Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

«Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында «Legal Talk: ашық микрофон» форматындағы жастар форумы өтті

admin by admin
24 декабря, 2025
«Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында «Legal Talk: ашық микрофон» форматындағы жастар форумы өтті

Қоғамның тұрақты дамуы мен азаматтардың қауіпсіз өмір сүруі ең алдымен заң үстемдігіне, тәртіп пен жауапкершілікке тікелей байланысты. Құқықтық мәдениеті жоғары, саналы әрі белсенді жас ұрпақ — әділетті қоғамның негізгі тірегі. Осы мақсатта «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында Жетісу облысында «Legal Talk: ашық микрофон» форматындағы жастар форумы өткізілді. Аталған форум жастар мен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалогты нығайтуға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және қоғамдағы өзекті құқықтық мәселелерді бірлесе талқылауға бағытталған маңызды алаңға айналды.

Байланысты

Алматыда New Vision Forum 2026 аясында 30 елден келген 4000 кәсіпкер бас қосты

Visa зерттеуі: қазақстандықтардың 72%-ы сатып алу кезінде жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін пайдаланады, алайда төлем жасау кезінде сенім негізгі фактор болып қала береді

«Қазақмыс» Жезқазған өңірі кәсіпорындарын кешенді жаңғыртуды жалғастыруда

Форум ашық микрофон форматы болды. Бұл формат қатысушыларға өз ойларын еркін білдіруге, көкейінде жүрген сұрақтарын тікелей сала мамандарына қоюға және нақты, түсінікті жауап алуға мүмкіндік берді. Іс-шара барысында заң мен тәртіп, қоғамдық қауіпсіздік, жастардың құқықтары мен міндеттері, интернет кеңістігіндегі қауіптер, құқық бұзушылықтардың алдын алу тақырыптары кеңінен қозғалды.

Форумға спикер ретінде Жетісу облысы әкімінің орынбасары Есдәулетов Диас Рахметұлы, Жетісу облысының прокуроры Жұмақанов Бауыржан Альбертұлы, Жетісу облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Тюмелиев Еркін Амангелдіұлы, Жетісу облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Байкенов Жасұлан Құдайбергенұлы қатысты.

Сала мамандары жастармен ашық пікір алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы өзекті бағыттарға тоқталды.

Іс-шара барысында интерактивті ойын ұйымдастырылып, 1-орын иеленген қатысушыға алғыс хат пен сыйлық табысталды. Қатысушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінді. Бұл жастардың құқықтық тақырыптарға деген көзқарасын жеңіл әрі түсінікті форматта қалыптастыруға ықпал етті.

Аталған форум жұмысына 200-ге жуық жас тартылды. Форум жастардың азаматтық ұстанымын нығайтуға, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеуге және қоғамдық тәртіпті күшейтуге бағытталған жүйелі жұмыстың маңызды бөлігі болды. Бұл — тек пікір алмасу алаңы ғана емес, жауапкершілігі жоғары, саналы қоғам қалыптастыру жолындағы нақты қадам.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенті Ақерке Есқараеваның айтуынша, іс-шара өте қызықты әрі мазмұнды өтті.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

— Құқық қорғау органдарының басшылары мен облыс әкімі орынбасарының жастармен кездесуге арнайы келуі ерекше әсер қалдырды. Олар қойылған сұрақтарға ашық түрде жауап беріп, күрделі тақырыптардан қашқан жоқ. Мұндай формат заң мен тәртіптің іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Әсіресе дропперлік тақырыптың талқылануы есте қалды, себебі бұл қазіргі жастар үшін өзекті мәселе. Көп жағдайда оның салдарына мән берілмей жатады, сондықтан мұндай түсіндіру жұмыстары өте маңызды. Осындай жастармен ашық кездесулер алдағы уақытта да жиі ұйымдастырылса деген ойымыз бар, — деді ол.

Облыстық қоғамдық даму басқармасының материалы бойынша.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Свобода слова может использоваться для манипуляций? Случай КазТАГ и Freedom Finance

Келесі жаңалық

Алматы қаласының Жетісу ауданында емхананың жаңа филиалы ашылды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Алматыда New Vision Forum 2026 аясында 30 елден келген 4000 кәсіпкер бас қосты
Категориясыз

Алматыда New Vision Forum 2026 аясында 30 елден келген 4000 кәсіпкер бас қосты

15 июня, 2026
Visa зерттеуі: қазақстандықтардың 72%-ы сатып алу кезінде жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін пайдаланады, алайда төлем жасау кезінде сенім негізгі фактор болып қала береді
Категориясыз

Visa зерттеуі: қазақстандықтардың 72%-ы сатып алу кезінде жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін пайдаланады, алайда төлем жасау кезінде сенім негізгі фактор болып қала береді

15 июня, 2026
«Қазақмыс» Жезқазған өңірі кәсіпорындарын кешенді жаңғыртуды жалғастыруда
Категориясыз

«Қазақмыс» Жезқазған өңірі кәсіпорындарын кешенді жаңғыртуды жалғастыруда

15 июня, 2026
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Категориясыз

«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады

14 июня, 2026
Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді
Категориясыз

Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

12 июня, 2026
Назгүл Жұмағұлова  Тәуекелі тастай кәсіпкер
Категориясыз

Назгүл Жұмағұлова Тәуекелі тастай кәсіпкер

12 июня, 2026
Келесі жаңалық
Алматы қаласының Жетісу ауданында емхананың жаңа филиалы ашылды

Алматы қаласының Жетісу ауданында емхананың жаңа филиалы ашылды

Alatau City Garant Румыниядағы МӨЗ өртінен кейін 332 000 АҚШ долларын төледі

Alatau City Garant Румыниядағы МӨЗ өртінен кейін 332 000 АҚШ долларын төледі

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Әділет министрі: Сайлау датасын Президент жариялайды

Әділет министрі: Сайлау датасын Президент жариялайды

16 сентября, 2022
Қызылорда облысында алты күріш өндіруші мен дистрибьюторға 67,9 млн теңге айыппұл салынды

Қызылорда облысында алты күріш өндіруші мен дистрибьюторға 67,9 млн теңге айыппұл салынды

22 июня, 2023
Мемлекет басшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

4 февраля, 2021

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Алматыда New Vision Forum 2026 аясында 30 елден келген 4000 кәсіпкер бас қосты
  • Visa зерттеуі: қазақстандықтардың 72%-ы сатып алу кезінде жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін пайдаланады, алайда төлем жасау кезінде сенім негізгі фактор болып қала береді
  • «Қазақмыс» Жезқазған өңірі кәсіпорындарын кешенді жаңғыртуды жалғастыруда

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.