Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Авиациядағы дәлдік: рейстің уақытында орындалуына неге байланысты

- by -
19 декабря, 2025
Авиациядағы дәлдік: рейстің уақытында орындалуына неге байланысты

Рейстің уақытында ұшуы – кездейсоқ немесе өзінен-өзі болатын құбылысқа жатпайды. Оның артында рейс кестесін жоспарлаудан бастап, әуе кемесін ұшуға дайындау мен жолаушыларды отырғызуға дейінгі барлық үдерістерге жауапты ондаған маманның еңбегі тұр. Сұраныс пен маусымдылықты ескере отырып жасалған ең дәл кестенің өзі ұшу күні қалыптасатын нақты жағдайларға тәуелді.

Байланысты

Астанада ҚР Жеке құрама атқыштар батальонының тәжік-ауған шекарасынан шығарылғанына 25 жыл толуына арналған еске алу іс-шарасы өтті

Заңда көзделген мерзімнен артық ұстауға болмайды: жаңа Конституция жобасындағы 18-бап нақтыланды

Технологиялар 2026 жылды бастайды: жаңа өнімдердің жарқын тұсаукесері

Рейстердің уақытылы орындалуына қандай факторлар әсер ететіні және ұшуларды ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы FlyArystan әуекомпаниясы өз Telegram-арнасында бөлісті.

Неліктен лоукостерлер үшін дәлдік ерекше маңызды

Рейстердің уақытында орындалуы әуекомпаниялардың, әуежайлардың, жерүсті қызметтерінің және әуе қозғалысын басқару диспетчерлерінің бірлескен жұмысы арқылы қамтамасыз етіледі. Үдерістер қаншалықты жолға қойылғанымен, ауа райы жағдайлары, әуежайлардың жүктемесі, ұшу-қону жолақтарының жөнделуі, әуе кеңістігіндегі шектеулер, маусымдық жолаушылар ағынының артуы сынды бірқатар сыртқы факторлардың әсері сақталады.

Лоукостерлер үшін уақыт – негізгі ресурстардың бірі. Жоғары жүктемелі маусымда FlyArystan-ның бір әуе кемесі тәулігіне сегіз рейске дейін орындай алады, ал қонғаннан кейін келесі ұшуға дейінгі аралық 30 минуттан 45 минутқа дейінгі уақытты құрайды. Кез келген кезеңдегі кідіріс келесі рейстерге бірден әсер етіп, кесте бойынша кешігулер тізбегін тудыруы мүмкін.

Рейстің кешігуі – әрдайым мәжбүрлі әрекет әрі әуекомпания үшін қосымша шығындар әкелетін шара: жанармайдың артық жұмсалуы, экипаждардың жұмыс уақытының ұлғаюы, жерүсті қызметтеріне түсетін жүктеменің артуы және әуе паркін пайдалану тиімділігінің төмендеуі. Кестенің дәлдігі маңызды экономикалық көрсеткіш болғанымен, кез келген жағдайда, тіпті, уақытша кестеден ауытқуларды қажет етілсе де, қауіпсіздік басты басымдық болып қала береді.

Дәлдікке әсер ететін факторлар

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Шартты түрде барлық факторларды әуекомпанияның бақылауындағы ішкі факторлар және инфрақұрылым мен ұшуларды орындау жағдайларына байланысты сыртқы факторлар деп бөлуге болады.

Ішкі факторлар

Әуе кемесінің айналымы. Рейстер арасында әуе кемесі стандартты циклден өтеді: жолаушылар мен жолжүкті түсіру, салонды тазалау, жанармай құю және келесі рейске отырғызу. Уақыт аралығы қысқа болған жағдайда барлық қызметтердің үйлесімді жұмысы ерекше маңызды.

Экипаждардың жұмыс уақыты. Ұшулар халықаралық қатаң еңбек нормаларына сәйкес орындалады. Егер кешігу салдарынан экипаж рұқсат етілген жұмыс уақыты шегінен асып кетсе, оны ауыстыру қажет болады, бұл сәйкесінше кестеге әсер етеді.

Жерүсті қызмет көрсету. Қарбалас сағаттарда тіркеу бағандарында, отырғызу қақпасында және жүкті өңдеу қызметтеріне түсетін жүктеме артып, үдерістердің баяулауына әкелуі мүмкін.

