Fix Price Астана қаласында «2025 жылдың қорытындысы бойынша үздік салық төлеуші» марапатын алды
Fix Price Group PLC (AIX: FIXP.Y; MOEX: FIXP, «Fix Price», «Компания» немесе «Топ») Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Компанияны «Сауда саласындағы жалпыға бірдей белгіленген тәртіптегі үздік салық төлеуші» номинациясында марапаттады. Бұл Қазақстан Республикасының өркендеуіне және мемлекеттік бюджетті толықтыруға қосқан үлесі, сондай-ақ салық міндеттемелерін адал орындағаны үшін берілді.
Марапатты Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Азамат Нұрлыбеков табыс етті. Марапаттауға адал салықтық әкімшілендіруді дамытуға елеулі үлес қосқан бірнеше ұйым іріктеліп алынды.
«Бұл марапат — біздің бизнесті жауапкершілікпен жүргізуге деген ұмтылысымыздың айғағы. Біз желіні дамытуды, жаңа жұмыс орындарын ашуды және тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын үнемі жақсартуды жалғастырамыз», — Алексей Ермаков, Fix Price Қазақстан директоры.
КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ
Айта кетейік, Fix Price (AIX: FIXP.Y) — әлемдегі ең ірі және Ресейдегі жетекші төмен бағалар желілерінің бірі. Компания сұранысқа ие тауарларды сатып алушыларға төмен әрі тұрақты бағамен ұсынады. Ассортименті үнемі жаңарып отырады және тұрмыстық тауарлар, жеке гигиена өнімдері мен азық-түлікті қоса алғанда, шамамен 20 санатты қамтиды.
2025 жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша Ресей мен басқа да елдерде Fix Price желісіндегі 7 464 дүкен тіркелген. Оның әрқайсысында шамамен 20 тауарлық санат бойынша өнімнің 2000 түрі ұсынылған. Fix Price өз сауда белгілерінен бөлек, жергілікті өндірушілер мен ірі брендтердің өнімдерін де ұсынады. 2025 жылдың 30 маусымында компания 13 тарату орталығын басқарып, Ресейдің 81 өңірінде және тағы 9 елдің аумағында қызмет атқарды.
2024 жылы компанияның табысы 314,9 млрд рубльді, EBITDA – 53,1 млрд рубльді, ал таза пайдасы 22,2 млрд рубльді құрады (ҚЕХС бойынша).













Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз