Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Orda.kz және ҚазТАГ: ақпараттық соғыстардың құқықтық салдары

- by -
15 декабря, 2025
Orda.kz және ҚазТАГ: ақпараттық соғыстардың құқықтық салдары

Соңғы бірнеше апта Қазақстанның медианарығы үшін бұрын-соңды болмаған шиеленіс кезеңіне айналды. Бір мезгілде екі бірдей резонансты іс – Orda.kz онлайн-басылымы мен «ҚазТАГ» ХАА-не қатысты істер – сөз бостандығының шекарасы мен жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік мәселесін алдыңғы қатарға шығарды.

Байланысты

Бухгалтерлік баланс, пайда мен залал туралы есеп «Сентрас Иншуранс «СК» АҚ 01.07.2026 жыл жағдайына

Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты

«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

Ең көп талқыланған оқиғалардың бірі – Orda.kz ісі болды. 2025 жыл 1 желтоқсанда полиция басылымның бас редакторы Гүлнара Бажкеноваға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы – «көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Сол күні Orda.kz редакциясында, сондай-ақ Бажкенованың үйінде тінту жүргізіліп, редакция қызметкерлері техниканың тәркіленгенін мәлімдеді. Ал 2 желтоқсанда сот бас редакторды екі ай мерзімге үй қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Тергеу эпизодтарының бірі 2024 жылы құқық қорғау органының қызметкері пара алу кезінде ұсталды деген жарияланым болды – полиция бұл ақпаратты шындыққа сай емес деп санайды.

Осы жағдай аясында ҚазТАГ пен “Фридом Финанс” арасындағы қақтығысқа да айрықша назар ауды. Бұл дау кәсіби пікірталас шеңберінен шығып, ауқымды құқықтық қарсыласуға ұласты. Қақтығысқа себеп – ҚазТАГ-тың “Фридом Финанс” компаниясының бұрынғы қызметкері Виталий Световойға қатысты қылмыстық іс туралы жариялаған материалдар сериясы. Агенттік материалдарында компания мен оның негізін қалаушы Тимур Турлов іс жүзінде алаяқтық схемалар мәнмәтінінде аталып, мұны “Фридом Финанс” фактілерді бұрмалау және жала деп бағалады.

Компания биылғы сәуір айында-ақ Световойдың топ-менеджер болмағанын, компания шеңберінен тыс әрекет еткенін, қаражатты жеке тұлғалардан жеке шоттарына алғанын және беделге нұқсан келтіретін негіздер бойынша жұмыстан босатылғанын жан-жақты түсіндірген болатын. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарына жүгініп, материалдарды тергеуге тапсырған да “Фридом Финанс” екені атап өтілді. Алайда холдинг өкілдерінің айтуынша, компанияның ресми ұстанымы ҚазТАГ жарияланымдарында ескерусіз қалып, түрлі материалдар біртұтас теріс кейске біріктірілген.

Freedom Holding Corp. компаниясының бас директоры Тимур Турлов бұл даудың бағалау пікірлеріне емес, нақты фактілерге қатысты екенін атап өткен болатын: «Адамдар кез келген пікір айтуға, оның ішінде теріс пікір білдіруге құқылы. Бірақ шындыққа сәйкес келмейтін фактілерді айтуға ешкімнің құқығы жоқ. Бұл – жала», – деді. Оның айтуынша, мұндай ақпараттық қақтығыстар қаржы нарығына және жалпы инвестициялық ортаға деген сенімді әлсіретеді.

Жағдай компания дауды құқықтық алаңнан тыс, бейресми жолмен реттеу жөніндегі ұсыныстардан бас тартқаннан кейін ушыға түсті. “Фридом Финанс” өкілдерінің мәлімдеуінше, осыдан соң қысым ретінде танылған жаңа жарияланымдар толқыны басталған. Бұған жауап ретінде компания сот пен құқық қорғау органдарына жүгінді.

 

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Құқықтық алаң

Холдингтің адвокаты Александр Камендровский компанияда айтарлықтай көлемде дәлелдер бар екенін атап өтті: «Бұл жала болғанын дәлелдейтін айғақтар жеткілікті. Барлық құжаттық растаулар бар, оның ішінде халықаралық арналар арқылы алынған материалдар да қамтылған. Банктерден, брокерлерден, корреспонденттерден алынған үзінділер және басқа да деректер бар», – деді ол. Бұған дейін холдинг өкілдері тергеу органдарының істі созбалауы мен формалды көзқарасына қанағаттанбайтындарын мәлімдеген болатын.

Өз кезегінде ҚазТАГ тағылған айыптарды жоққа шығарады. Агенттіктің бас редакторы Амир Касенов бұл мәселеде қатаң жария ұстаным білдірді. Ол Facebook парақшасында: «Айтпақшы, біз бәрін тіркеп, заң жүзінде бекітіп жатырмыз, ал жармасушылармен кейін айналысамыз», – деп жазды. Сондай-ақ Касенов өз жазбаларының бірінде сын айтушыларға қатысты жеке бағалар беріп, олардың белсенділігін Тимур Турловқа қатысы бар пиар-құрылымдардың мүдделерімен байланыстырды.

Сонымен қатар, ол редакцияның тәуелсіздігін алға тартады: «ҚазТАГ-та жұмыс істеп келе жатқан осы ұзақ жылдар ішінде бізге қандай атақ тақпады – прокремльшіл де, батысшыл да, билікшіл де, қазақ ұлтшылдары деп те айтты. Алайда бұл анықтамалардың ешқайсысы шындыққа сәйкес келмейді», – деді ол.

