---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/12/12/short-trekten-2026-zhyl%d2%93y-%d2%9bys%d2%9by-olimpiada%d2%93a-%d2%9batysatyn-%d2%9baza%d2%9bstan-%d2%b1ltty%d2%9b-%d2%9b%d2%b1ramasy-belgili-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Шорт-тректен 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы белгілі болды

![Шорт-тректен 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы белгілі болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/12/img_6563.jpeg)

**Олимпиада лицензиясын иеленген спортшылардың есімдері биылғы 9 қазан мен 30 қараша аралығында өткен шорт-тректен Әлемдік турдың қорытындысы бойынша анықталды. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 9 Олимпиада лицензиясын жеңіп алды.**

Бас бапкер Петр Гамидов пен ұлттық құрама бапкерлер штабының шешімімен 2026 жылғы қысқы Олимпиадада ел намысын Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев, Ольга Тихонова және Яна Хан қорғайды.

Лицензия бойынша ақпарат:

2000 м (микст) – 1 лицензия

Ерлер:

500 м – 2 лицензия  

1000 м – 1 лицензия

Әйелдер:

500 м – 2 лицензия  

1000 м – 1 лицензия  

1500 м – 2 лицензия

Айта кетейік, бұған дейін мәнерлеп сырғанаушылар Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина әлем чемпионатында олимпиадалық нормативті орындап, екі лицензия жеңіп алған еді. Осылайша, Олимпиадаға қатысатын спортшылар саны 6-ға жетіп, ел қоржынына жалпы 11 лицензия түсті.

Олимпиада жолдамаларының нақты саны 2026 жылғы қаңтардың соңында белгілі болады.

XXV қысқы Олимпия ойындары 2026 жылғы 6-22 ақпан күндері Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Оған 93 елден 3 500-ден астам спортшы қатысады.

---

Жарияланды: 2025-12-12T05:32:08+06:00

Жаңартылды: 2025-12-12T05:32:08+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/12/12/short-trekten-2026-zhyl%d2%93y-%d2%9bys%d2%9by-olimpiada%d2%93a-%d2%9batysatyn-%d2%9baza%d2%9bstan-%d2%b1ltty%d2%9b-%d2%9b%d2%b1ramasy-belgili-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.