---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/12/15/%d2%9baza%d2%9bstanda-zha%d2%a3a-rekord/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА РЕКОРД

![ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА РЕКОРД](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/12/top_10_qarasha_2025_4x5.jpg)

**«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) дерегінше, 2025 жылғы қарашада Қазақстанда 25 804 жеңіл автокөлік пен коммерциялық техника сатылды. Бұл өткен жылдың қарашасымен салыстырғанда 22,7% жоғары. Айлық сатылым бойынша бұл – рекорд, ал 2025 жыл Қазақстандағы ресми авторитейл тарихындағы ең нәтижелі жыл болмақ. Жыл басынан бері 11 айда отандық дилерлер 207 616 жаңа автокөлік өткізді (+15,6%).**

**Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті:** *«Қараша айында ресми дилерлер 25 мыңнан астам жаңа автокөлікті өткізді, және бұл ай рекордтық нәтиже көрсетті. 2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша жаңа автокөлік нарығы былтырғы жылдың толық көрсеткішінен асып түсті, әрі алда бізді белсенді сатылым кезеңіндегі тағы бір ай күтіп тұр. Уәде еткендей, дилерлер серіктестермен бірлесіп қаржыландыру құралдарының қатарын кеңейтіп, арнайы ұсыныстар мен акцияларды іске қосуда. Дәстүрлі түрде желтоқсан автокөлік сатып алу үшін ең тиімді ай саналады. Республикамыздың Тәуелсіздік күні қарсаңында серіктестеріміз бен сатып алушыларымызға сенім білдіргені және саланың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, барша қазақстандықтарды алда келе жатқан мерекемен құттықтаймын».*

Қарашада ең көп сатылған маркалар рейтингінде орын алмастыру болды: **Chevrolet** **7 777** автокөлікпен (өткен жылдың қарашасымен салыстырғанда **+76%**) көш бастап, **Hyundai** нәтижесін (**5 261**; **+37,9%**) басып озды. **Kia** дилерлері **1 990** автокөлік сатты (**+23,1%**), **Jetour** – **1 326** (**+43,7%**). Бесінші орында **Toyota** (**1 252**; **+3,4%**). Алтыншы – **Chery** (**1 123**; **-25,9%**), жетінші – **Haval** (**1 091**; **-24,9%**). Үздік ондықты **Changan** (**1 006**; **+4,1%**), **Geely** (**828**; **-15,3%**) және **Jac** (**597**; **-43,5%**) толықтырды.

Қараша айындағы ең танымал модельдер: **Chevrolet Cobalt** (**7 105**), **Hyundai Tucson** (**1 945**) және **Kia Sportage** (**1 320**). Төртінші орында – **Hyundai Mufasa** (**1 019**). Одан кейін: **Hyundai Elantra** (**907**), **Haval M6** (**641**), **Hyundai Santa Fe** (**614**), **Chevrolet Onix** (**609**), **Changan CS55 Plus** (**498**) және **Hyundai Sonata** (**487**). Үздік ондыққа енген барлық модель Қазақстанда өндірілген.

Он бір ай қорытындысы бойынша брендтер арасында **Hyundai** көш бастап тұр (**45 220**; **+19,3%**). Екінші орында – **Chevrolet** (**33 486**; **+26,5%**), үштікті **Kia** түйіндеді (**21 481**; **+1,9%**). **Jetour** төртінші орында (**13 012** кроссовер; **+55,6%**). Бесінші – **Chery** (**12 518**; **-7%**), алтыншы – **Haval** (**10 424**; **+7,8%**). Одан кейінгі орындарда: **Changan** (**10 131**; **+31,6%**), **Toyota** (**10 075**; **+2,9%**), **Geely** (**9 020**; **+24,6%**) және **Jac** (**8 787**; **-13,4%**).

**ТОП-20: 2025 ЖЫЛҒЫ ҚАРАШАДАҒЫ ЖАҢА ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ**

 
**ҚАРАША**
**ҚАҢТАР-ҚАРАША**
**2024**
**2025**
**%**
**2024**
**2025**
**%**
Chevrolet
4 418
7 777
76,0%
26 463
33 486
26,5%
Hyundai
3 815
5 261
37,9%
37 918
45 220
19,3%
Kia
1 617
1 990
23,1%
21 087
21 481
1,9%
Jetour
923
1 326
43,7%
8 360
13 012
55,6%
Toyota
1 211
1 252
3,4%
9 790
10 075
2,9%
Chery
1 515
1 123
-25,9%
13 466
12 518
-7,0%
Haval
1 452
1 091
-24,9%
9 672
10 424
7,8%
Changan
966
1 006
4,1%
7 700
10 131
31,6%
Geely
978
828
-15,3%
7 237
9 020
24,6%
Jac
1 056
597
-43,5%
10 143
8 787
-13,4%
BYD
 
453
0,0%
 
2 780
0,0%
Yutong
69
453
556,5%
1 089
1 462
34,3%
Lexus
321
318
-0,9%
3 267
2 709
-17,1%
GAZ
330
290
-12,1%
3 744
3 198
-14,6%
Lada
152
266
75,0%
902
2 569
184,8%
Tank
187
179
-4,3%
1 804
2 052
13,7%
Golden Dragon
123
158
28,5%
545
271
-50,3%
Jac Trucks
159
154
-3,1%
1 160
1 141
-1,6%
Subaru
55
138
150,9%
952
1 254
31,7%
Kaiyi
115
103
-10,4%
611
1 110
81,7%
Басқалар
1 562
1 041
-33,4%
13 714
14 916
8,8%
**Жалпы нәтиже**
**21 024**
**25 804**
22,7%
**179 624**
**207 616**
15,6%

**Анықтама:**

*«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) – «Казахстанский Автомобильный Союз» заңды тұлғалар бірлестігі – 2023 жылдың 21 шілдесінде Астанада құрылған коммерциялық емес құрылым.*

*ҚАО құрамына Қазақстандық автомобиль өндірушілер қауымдастығы; Қазақстанның автомобиль бөлшектерін өндірушілер қауымдастығы; Қоғамдық көліктер қауымдастығы; Қазақстан импорттаушылар қауымдастығы; Бизнесті және кәсіпкерлікті дамыту қауымдастығы; «QazAutoStandard» автокөлік сарапшылары мен аудиторлар қауымдастығы*

---

Жарияланды: 2025-12-15T05:39:28+06:00

Жаңартылды: 2025-12-15T05:39:28+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/12/15/%d2%9baza%d2%9bstanda-zha%d2%a3a-rekord/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.