Техникалық бақылау. Әр ұшудың алдында әуе кемесіне міндетті тексеріс жүргізіледі. Ақау анықталған жағдайда қауіпсіздік әрдайым басымдықта болады, яғни, ақау жойылады немесе рейске басқа әуе кемесі тағайындалады.

Әуекомпанияға тәуелді себептермен рейс кешіккен жағдайда жолаушыларға қандай қызметтер қарастырылған?

  1. Жолаушылардың сұрауы бойынша және мүмкіндік болған жағдайда – жеті жасқа дейінгі балалары бар жолаушылар үшін ана мен бала бөлмесі;
  2. Рейс мәртебесі 2 сағаттан астам уақытқа өзгерген жағдайда – салқын сусындар, ұзақтығы бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауы (халықаралық желілерді қоса алғанда) немесе электрондық пошта арқылы екі хабарлама;
  3. 4 сағаттан астам кешіккенде – ыстық тамақ;
  4. 5 сағаттан астам кешіккенде – жолаушылар орын болған жағдайда ең жақын рейске бір рет тегін қайта брондауды немесе қайта брондау мүмкін болмаған жағдайда төлемді толық қайтаруды таңдай алады;
  5. Күндізгі уақытта 8 сағаттан астам және түнгі уақытта 6 сағаттан астам кешіккенде – сұрау бойынша қонақүйге орналастыру, сондай-ақ қонақүйге дейін және кері трансфер ұсынылады.

Сыртқы факторлар

FlyArystan әуекомпаниясының 2024-2025 жылдардағы деректері бойынша, рейстердің шамамен 70%-ы әуекомпания тікелей әсер ете алмайтын сыртқы себептерге байланысты кешіккен.

Ауа райы жағдайлары. Қар, тұман, қатты жел мен найзағай – кешігулердің ең жиі кездесетін себептері. Қыс мезгілінде міндетті түрде мұздануға қарсы өңдеу жүргізіледі, ол кезекпен атқарылып, қосымша уақыт алуы мүмкін.

Әуежайлардың жүктемесі мен инфрақұрылымы. Қарбалас сағаттарда ұшып-қону қозғалысының жоғары болуына, сондай-ақ арнайы техника мен жерүсті жабдықтарының шектеулі болуына байланысты кідірістер орын алуы мүмкін. Қыс мезгілінде бұған ұшу-қону жолақтарын қардан тазалау қажеттілігі қосылады. Көктем-жаз кезеңінде ұшу-қону жолақтарының, перрондардың немесе әуежай инфрақұрылымының өзге нысандарының жоспарлы жабылуы әуежайдың өткізу қабілетін төмендетіп, кестенің тығыздығына әсер етеді.

Жолаушы факторы. Гейтке кешігу, тіркеуден кеш өту немесе отырғызуға келмеу жолжүкті түсіру қажеттілігіне әкеледі, бұл орта есеппен 20 минутқа дейін уақыт алады.

Болжауға келмейтін жағдайлар. Найзағай түсуі, құстармен соқтығысу немесе қатты турбуленттілік келесі ұшудың алдында әуе кемесін қосымша тексеруді талап етеді.

Әуекомпанияға тәуелсіз себептермен рейс кешіккен жағдайда жолаушыларға қандай қызметтер қарастырылған?

  1. Рейс мәртебесі 2 сағаттан астам уақытқа өзгерген жағдайда – салқын сусындар;
  2. 4 сағаттан астам кешіккенде – ыстық тамақ;
  3. 5 сағаттан астам кешіккенде – жолаушылар орын болған жағдайда ең жақын рейске бір рет тегін қайта брондау жасай алады.

Цифрлық шешімдер және жолаушылардың рөлі

Рейстің уақытында орындалуы тек әуекомпания мен әуежай қызметтеріне ғана байланысты емес. Бұл үдерісте жолаушылардың да рөлі маңызды. Әуежайға ұшуға 2-3 сағат қалғанда келу, онлайн тіркеуден өту, қол жүгінің ережелерін сақтау және қосымша қызметтерді алдын ала рәсімдеу – рейсті ұшуға жеделірек дайындауға және кешігу ықтималдығын азайтуға көмектесетін қарапайым әрекеттер.

