құқық» іс-шарасы ұйымдастырылды

6 февраля, 2026
«КОНСТИТУЦИЯНЫ ЖҮЙЕЛІ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Категориясыз

«КОНСТИТУЦИЯНЫ ЖҮЙЕЛІ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

6 февраля, 2026
Келесі жаңалық
Жетісу облысында «ECOFINAL 2025: 100 тазалық қадамы» — экологиялық бастамалардың қорытындысы өткізілді

Жетісу облысында «ECOFINAL 2025: 100 тазалық қадамы» - экологиялық бастамалардың қорытындысы өткізілді

Бас прокуратурада инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті

Бас прокуратурада инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында 6-8 қарашада Interlight Central Asia + Smart Sec & Building көрмесі өтеді

Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында 6-8 қарашада Interlight Central Asia + Smart Sec & Building көрмесі өтеді

16 сентября, 2024
Сәуірде қазақстандық экспорт 2,2%-ға, импорт 2,5%-ға төмендеді

Сәуірде қазақстандық экспорт 2,2%-ға, импорт 2,5%-ға төмендеді

19 июня, 2023
Білім министрлігі музыка мектептерінің жекеменшікке өтуін қолдамайды

Білім министрлігі музыка мектептерінің жекеменшікке өтуін қолдамайды

11 марта, 2021

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қызым» — осы қыстың ең жылы премьерасы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Media «Сёгун» сериалының қазақ тіліндегі алғашқы ресми дубляжын ұсынды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Jack port Off Sites — Avoiding Jerks With Sex Webcam Girls

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Астанада ҚР Жеке құрама атқыштар батальонының тәжік-ауған шекарасынан шығарылғанына 25 жыл толуына арналған еске алу іс-шарасы өтті
  • Заңда көзделген мерзімнен артық ұстауға болмайды: жаңа Конституция жобасындағы 18-бап нақтыланды
  • Технологиялар 2026 жылды бастайды: жаңа өнімдердің жарқын тұсаукесері

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.