Ал Тимур Турловтың пікірінше, болып жатқан жағдай ақпараттық соғысқа ұқсайды: «Бұл нарыққа өте жағымсыз әсер етеді деп ойлаймын. Мұнда басты мәселе – сен қарсыласыңды ғана емес, өкінішке орай, бүкіл нарықты, тұтас ортаны дискредитациялап жатырсың», – деді ол.

Заңгерлер Orda.kz пен ҚазТАГ істері аясында мұндай қақтығыстардың міндетті түрде құқықтық алаңда шешілуі аса маңызды екенін атап өтеді. Adiletalmatykz заң компаниясының басшысы Азамат Бекқұловтың айтуынша: «Жала туралы айыптаулар кезінде іскерлік беделге, инвестициялық ахуалға және қаржы секторына деген сенімге нұқсан келеді. Ақпараттың шынайылығын бағалаудың жалғыз құралы – заң және тек қана заң. Бұл елдегі тұрақтылық пен болжамдылықты қамтамасыз етудің қажетті шарты».

 

Ақпараттық соғыстар қысым құралы ретінде

Дауды құқықтық алаңда шешу – екі тарап үшін де жалғыз дұрыс жол. Қалыптасқан жағдай жан-жақты заңдық талдауды талап етеді және болашақта БАҚ пен өздерін ақпараттық шабуылдардың құрбаны деп санайтын тараптар арасындағы дауларда негізге алынатын маңызды прецедентке айналуы мүмкін.

ҚазТАГ пен Orda.kz төңірегіндегі жағдайды «АиФ Қазақстан» басылымына берген пікірінде саясаттанушы Эдуард Полетаев қазіргі ақпараттық қақтығыстардың коммерциялық астарына назар аударды. «Бұл саланың айтарлықтай коммерцияланып кеткенін көріп отырмыз, ал пайда табу мүмкіндігі әрдайым бір нәрсені хайпқа айналдыруға итермелейді», – деді ол. Оның айтуынша, бүгінде көптеген БАҚ, блогерлер мен онлайн-платформалар қоғамдық мүддеден гөрі қаржылық ынталандыруға сүйеніп әрекет етеді.

Сарапшылардың пікірінше, эмоцияға берілген эскалация мен жария түрде жасалатын қоқан-лоққылар ақпараттық соғыстарды күшейтіп, оларды барлық тарап үшін қауіпті етеді. Мұндай жағдайда фактілерді пікірлер мен жорамалдардан ажырата алатын жалғыз тетік сот болып қала бермек.

Orda.kz төңірегіндегі оқиғалар мен ҚазТАГ пен “Фридом Финанс” арасындағы дау бір нәрсені айқын көрсетеді: сөз бостандығы жауапкершіліксіз мүмкін емес, ал ақпараттың шынайылығына қатысты кез келген қақтығыс тек құқықтық алаңда шешілуі тиіс.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА РЕКОРД

Келесі жаңалық

Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді

-

-

Байланысты жаңалықтар

Категориясыз

Бухгалтерлік баланс, пайда мен залал туралы есеп «Сентрас Иншуранс «СК» АҚ 01.07.2026 жыл жағдайына

13 июля, 2026
Сарапшылар Қазақстандағы жасанды интеллект пен цифрлық экономиканы дамыту мәселелерін талқылады
Категориясыз

Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты

11 июля, 2026
«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде
Категориясыз

«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

10 июля, 2026
Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды
Категориясыз

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

9 июля, 2026
Аптаптың бағасы: жаз басталғанда климаттық техника нарығы қалай өзгеріп жатыр
Категориясыз

Аптаптың бағасы: жаз басталғанда климаттық техника нарығы қалай өзгеріп жатыр

9 июля, 2026
Технологиялар әуе көлігі саласына жылына 10 миллиард жолаушыны тасымалдауға дайындалуға қалай көмектеседі
Категориясыз

Технологиялар әуе көлігі саласына жылына 10 миллиард жолаушыны тасымалдауға дайындалуға қалай көмектеседі

9 июля, 2026
Келесі жаңалық
Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді

Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді

Тайланд бағыты бойынша жаңа рейстің ашылуы

Тайланд бағыты бойынша жаңа рейстің ашылуы

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

«АстраЗенека» Еуразиялық Фармацевтикалық Форум 2024 аясында Қазақстандағы дамудың стратегиялық басымдықтарын жариялады

«АстраЗенека» Еуразиялық Фармацевтикалық Форум 2024 аясында Қазақстандағы дамудың стратегиялық басымдықтарын жариялады

29 февраля, 2024
«Әлем чемпионатынан кейін Мессиді жапқанмен тең»: Перуашев Козачков жайында

«Әлем чемпионатынан кейін Мессиді жапқанмен тең»: Перуашев Козачков жайында

19 декабря, 2022
Жаңа адамдар жолаушы қыздарға тиіскен — Желіні шулатқан таксистің кім екенін тапты

Жаңа адамдар жолаушы қыздарға тиіскен — Желіні шулатқан таксистің кім екенін тапты

10 апреля, 2025

Топ жаңалықтар

  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Бухгалтерлік баланс, пайда мен залал туралы есеп «Сентрас Иншуранс «СК» АҚ 01.07.2026 жыл жағдайына
  • Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты
  • Жаңа адамдар Әділет партиясының Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы стратегиялық сессиясына қатысты

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.