Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Денсаулық

Ақтауда сирек жасалатын күрделі нейрохирургиялық ота сәтті өтті

admin by admin
17 декабря, 2025
Ақтауда сирек жасалатын күрделі нейрохирургиялық ота сәтті өтті

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында нейрохирургия саласындағы сирек әрі жоғары кәсіби шеберлікті талап ететін оксипитоспондилодез операциясы сәтті жасалды. Күрделі ота жол-көлік оқиғасы салдарынан ауыр жарақат алған науқасқа жүргізілді, — деп хабарлайды облыстық аурухананың баспасөз қызметі.

Байланысты

Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тыныс жолына бөгде зат түскен 10 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды

Қарағандыда Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресі өз жұмысын бастады

Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

Науқаста одонтоидты өсінді (С1) мен екінші мойын омыртқасының доғасы (С2) сынған. Жарақаттың ауырлығына байланысты ол алғашқы күні клиникалық өлім жағдайына түскен. Осыған орай науқас жедел түрде жансақтау бөліміне жатқызылып, дәрігерлердің тұрақты бақылауына алынды.

Нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Думан Молдабекұлы Мырзабековтің айтуынша, С1–С2 деңгейіндегі жарақаттар өмірге аса қауіпті.

«Бұл аймақта ми бағанасы орналасқан. Ол тыныс алу, жүрек соғысы, қозғалыс пен сезімталдықты басқарады. Омыртқаның осы бөлігіндегі кез келген қозғалыс жұлынның зақымдалуына және ауыр салдарға әкелуі мүмкін»,
– деді ол.

Ота барысында С1 және С2 омыртқалары зақымдалғандықтан, бекіту желке сүйегі мен оның астындағы сау мойын омыртқалары арқылы жүргізілді. Бүйірлік массалардың шағын болуы стандартты бұрандаларды орнатуға мүмкіндік бермеген.

«Сондықтан асимметриялық әрі жоғары дәлдікті талап ететін бекіту әдісін қолдануға тура келді. Бұл тәсіл науқасты ерте қозғалысқа келтіруге мүмкіндік береді»,
– деп түсіндірді дәрігер.

Операция сәтті өтіп, науқас отадан кейінгі алғашқы күні өкпені жасанды желдету аппаратынан ажыратылды. Ал келесі күні өздігінен жүре бастады. Қазіргі таңда ол аурухананың оңалту бөлімінде қимыл-қозғалысты қалпына келтіру жаттығуларын жасап, қарқынды ем қабылдауда.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Айта кетейік, Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында мұндай жоғары технологиялы нейрохирургиялық оталарды жасауға толық мүмкіндік бар. Медициналық мекеме заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған, сондай-ақ мұнда білікті әрі тәжірибелі дәрігерлер тобы қызмет атқарады.

Анықтама үшін:
Оксипитоспондилодез — желке сүйегі мен мойын омыртқаларын бекіту арқылы омыртқаның тұрақтылығын қалпына келтіретін аса күрделі нейрохирургиялық операция. Ол жұлын мен ми бағанасын зақымданудан қорғау мақсатында жасалады және медициналық тәжірибеде сирек қолданылады.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

«Ақылды қала»: Жамбыл облысында цифрландыру бойынша қандай жұмыстар атқарылуда

Келесі жаңалық

ЛГБТ насихатына тыйым: Сенат заңды бірінші оқылымда мақұлдады

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тыныс жолына бөгде зат түскен 10 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды
Денсаулық

Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тыныс жолына бөгде зат түскен 10 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды

11 июня, 2026
Қарағандыда Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресі  өз жұмысын бастады
Денсаулық

Қарағандыда Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресі өз жұмысын бастады

5 июня, 2026
Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады
Денсаулық

Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

28 мая, 2026
Алматыда өткен мерейтойлық Ұлттық ІҚА форумы гастроэнтерология, колопроктология, педиатрия, хирургия және аралас салалардың жетекші мамандарын жинады
Денсаулық

Алматыда өткен мерейтойлық Ұлттық ІҚА форумы гастроэнтерология, колопроктология, педиатрия, хирургия және аралас салалардың жетекші мамандарын жинады

22 мая, 2026
Астанада Kazakh Spine Days 2026 халықаралық білім беру курсы басталды: 100-ден астам нейрохирург жұлын нейрохирургиясының заманауи технологияларын талқылауда
Денсаулық

Астанада Kazakh Spine Days 2026 халықаралық білім беру курсы басталды: 100-ден астам нейрохирург жұлын нейрохирургиясының заманауи технологияларын талқылауда

16 мая, 2026
Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды
Денсаулық

Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

16 апреля, 2026
Келесі жаңалық
ЛГБТ насихатына тыйым: Сенат заңды бірінші оқылымда мақұлдады

ЛГБТ насихатына тыйым: Сенат заңды бірінші оқылымда мақұлдады

Бетті бүркейтін киімге қатысты заң қабылданды: ІІМ ерекшеліктерін атады

Бетті бүркейтін киімге қатысты заң қабылданды: ІІМ ерекшеліктерін атады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Жетісуда Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

Жетісуда Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

10 октября, 2025
Маңғыстау облысында «Айрақты» визит орталығының даму тұжырымдамасы таныстырылды

Маңғыстау облысында «Айрақты» визит орталығының даму тұжырымдамасы таныстырылды

20 февраля, 2025
Өртте бес қызынан айырылған астаналықтар ұлды болды

Өртте бес қызынан айырылған астаналықтар ұлды болды

12 декабря, 2020

Топ жаңалықтар

  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
  • Қазақстанда сары май өндірісі шамамен 50% артты
  • Бухгалтерлік баланс, пайда мен залал туралы есеп «Сентрас Иншуранс «СК» АҚ 01.07.2026 жыл жағдайына

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.