Alatau City Garant Румыниядағы МӨЗ өртінен кейін 332 000 АҚШ долларын төледі

Alatau City Garant Румыниядағы МӨЗ өртінен кейін 332 000 АҚШ долларын төледі

«Alatau City Garant» сақтандыру компаниясы Румыниядағы ірі мұнай өңдеу зауытындағы өртке байланысты қайта сақтандыру шарты бойынша 332 мың АҚШ доллары мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асырды. Оқиға жоспарланған жұмыс кезінде болды. Тергеу нәтижелері бойынша өрттің себебі қызмет көрсету кезінде оператордың техникалық қателігінен болды, бұл көмірсутек өнімінің ағып кетуіне және кейіннен өздігінен жануына әкелді. Өрт тез арада оқшауланды. Соған қарамастан, кәсіпорынның залалы 11 миллион доллардан асты. Қайта сақтандыру шарты бойынша Alatau City Garant үлесі 332 мың АҚШ долларын құрады, Компания залалдың орнын толтырды.

Бұл сақтандыру жағдайы Alatau City Garant-тың халықаралық нарықтағы жауапты қайта сақтандырушы ретіндегі сенімділігі мен қаржылық тұрақтылығын айқын көрсетеді. «Біз үлкен және күрделі тәуекелдерді өз мойнымызға алғанда, жай ғана шарттық міндеттемелерді орындап қана қоймаймыз – біз клиенттеріміздің күтпеген жағдайларда олардың қаржылық қауіпсіздігінің кепілі бола отырып, әлемнің кез келген нүктесінде бизнестің үздіксіздігін қамтамасыз етеміз. Бұл төлем біздің компаниямыздың, тіпті ірі оқиғалар болған жағдайда да өзіне алған міндеттемелерін жедел және толық көлемде орындай алатын сенімді серіктес екендігінің тағы бір дәлелі», — дейді Alatau City Garant Басқарма төрағасының орынбасары Шыңғыс Әміржанов.

Alatau City Garant Қазақстанның жалпы сақтандыру компанияларының ТОП-10 құрамына кіреді. Сақтандырушы Солтүстік және Оңтүстік Америкадағы, Африкадағы, Еуропадағы, Азиядағы және Австралиядағы сақтандыру және қайта сақтандыру компанияларымен ынтымақтасады.