Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

2025 жылдың қорытындысы: қазақстандық велоспорттағы негізгі жетістіктер мен жаңа бастамалар

admin by admin
8 декабря, 2025
2025 жылдың қорытындысы: қазақстандық велоспорттағы негізгі жетістіктер мен жаңа бастамалар

Қазақстан велосипед спорт федерациясы маусым қорытындысын жасап, жылдың басты жетістіктерін, жүзеге асқан жобаларды және 2026 жылға жоспарланған даму бағыттарын таныстырды. Салтанатты іс-шара спортшыларды, жаттықтырушыларды, мемлекеттік органдар мен Федерация серіктестерін біріктірді.

Байланысты

«Әділет» партиясы Астанада екінші съезін өткізеді

Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды

«Қазақмыс» Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсетті

2025 жылы Федерация айтарлықтай ауқымды жұмыс атқарып, ел ішінде де, халықаралық аренада да жоғары нәтижелер көрсетті. Қазақстандық велоспортшылар ірі халықаралық жарыстарда барлығы 36 медаль жеңіп алды: 14 алтын, 12 күміс және 10 қола. Малайзия мен Таиландта өткен Азия чемпионаттарында трек, шоссе және пара-велоспорт бағытындағы ұлттық құрамалар бірнеше мәрте жүлдегерлер қатарынан көрініп, Қазақстанның аймақтағы позициясын нығайтты.

Жарқын жетістіктердің бірі – Бахрейнде өткен жасөспірімдер арасындағы III Азия ойындары. Қазақстанның жас спортшылары бұл жарыста 2 алтын және 1 күміс медаль еншіледі.

Қазақстан велосипед спорты федерациясының президенті, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов 2025 жылды соңғы уақыттардағы ең табысты маусымдардың бірі болғанын атап өтті.

«Бұл жетістіктер Қазақстанда болашақ чемпиондардың мықты буыны қалыптасып келе жатқанын дәлелдейді. Маунтинбайк, трек және шоссе бағыттарында жыл бойы еліміздің әр өңірінде 20 ұлттық чемпионат пен кубок жарыстары өтті. Шымкент, Қостанай, Тараз, Семей, Астана және Қонаев қалаларында өткен жарыстар ішкі күнтізбенің географиясын кеңейтіп, қатысушылар санын едәуір арттырды. Бұл — қазақстандық велоспорт тарихындағы ең қарқынды және мазмұнды маусымдардың бірі. Спортшыларымыз халықаралық аренада да жарқын әрі сенімді нәтижелер көрсетті», — деді Райтбек Баталов.

Федерация биыл да ауылдық жерлердегі спорт мектептерін қолдау бағдарламасын жалғастырды. Оған сәйкес ондаған балалар мен жасөспірімдер спорт мекемелері жаңа велосипед бөлшектерімен, спорттық формамен және оқу-жаттығу процесіне қажетті техникалық жабдықтармен толықты. Бұл бастама ауыл балаларына велоспортқа тең қолжетімділік беріп, жаңа таланттарды анықтауға және елдің спорттық инфрақұрылымын нығайтуға серпін берді.

Атқарылған жұмысқа Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев та жоғары бағасын берді.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

«Қазіргі таңда қазақстандық велоспорт серпінді дамудың жаңа кезеңінде тұр. Президент Үкіметке барлық жағдай жасап, саланы қолдауды күшейтуді тапсырды. Оның нақты нәтижесін бүгінде көріп отырмыз. Алдымызда үлкен міндеттер бар: келесі жылы Азия ойындары, одан кейін Олимпиадаға дайындық. Егер күш-жігерімізді біріктіріп, жүйелі дайындықты жалғастырсақ, жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынымызға сенімдімін. Министрлік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», — деді ол.

Салтанатты іс-шараның маңызды сәттерінің бірі — «Алтын дөңгелек» атты жыл сайынғы символикалық марапатты «Жасөспірімдер» санатындағы жылдың үздік спортшысына табыстау болды. Биылғы жүлденің иегері – 2009 жылы туған, Алматы қаласының өкілі, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Глеб Новиков.

«Мен велоспортқа кездейсоқ келдім. Аулада велосипед теуіп жүргенде, болашақ бапкерімнің жұбайы байқап қалып, секцияға барып көруді ұсынды. Содан бері осы спортпен айналысып келемін. Қазір мен — шоссе жарысы бойынша Қазақстанның үш дүркін чемпионымын, маунтинбайк бойынша елдің екі дүркін чемпионымын. Велоспортсыз өмірімді елестете алмаймын. Болашақта Олимпиада чемпионы болуды армандаймын», — деді Глеб Новиков.

Басқосу барысында әйелдер командасы UAE Team ADQ-мен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылуы ерекше назарға ие болды. Бұл бастама Қазақстандағы әйелдер велоспортының жаңа кезеңін ашып, спортшыларға халықаралық деңгейде дайындалуға, бірлескен жаттығу бағдарламаларына қатысуға және әлемнің үздік велошабандоздарымен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл серіктестік 2026 жылы Жапонияда өтетін Азия ойындарына дайындықты күшейтеді.

«Қазақстанда әйелдер велоспортының дамуына үлес қосу – мен үшін үлкен қуаныш. Бүгін біз болашақтағы жеңістерге жол ашып жатырмыз: бұл жүйелі жұмыс, жаңа халықаралық мүмкіндіктер және талантты спортшыларды қолдау. Алда жақсы нәтиже мен үлкен жетістіктер күтеді деп сенемін», — БАӘ ADQ UCI WT Әйелдер велокомандасының бас директоры Яна Зель.

Іс-шараның ең ерекше кезеңі — велоспортқа алғаш қадам жасап жүрген ең кішкентай спортшыларды марапаттау рәсімі болды. Бұл дәстүр балаларды ерте жастан спортқа баулудың, белсенді өмір салтына қызығушылық қалыптастырудың маңызын көрсетеді.

Сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы III Азия ойындарының чемпиондары да марапатталып, олардың жеңістері еліміздің дайындық жүйесінің тиімділігін және Қазақстанның халықаралық спорттық беделін күшейте түсті.

Салтанатты кештің қорытынды бөлімінде ELITE санатындағы үздік спортшылар — шоссе, трек, MTB, BMX және паравелоспорт бағыттары бойынша марапатталды. Олардың халықаралық аренадағы жетістіктері Қазақстанды қуатты және болашағы зор велоспорт елі ретінде танытуға зор үлес қосты.

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Samsung Galaxy Z TriFold-ты ұсынады: болашақ мобильді инновациялардың жаңа пішіні

Келесі жаңалық

Алматы: Ерте диагноз қою қатерлі ісікті емдеудің сәтті болуының кілтіне айналуда

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр
Категориясыз

«Әділет» партиясы Астанада екінші съезін өткізеді

8 июня, 2026
Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды
Категориясыз

Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды

8 июня, 2026
«Қазақмыс» Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсетті
Категориясыз

«Қазақмыс» Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсетті

8 июня, 2026
Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы
Категориясыз

Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы

7 июня, 2026
Кассациялық сот заңсыз жұмыстан босатылған қызметкерді қайта жұмысқа қалпына келтірді
Категориясыз

Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

6 июня, 2026
Жетісулық шаруашылықтар егістікті күтіп-баптау жұмыстарын белсенді жүргізуде
Категориясыз

Жетісулық шаруашылықтар егістікті күтіп-баптау жұмыстарын белсенді жүргізуде

5 июня, 2026
Келесі жаңалық
Алматы: Ерте диагноз қою қатерлі ісікті емдеудің сәтті болуының кілтіне айналуда

Алматы: Ерте диагноз қою қатерлі ісікті емдеудің сәтті болуының кілтіне айналуда

Жидда қаласында жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтті

Жидда қаласында жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтті

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Air Astana Алматыдан Тель-Авивке алғашқы рейсті орындады

Air Astana Алматыдан Тель-Авивке алғашқы рейсті орындады

7 сентября, 2023
Алматыда автобус апатынан 58 жастағы әйел мерт болды

Алматыда автобус апатынан 58 жастағы әйел мерт болды

1 марта, 2021
Қазақстанда «қызыл» аймақта 3 қала мен 6 облыс тұр

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар бойынша жаңа деректер жарияланды

28 декабря, 2021

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • «Әділет» партиясы Астанада екінші съезін өткізеді
  • Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды
  • «Қазақмыс» Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсетті

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.