Қызмет көрсету уақытын қысқарту үшін FlyArystan өзін-өзі қызмет көрсету құралдарын белсенді түрде дамытып келеді. Бүгінде жолаушылардың 92%-дан астамы рейске онлайн тіркеледі, ал iJan және BagJan терминалдары отырғызу талонын рәсімдеп, жолжүкті кезексіз тапсыруға мүмкіндік береді. Бұл, әсіресе, қарбалас сағаттарда әуежайдағы үдерістерді айтарлықтай жылдамдатады.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Бетті бүркейтін киімге қатысты заң қабылданды: ІІМ ерекшеліктерін атады

Келесі жаңалық

«Алғашқы дереккөзден». Алматыда тарихи нысандар қалай жаңғыртылып жатыр?

-

-

Байланысты жаңалықтар

Астанада ҚР Жеке құрама атқыштар батальонының тәжік-ауған шекарасынан шығарылғанына 25 жыл толуына арналған еске алу іс-шарасы өтті
Категориясыз

Астанада ҚР Жеке құрама атқыштар батальонының тәжік-ауған шекарасынан шығарылғанына 25 жыл толуына арналған еске алу іс-шарасы өтті

8 февраля, 2026
Заңда көзделген мерзімнен артық ұстауға болмайды: жаңа Конституция жобасындағы 18-бап нақтыланды
Категориясыз

Заңда көзделген мерзімнен артық ұстауға болмайды: жаңа Конституция жобасындағы 18-бап нақтыланды

7 февраля, 2026
Технологиялар 2026 жылды бастайды: жаңа өнімдердің жарқын тұсаукесері
Категориясыз

Технологиялар 2026 жылды бастайды: жаңа өнімдердің жарқын тұсаукесері

6 февраля, 2026
Партиядағы пікірталас
Категориясыз

Партиядағы пікірталас

6 февраля, 2026
Астанада жастарға «Арт әлемі: Шығармашылық жастар арасындағы авторлық құқық» іс-шарасы ұйымдастырылды
Категориясыз

Астанада жастарға «Арт әлемі: Шығармашылық жастар арасындағы авторлық құқық» іс-шарасы ұйымдастырылды

6 февраля, 2026
«КОНСТИТУЦИЯНЫ ЖҮЙЕЛІ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Категориясыз

«КОНСТИТУЦИЯНЫ ЖҮЙЕЛІ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

6 февраля, 2026
Келесі жаңалық
«Алғашқы дереккөзден». Алматыда тарихи нысандар қалай жаңғыртылып жатыр?

«Алғашқы дереккөзден». Алматыда тарихи нысандар қалай жаңғыртылып жатыр?

50%-ға дейінгі өсім: жаңа жылдық қызметтерге сұраныс қалай өзгерді

50%-ға дейінгі өсім: жаңа жылдық қызметтерге сұраныс қалай өзгерді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қанат Ислам қарсыласын нокаутқа жіберді

Қанат Ислам қарсыласын нокаутқа жіберді

21 февраля, 2021
Дамир Исмағұловтың UFC-дегі келесі қарсыласы белгілі болды

Дамир Исмағұловтың UFC-дегі келесі қарсыласы белгілі болды

29 сентября, 2022
Олжас Бектенов Екібастұздағы «Деректерді өңдеу орталығы алқабы» жобасын жүзеге асыру жөніндегі Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Олжас Бектенов Екібастұздағы «Деректерді өңдеу орталығы алқабы» жобасын жүзеге асыру жөніндегі Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

30 января, 2026

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қызым» — осы қыстың ең жылы премьерасы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Media «Сёгун» сериалының қазақ тіліндегі алғашқы ресми дубляжын ұсынды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Jack port Off Sites — Avoiding Jerks With Sex Webcam Girls

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Астанада ҚР Жеке құрама атқыштар батальонының тәжік-ауған шекарасынан шығарылғанына 25 жыл толуына арналған еске алу іс-шарасы өтті
  • Заңда көзделген мерзімнен артық ұстауға болмайды: жаңа Конституция жобасындағы 18-бап нақтыланды
  • Технологиялар 2026 жылды бастайды: жаңа өнімдердің жарқын тұсаукесері

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.